Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бүркеншік атпен жауап берген екі куәгер өздерін көпке жария етіп, сотта берген жауаптарынан бас тартты. Олар өздеріне қысым жасалғанын мәлімдеген.
«Жаңаөзендегі тәртіпсіздік» бойынша сот отырысы бүгін ерте аяқталды.
Сотқа қатысып жатқан азаматтардың айтуынша, осы аптаның басында бүркеншік атпен жауап берген Александр Боженко есімді куәгер сәуірдің 26-сы күні сот залына келіп, сотта жасырын атпен айтқан жауабынан бас тартатынын мәлімдеген.
«КЕШІРІМ СҰРАДЫ»
Адвокаттардың айтуынша, сейсенбі күні Александр Боженко бүркеншік атпен басқа бөлмеде жауап беріп жатқан кезде айыпталушылардың бірі оны танып қалып «Неге өтірік айтасың? Менен не жаманшылық көрдің?...» деп сұраған.
- Сол кезде Боженко шыдамай жылап жіберіп, кешірім сұраған-тұғын. Бұдан кейін айыпталушының адвокаты куәгердің ашық түрде жауап беруі туралы судьяға өтініш берген. Алайда дәл сол кезде хатшы Боженконың қашып кеткенін хабарлады. Бірақ бүгін көпке көрініп, сот залына келген Боженко сол кезде қашпағанын, ондағы милициялар «сен бізді масқара еттің» деп бөлмеден алып кеткенін, Жаңаөзендегі полиция басқармасына апарып, содан қазір келген беті екенін айтты, - дейді адвокаттардың бірі.
Адвокаттардың айтуынша, Александр Боженко алдын-ала тергеу кезінде өзіне қысым жасап жауап алынғанын айтқан. Ол – бүркеншік атпен жауап беріп, одан бас тартқан екінші куәгер.
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтың айтуынша, бұған дейін сотта «Алмас Оразбаев» деген лақап атпен жауап берген Ерлан Жайлыханов атты куәгер кеше сот залында жауабынан бас тартатынын мәлімдепті.
- Кеше түстен кейін адвокат Әлібиевтің ұсынысымен сот отырысына қосымша куә Ерлан Жайлыхановты шақыртты. Сот Әлібиевке сұрақ қоюға рұқсат етті. Адвокат: «Сіз бұған дейін осы сотта куәлік беріп пе едіңіз?» деп сұрады. Куәгер Жайлыханов: «Иә, жауап бердім» деді. Мұнан кейін адвокат: «Қашан куәлік беріп едіңіз?» деп сұрағанда, куәгер: «кеше, Алмас Оразбаев деген лақап атпен жауап бердім» деп айтты, - деді Ерлан Қалиев.
Комитет өкілінің айтуынша, бұдан кейін куәгер полицейлердің өзін «желтоқсанның 27-сі күні ұстап, ұрып-соққанын» айтқан.
- Жайлыханов полицейлердің өзін қайта-қайта ұстап, бір құжаттарға қол қоюға мәжбүрлегенін айтты. «Егер қол қоймасаң, өзіңді соттатып жібереміз» деп қорқытқанын айтты, - деді Ерлан Қалиев.
Ерлан Жайлыханов сотта бүркеншік атпен берген жауабының жалған екенін айтқан.
«ОҚ АТУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫҚ»
Шетпедегі оқиғаға қатысты болып жатқан сотта бүгін түске дейін желтоқсанның 17-сі күні Жамбыл мен Шымкенттен «ОМОН» жасағын бастап келген полицей және Маңғыстау аудандық ішкі істер басқармасының бастығы куә ретінде сұралған.
Айыпталушылардың адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетовтың айтуынша, олар «оқ ату туралы жоғарыдан бұйрық түспегенін», «көпшіліктің өміріне қауіп төнгеннен кейін оқ атуға мәжбүр болғанын» айтқан.
Ал сотқа қатысып жатқан Шетпе тұрғындарының бірі куәгер-полицейлердің айыпталушыларды негізсіз кінәлап, еш дәйексіз айыптап жатқанын алға тартады.
- Барлық жайттан хабары жоқ. Әйтеуір, балаларды кінәлай береді. Негізсіз нәрселерді айтады. «Рельстерді алып тастады», «от жақты, өртеді» дейді. Тіпті мамандардың өздері өртенбеді деп берсе, бұлар керісінше айтады. Балалар сотталсын деген ниетте тұр, - деді есімін атамаған Шетпе тұрғыны.
Нұрлыбай Ізмағамбетовтың айтуынша, бұған қоса, сол кезде жараланған адамдарды тексерген дәрігер, кездейсоқ жағдайда оқ тиіп, жараланған Шетпе тұрғындары куәгер ретінде жауап берген.
