Қазақстанның оппозициялық ұйымдары Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігі – 24 наурызды қаралы күн деп атады. Азаттық радиосы ұйымдастырған дөңгелек үстелде бас қосқан сарапшылар «Қазақстан билігі сол 100 күннің ішінде не тындырды, не істемеді» деген мәселе жөнінде пікір таластырды.
Жаңаөзен мен Шетпеде шерушілерді күшпен қуып тарату барысында, кем дегенде, 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды (ресми есеп бойынша). Оппозиция қаза болғандардың саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.
Қазақстан билігі «полицейлер өздерін және қаланың бейбіт тұрғындарын қарулы басбұзарлардан қорғау мақсатында қару қолданды» деген мәлімдеген еді. Алайда тұрғындар түсірген бейнежазбалар бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр.
АЙЫПТЫЛАРДЫ ІЗДЕУГЕ КЕТКЕН 100 КҮН
«Самұрық-Қазына» қоры жанынан құрылған әлеуметтік серіктестік орталығының директоры Нұрлан Ерімбетов «билік орындарының ашық пікірсайыстан бас тартып отырғанына» өкініш білдірді.
«Елдің ішінде немесе оның кейбір аймақтарында не болып жатқанын халыққа ашық
– Жаңаөзен қаласында тұтас қоғамның талай түйткілді проблемасын ашып берген қасіретті оқиға болды. Дәл қазір президент Назарбаев та, басқалар да өз қателіктері мен осы қасіретке ұрындырған олқылықтарды мойындап отыр, – дейді ол.
Тәуелсіз қоғамдық комиссияның белсендісі, «Жас Алаш» газетінің редакторы Рысбек Сәрсенбай оған қарсы уәж айтып:
– Жаңаөзен оқиғасын биліктің қателігі емес, мемлекеттің өз халқына қарсы жасаған қылмысы деп тануға тиіспіз, – деді.
Рысбек Сәрсенбайдың пайымдауынша, кез келген қылмыстың міндетті түрде тапсырыс берушісі мен орындаушысы болады. Ол «Жаңаөзендегі қантөгіске тапсырыс берген нақты адамның аты аталып, түсі түстеліп, жазаға тартылар ма екен?» деген сауал қойып, өзі бұған сенбейтінін айтты.
«ІШКІ ҮРЕЙ ҚАЛДЫ»
Рысбек Сәрсенбай қаза тапқандардың ресми тізіміне енбей қалуы мүмкін бірқатар жағдайларға мысал келтірді. Мысалы, оның жорамалы бойынша, 16 жастағы бала оққа ұшса, Жаңаөзен қаласының тағы бір тұрғыны дүкенге темекі алуға шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен.
Азаттық радиосының тілшісі, Жаңаөзенге екі рет барып қайтқан Қазис Тоғызбаев қаладағы қантөгістен кейінгі ахуалды үш айдан соңғы жағдаймен салыстырды.
Тоғызбаев алғаш бұл қалаға 2011 жылдың 18-19 желтоқсанында, екінші рет қанды
Оның байқауынша, алғашқы сапары кезінде Жаңаөзендегі адамдардың бойындағы қорқыныш-үрей анық сезілген, ал қазір сырт қарағанда мұндай үрей жоқ сияқты болғанымен, ішкі үрей бар.
Азаттық тілшісімен әңгімелескен қала тұрғындары биліктің «қаза тапқан әр адамның отбасына бір миллион теңге қаржы бөлеміз» деген уәдесіне көңілі толмайтындарын айтып жатты. Халық өтемақының кем дегенде он есе көп болуын талап етіп отыр.
АҚТАУДАҒЫ СОТ – 27 НАУРЫЗДА
Оппозиция белсендісі Ерлан Қалиев Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша 27 наурызда басталатын сот отырысы шынайы және ашық өтеді дегенге күмәнданды.
– Біріншіден, сот отырысы Ақтаудағы оралмандарды оңалту орталығының ғимаратында өтпек. Ол қаланың шетінде орналасқан. Залға, ары кетсе, 50 адам
Ал әлеуметтанушы Нұрлан Ерімбетов «Ақтаудағы сот отырысы Қазақстанның бүкіл құқық қорғау органдарының әділеттілігі, төрелігі мен тәуелсіздігін сын тезіне салар сынақ болмақ» деп есептейді.
– Әрине, осы сот отырысынан кейін әрқайсымыз белгілі бір саяси шешімге келмекпіз, – деді Нұрлан Ерімбетов.
Азаттық радиосы Жаңаөзен оқиғасын дөңгелек үстелде де талқылады. Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бұл тақырып жайлы сөйлесуден бас тартты.
Дөңгелек үстелдің толық аудио нұсқасын мына жерден тыңдауға болады:
Your browser doesn’t support HTML5