2 мамыр күні Жаңаөзен сотында «Өзенмұнайгаз» компаниясының өкілі Киікбай Ешмановтан жәбірленуші ретінде жауап алынды. Ал Шетпе сотында екі куәгер тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартты.
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысында түске дейін екі жәбірленушіден жауап алынды.
Соның бірі - «Өзенмұнайгаз» компаниясының өндірістік филиалының бастығы Киікбай Ешманов сотта үйінің өртеліп-тоналғанын, 41 миллион теңге (мемлекеттік комиссияның есептеуі бойынша – 10 миллион теңге – К.Е) көлемінде зардап шеккенін айтты.
«ЕКІНШІ ҚЫРҒЫЗСТАН»
- Ешмановтан: «Осында отырған айыпталушылардың арасында нақты мына кісі өртеді немесе тонады деп айта аласыз ба?» деп сұраған кезде ол «Нақты айта алмаймын, бірақ арызымнан бас тартпаймын. Бәрін сот шешеді» деп жауап берген, - деді Ерлан Қалиев.
Оның айтуынша, Ешманов желтоқсанның 16-сы күні алаңда тек мұнайшылар мен полицияның сөзбен дауласып тұрғанын ғана көргенін, сол күні отбасын көрші ауданға апарып тастап, Жаңаөзенге қайта оралған кезде үйінің өртеліп-тоналғанын көргенін айтқан. Мұнан соң жергілікті құқық қорғау органдары үйін қорғауға көшкен.
- Бүгінгі сотта сонымен бірге адвокаттардың бірі одан: «Сіз мұнайшыларға мені қызметтен кетіруді армандасаңдар да, қолдарыңнан келмейді. Керек болса, сендерге екінші Қырғызстан жасаймын» деген екенсіз. Сол рас па?» деп сұрады. Ешманов: «Мен үйтіп айтқан жоқпын. Тек бұл ереуілдің арты жақсылыққа апармайды. Ереуілден бас тартпасаңдар – екінші Қырғызстан болуы мүмкін» деп қана айттым» деп жауап берді, - деді Ерлан Қалиев.
Twitter-де шыққан ақпараттарға қарағанда Ешманов сотта «мұнайшылардың талабы заңсыз», «оппозициялық басылымдар арандатушы болды, ал дұрыс басылымдар тәртіпке бірлікке шақырды» деп те айтқан.
«ӨРЕСКЕЛ ТҮРДЕ ЗАҢ БҰЗУ»
Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгін екі адвокат - Жуаспаева мен Сәрсембина алдын-ала тергеу кезінде кеткен өрескел заңбұзушылықтарды бас прокуратураның тексеруі керек деп мәлімдеген.
Осыған байланысты судьяға өтініш түсірген адвокат Гүлнар Жуаспаева бұл фактілерге байланысты облыстық прокуратурадан еш жауап болмағанын да алға тартқан.
- Бұған дейін адвокаттар «Роза Төлеутаеваның шашы өздігінен түсті ме, әлде күшпен жұлынған ба» осыған сараптама жасау туралы сот төрағасына өтініш жасаған еді. Мұнымен қатар айыпталушы Мақсат Досмағамбетовтың ұрып-соғылғаны анықталғаннан кейін сол фактілерді прокуратура тексерсін деген ұсыныс айтқан еді. Бұл өтініштерді қанағаттандырған сот төрағасы бұл фактілердің бәрін облыстық прокуратураға жөнелтетінін айтқан болатын. Заң бойынша облыстық прокуратура бұған 10 күннің ішінде жауап беруі тиіс екен. Бірақ 18 күн болса да, адвокаттар әлі жауап алмапты, - деді Ерлан Қалиев.
Оның айтуынша, бүгінгі сотта адвокат Сәрсембина алдын-ала тергеу кезінде кеткен «өрескел заңбұзышылықтарды» айтып, соттан осы мәселені назардан тыс қалдырмауды талап еткен.
- Адвокаттың айтуынша, желтоқсанның 16-сы күні осы іске байланысты бас прокуратураның бұйрығымен тергеу тобы құрылған. Тергеушілер айыпталушылардың құқығы түгілі талай мәрте заң да бұзған. Мысалы, тергеу тобындағы жай тергеуші бірнеше қылмыстық іс қозғап, өз бетімен оларды қосқан. Ал заң бойынша оларды қосуға құқығы жоқ. Себебі қосу үшін тергеу тобы жетекшісінің рұқсаты керек. Ал тергеушілер ойларына келгенін істей берген, - деді Ерлан Қалиев.
Осы сияқты заңбұзушылықтарды санамалап берген адвокаттар бұл деректерді бас прокуратураға жөнелту туралы өтініш айтқан. Алайда сот төрағасы Аралбай Нағашыбаев: «Өтінішті міндетті түрде бас прокурорға жіберсін деген заң жоқ. Оны кімге жіберетінін өзіміз шешеміз» деп бұл мәселелерді ашық қалдырыпты.