- Милициялар атқан кезде автоматтың оғы үйлеріне тиіп кеткен. Сондай екі-үш адам сұралды, - деді Нұрлыбай Ізмағамбетов.
Сотқа қатысып отырған кейбір Шетпе тұрғындары Азаттық тілшісіне оқ тиіп жараланған бұл азаматтардың әлі күнге дейін жәбірленуші ретінде сұралмай отырғандығын айтады.
- Сырттан келіп оқ тиген бұларға. Бірақ оған жауап беретін адам жоқ, - деді тұрғындардың бірі.
Сотқа қатысып жатқан азаматтардың айтуынша, осы аптаның басында бүркеншік атпен жауап берген Александр Боженко есімді куәгер сәуірдің 26-сы күні сот залына келіп, сотта жасырын атпен айтқан жауабынан бас тартатынын мәлімдеген.
«КЕШІРІМ СҰРАДЫ»
Адвокаттардың айтуынша, сейсенбі күні Александр Боженко бүркеншік атпен басқа бөлмеде жауап беріп жатқан кезде айыпталушылардың бірі оны танып қалып «Неге өтірік айтасың? Менен не жаманшылық көрдің?...» деп сұраған.
- Сол кезде Боженко шыдамай жылап жіберіп, кешірім сұраған-тұғын. Бұдан кейін айыпталушының адвокаты куәгердің ашық түрде жауап беруі туралы судьяға өтініш берген. Алайда дәл сол кезде хатшы Боженконың қашып кеткенін хабарлады. Бірақ бүгін көпке көрініп, сот залына келген Боженко сол кезде қашпағанын, ондағы милициялар «сен бізді масқара еттің» деп бөлмеден алып кеткенін, Жаңаөзендегі полиция басқармасына апарып, содан қазір келген беті екенін айтты, - дейді адвокаттардың бірі.
Адвокаттардың айтуынша, Александр Боженко алдын-ала тергеу кезінде өзіне қысым жасап жауап алынғанын айтқан. Ол – бүркеншік атпен жауап беріп, одан бас тартқан екінші куәгер.
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтың айтуынша, бұған дейін сотта «Алмас Оразбаев» деген лақап атпен жауап берген Ерлан Жайлыханов атты куәгер кеше сот залында жауабынан бас тартатынын мәлімдепті.
- Кеше түстен кейін адвокат Әлібиевтің ұсынысымен сот отырысына қосымша куә Ерлан Жайлыхановты шақыртты. Сот Әлібиевке сұрақ қоюға рұқсат етті. Адвокат: «Сіз бұған дейін осы сотта куәлік беріп пе едіңіз?» деп сұрады. Куәгер Жайлыханов: «Иә, жауап бердім» деді. Мұнан кейін адвокат: «Қашан куәлік беріп едіңіз?» деп сұрағанда, куәгер: «кеше, Алмас Оразбаев деген лақап атпен жауап бердім» деп айтты, - деді Ерлан Қалиев.
Комитет өкілінің айтуынша, бұдан кейін куәгер полицейлердің өзін «желтоқсанның 27-сі күні ұстап, ұрып-соққанын» айтқан.
- Жайлыханов полицейлердің өзін қайта-қайта ұстап, бір құжаттарға қол қоюға мәжбүрлегенін айтты. «Егер қол қоймасаң, өзіңді соттатып жібереміз» деп қорқытқанын айтты, - деді Ерлан Қалиев.
Ерлан Жайлыханов сотта бүркеншік атпен берген жауабының жалған екенін айтқан.
«ОҚ АТУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫҚ»
Шетпедегі оқиғаға қатысты болып жатқан сотта бүгін түске дейін желтоқсанның 17-сі күні Жамбыл мен Шымкенттен «ОМОН» жасағын бастап келген полицей және Маңғыстау аудандық ішкі істер басқармасының бастығы куә ретінде сұралған.
Айыпталушылардың адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетовтың айтуынша, олар «оқ ату туралы жоғарыдан бұйрық түспегенін», «көпшіліктің өміріне қауіп төнгеннен кейін оқ атуға мәжбүр болғанын» айтқан.
Ал сотқа қатысып жатқан Шетпе тұрғындарының бірі куәгер-полицейлердің айыпталушыларды негізсіз кінәлап, еш дәйексіз айыптап жатқанын алға тартады.
«Рельстерді алып тастады», «от жақты, өртеді» дейді. Тіпті мамандардың өздері өртенбеді деп берсе, бұлар керісінше айтады. Балалар сотталсын деген ниетте тұр.