27 наурыздағы 130-шы туған күні қарсаңында ғасырдан да ұлы қарағандылық Сахан әженің даңқы жер жарды. Ол кісі туралы ақпаратпен бірге біздің www.azattyq.org веб-сайтындағы фотосуреттерінің де қазақстандық және британдық газеттерде көшіп жүргенін көресіз.
«Қазақстанда, яғни бұрынғы советтік республикада, 130 жасар әйел адам өмір сүреді. Бұл керемет халық санағы кезінде ақпанның соңына таяу анықталды. Ол кісінің әлемдегі ең кәрі әйелдердің бірі екеніне күмән жоқ. Бұл әйел, Сахан Досова, 1879 жылы 27 наурызда дүниеге келген, қазір Қарағандыда тұрады». ANSA агенттігінің осы ақпаратын наурыздың басында италияндық масс-медиа жапа-тармағай таратты.
Ал, жақын күндері Қазақстандағы ұзақ ғұмыр иесінің фотосуреттері the Sun британдық таблоид беттерінде пайда болды. «Он бала туған осынау ғажайып ана жұма күні өзінің 130-шы туған күнін атап өтпек. Қазіргі есеп бойынша жайдарлы Сахан Досова өзіне жетеқабыл бәсекелесінен 16 жасқа үлкендігімен бүгінгінің ең кәрі адамы болып тұр», – деп жазады басылым.
Репортажда айтылғандай, оның 1926 жылы жүргізілген бірінші сталиндік санақ мәліметінде кездесетіні жөніндегі ақпарат демографтарды керемет таңдандырды. Ол уақытта жасы 47-де болған.
Британдық оқырмандар жарияланымнан Саханның ешқашан дәрігерге көрінбегенін, кәмпит жемегенін, сүзбені ұнататынын, ұзақ жасауының себебін өзіне тән әзілкештігінен көретінін біле алады. 1879 жылдың 27 наурызы деген уақыт советтік үлгідегі паспортында да, тәуелсіз Қазақстанның жеке куәлігінде де көрсетілген.
the Sun газеті өз материалын Сахан Досованың және жеке куәлігінің фотосуреттерімен көркемдейді. Ал, бұл суреттер алғаш біздің Азаттық радиосының веб-сайтында жарияланған болатын. Ол фотосуреттер біздің жарияланымда қарағандылық тілшіміз Саят Серіктің бейнежазбасынан стоп-кадр тәсілімен алынған еді.
Сахан Досованың сол фотосуретін біз алматылық "Жас Алаш" газетінен де, біздің рұқсатымызсыз және www.azattyq.org веб-сайтына сілтеме жасамастан бірінен бірі көшіріп басқан өзге де бірқатар қазақстандық басылымдардан байқадық.
Сахан Досованың фотосуретінің бас жағына жазба орналастырған еркіндеу британдық the Sun газетінің өзіндік әзілі еріксіз езуге күлкі үйіреді. Ол жазба қазақшаға аударғанда "Сіз 129 жастан бір күн де аспаған сияқтысыз" дегенді білдіреді.
Өз денсаулығы туралы әңгімелеген Сахан әже ұзақ өмір сүруінің айрықша бір құпиясы жоқтығын айтады: «Мен өмірімде дәрі ішіп көрген жоқпын, сырқаттанған кезде әжемнің емдік құралдарын пайдаланатынмын. Ешқашан кәмпит жеген емеспін, оны жақтырмаймын. Бірақ мен құртты, тұздалып кептірілген сүзбені және ұнтақталған тары — талқанды жақсы көрем».
42 жасар немересі Гаухар Қаниева Сахан әжені өте көңілді жан санайды. «Біздің ойымызша әжеміз үнемі көңіл- күйі көтеріңкі болып, күліп жүретіндігінен ұзақ жасап келе жатыр», – дейді Гаухар.
Қарағанды облыстық статистикалық бюроның әлеуметтік-демографиялық бөлімінің жетекшісі Нәйлә Досаева әженің жасы туралы мәліметтердің шынайылығына шүбәсіз. Ал, бас мемлекеттік статистик Людмила Колесова бұл деректің тексеріліп жатқанын мәлімдеді.
«Сахан Англияда Виктория патшайым билігінің жалғасуына әлі 22 жылы бар кезде және Сталин мен Эйнштейн туылған жылы дүниеге келген», – деп жазады the Sun. Екі рет тұрмыс құрған әйелдің екінші күйеуі Екінші дүниежүзілік соғыс уағындағы Сталинград шайқасында опат болған. Балаларының үшеуі ғана күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.
Алайда, жарияланым авторы ескерткендей, ресми түрде әлемдегі ең кәрі адам болып америкалық 114 жасар Эдна Паркер танылған.
Бүгінде ұзақ ғұмыр иесі немересі және оның келін-балаларымен бірге аядай пәтерде тұрып жатыр. Ал, көңіл- күйі жаман емес, тек құлақтың нашар еститіні болмаса. Айтпақшы, жер шарындағы ең кәрі әйелдің баспаналық мәселесі жайында жуырда ғана біздің Азаттық радиосы да әңгімелеген.