Несиесін төлеуге мүмкіндігі жоқ Бақыт Тілесбаеваны пәтерден күштеп шығару туралы банктің шағымы бойынша өтуі тиіс сот отырысы бұл жолы өтпей қалды, банк несие борышкерінің үйін соттың шешімін күтпей-ақ оның сыртынан сатып жіберген.
Сот болады деп келген адамдардың арасында ипотекаға үй алып, қарызын төлей алмай қиналып жүрген, жалғызбасты анаға тілеулес ата-аналар да бар. Олар сот отырыстарының өздері сияқты ипотека дауына іліккен адамдардың бірде-біреуінің пайдасына шешілмегенін айтып, ащы өкпелерін білдіріп жатты.
Жауапкер Бақыт Тілесбаеваның айтуынша, ол 2007 жылдың жазында АТФ банктен жылдық 13,5 пайыздық көрсеткішпен 15 жылға 180 мың доллар көлемінде қарыз алыпты. Бір жылдан соң оның табыс мөлшері азайып, айына 2300 доллар төлеуге шамасы жетпей қалады. Тығырыққа тірелген жалғызбасты ана банктен несие төлемін бір жылға дейін тоқтатуға өтініш береді. Алайда банк 1 жыл емес, тек 3-ақ ай мерзім берді дейді ол.
Енді банк менен үйды босатуды талап етіп отыр. Менде одан басқа баспана жоқ. Менің кәмелетке толмаған екі балам бар. Үлкен қызым 12 жаста. Кіші ұлым небәрі 2 жаста. Менің табысымның тоқтап қалғанын банкке өткен жылы түсіндірдім. Мен төлемеймін деп тұрғам жоқ. Төлеймін деп айттым. Жарты жылда ипотеканың өтемақысы өсіп кетті, - деді Бақыт Тілесбаева.
Оның айтуынша, банк басшылығы бұған дейін оның өтінішін қарастыруға уәде беріпті де. Бірақ біраз уақыт өткен соң ол уәдесінен айныды дейді ол.
- Банктің мені сотқа бергенін осы жылдың ақпан айында ғана білдім. Менің мүлкімнің сатылымға түсіп кеткенін де сол кезде білдім. Банк маған бұл жайлы мүлде ескертпей, заңды бұзып отыр. Сөйте отырып, олар отбасымызды жалғыз баспанамыздан айырмақшы.
Ал сот отырысына АТФ банк тарапынан келген заңгер Азаджан Құрбансупиев аталмыш сұрақтарға жауап беруге өкілеттігі жоқ екенін айтып, тек төмендегідей жауаппен шектелді:
-Келісімшартқа сәйкес, Бақыт Тілесбаеваның пәтері енді оныкі емес, банктің мүлігі болып есептеледі. Біз оған ескерту қағазын жібердік. Біз оған ақша бердік. Қарыз алушы оны жоққа шығармайды. Қамқорлыққа алу бөлімдерін іске тартамыз, - деді.
Ал Бақыт Тілесбаеваны сотта қорғаушы Динара Бітімбаева банктің заң бұзушылықтарға жол беріп отырғанын айтады:
- Әу-бастан ақ, банк соттың шешімінсіз пәтерді саудаға салды. Жауапкерге бұл туралы мүлде ескертілмеді. Мұнымен қатар қамқорлыққа алу бөлімінен де келісім сұралған жоқ. Себебі, жауапкер кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отыр, - деді.
Естеріңізде болса, өткен жылдың қазан айында «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының жүзге жуық өкілдері АТФ банктің ғимаратының алдында несие мерзімін бір жылға созуды талап етіп, наразылық шарасын ұйымдастырған болатын. Сонда банктің атқарушы директоры Шухрат Садыров несие төлеушілерге 6 айға мораторий жариялағандығын мәлімдеп, осы уақыт аралығында несиелерінің өтемақысы өспейді деп уәде берген еді.
Ал ипотекалық несие төлеушілер болса, банктің бұл уәдесі құр сөз болып қалғанын айтады.