Жаңаөзен соты түстен кейін айыпталушы Тәженовтің белгісіз себептермен келе алмауына байланысты ертеңге қалдырылды.
Қоғамдық бақылаушылар Жаңаөзен оқиғасы бойынша соттың аяқталып келе жатқанын айтады. Бұл сот наурыздың 27-де басталды.
Сотқа 37 айыпталушы, 188 жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып жатыр.
Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, 2 мамыр күні Жаңаөзен соты бойынша айыпталушы 6 адамды «Полицейлер сотына» жәбірленуші ретінде жауап алуға апарған. Ол туралы бөлек материал бүгін қосымша жарияланады.
«ЕКІ КУӘГЕР ЖАУАПТАРЫНАН БАС ТАРТТЫ»
Ал Шетпедегі оқиға бойынша өтіп жатқан сотта бүгін түске дейін екі куәгер сұралып, алдын-ала тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартқан.
- Желтоқсанның 17-сі күні видеокамераға түсірген тергеушілер «бұған екі бала да айғақ бола алады» деп екі куәгерді шақырған. Бірақ бұл екі баланың екеуі де бүгін оқиға күні олардың қастарында болмағанын, артынан тергеушілер қол қойдыртып алғанын айтты. Екі куәгер ондағы қағазбен таныспай қол қоя салған, - деді айыпталушылардың бірінің әйелі Бағила Байымбетова.
Қоғамдық комиссия өкілдерінің айтуынша, бүгінгі сотқа қатысуы тиіс Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің екі өкілі келмей, олардың жазбаша берген жауабын сотта прокурорлар оқып бере салған.
- Бір «омонның» берген жауабы оқылды. «Желтоқсанның 17-сі күні жастар теміржолға шығып, бізге тас лақтырды. От лақтырды. Сол үшін оқ атуға мәжбүр болдық» деген сөзді прокурор оқыған кезде залда отырғандар күлді. Себебі олар ол күні ешкімнің тас лақтырмағанын, ешкімнің төбелеспегенін біледі ғой, - дейді түске дейін сотқа қатысқан қоғамдық комиссия өкілі Болат Әбілов.

Адвокаттар "Роза Төлеутаеваның шашы өздігінен түсті ме, әлде күшпен жұлынды ма" деп сараптама жасау туралы сот төрағасына өтініш жасаған еді... Заң бойынша облыстық прокуратура бұған 10 күннің ішінде жауап беруі тиіс екен. Бірақ 18 күн болса да, адвокаттар әлі жауап алмапты.
- Адвокаттың айтуынша, желтоқсанның 16-сы күні осы іске байланысты бас прокуратураның бұйрығымен тергеу тобы құрылған. Тергеушілер айыпталушылардың құқығы түгілі талай мәрте заң да бұзған. Мысалы, тергеу тобындағы жай тергеуші бірнеше қылмыстық іс қозғап, өз бетімен оларды қосқан. Ал заң бойынша оларды қосуға құқығы жоқ. Себебі қосу үшін тергеу тобы жетекшісінің рұқсаты керек. Ал тергеушілер ойларына келгенін істей берген, - деді Ерлан Қалиев.
Осы сияқты заңбұзушылықтарды санамалап берген адвокаттар бұл деректерді бас прокуратураға жөнелту туралы өтініш айтқан. Алайда сот төрағасы Аралбай Нағашыбаев: «Өтінішті міндетті түрде бас прокурорға жіберсін деген заң жоқ. Оны кімге жіберетінін өзіміз шешеміз» деп бұл мәселелерді ашық қалдырыпты.
Жаңаөзен соты түстен кейін айыпталушы Тәженовтің белгісіз себептермен келе алмауына байланысты ертеңге қалдырылды.
Қоғамдық бақылаушылар Жаңаөзен оқиғасы бойынша соттың аяқталып келе жатқанын айтады. Бұл сот наурыздың 27-де басталды.
Сотқа 37 айыпталушы, 188 жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып жатыр.
Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, 2 мамыр күні Жаңаөзен соты бойынша айыпталушы 6 адамды «Полицейлер сотына» жәбірленуші ретінде жауап алуға апарған. Ол туралы бөлек материал бүгін қосымша жарияланады.
«ЕКІ КУӘГЕР ЖАУАПТАРЫНАН БАС ТАРТТЫ»
Ал Шетпедегі оқиға бойынша өтіп жатқан сотта бүгін түске дейін екі куәгер сұралып, алдын-ала тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартқан.
Екі баланың екеуі де бүгін оқиға күні олардың қастарында болмағанын, артынан тергеушілер қол қойдыртып алғанын айтты.