Киев Майданында шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстар кезінде 18 адам қаза болды. Елдің батысында үкіметке наразылар билік кеңселеріне шабуылдағаны туралы хабарланды.
Украинада үш айға созылған саяси дағдарыс сейсенбі күні шырқау шегіне жетті.
Ақпанның 18-і күні билік Майданда тұрған шерушілерге алаңды сағат 18.00-ге дейін босату туралы талап қойып, аталған мерзімнен соң "тәртіп орнату үшін барлық заңды шараларды қолданатынын" ескерткен еді. Белгіленген уақыт өткен соң алаңды демонстранттардан босату үшін көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқпен атқан полицияға шерушілер қарсылық көрсетіп, оның соңы екі жақтан да адам шығынын тудырған қақтығыстарға ұласты.
Телеарналар алаңда демонстранттар тіккен шатырлар жанып, шерушілер штабы
орналасқан кәсіподақ үйінің бірнеше қабаты жанып жатқанын көрсетті. Үкімет Киевке сырттан келушілерге шектеу қойып, қалада метро қозғалысы тоқтатылды.
Украина ішкі істер министрлігі қақтығыстар салдарынан 184 полиция қызметкері жараланғаны, олардың 35-і ауыр халде екенін хабарлады. Қала билігі шерушілерден 200-ден астам адамның жарақат алғанын мәлімдеді.
Өткен түнде президент Виктор Януковичпен оппозиция жетекшілері Виталий Кличко және Арсений Яценюк кездескен. "Бірақ Янукович полицияның арнайы жасағын Майданнан әкету туралы оппозицияның қойған талабын орындаудан бас тартты" деп мәлімдеді Кличко.
Украинаның батыс аймақтарында, соның ішінде Львов, Ивано-Франковск және Тернопольде үкіметке наразылар билік ғимараттары мен полиция кеңселеріне шабуыл жасағаны туралы хабарланды.
КИЕВТІҢ КҮШ ҚОЛДАНУЫН АЙЫПТАУ
Сейсенбіде АҚШ вице-президенті Джо Байденнің президент Януковичті күш қолдануды дереу тоқтатып, жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін оппозициямен келіссөздер өткізуге шақырғаны туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни хабарлады.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Януковичті "дағдарыстың түпкі себептерін жоюға" шақырды.
Украинадағы жағдайға қатысты халықаралық Freedom House ұйымы алаңдаушылық білдіріп, Украина билігінің шерушілерге күш қолданғанын айыптады.
"Жағдайдың бұлайша өрбуі Виктор Януковичтің демонстранттардың үш ай бойы Еуропамен жақындасуды талап етуінен туындаған дағдарысты шиеленістірмек
болғанын көрсетеді" делінген ұйым таратқан мәлімдемесінде.
"Заңды, демократияшыл басшылар биліктің ашық болуын талап еткен шерушілерге арнайы полиция жасағын шабуылдатып қоймайды. Янукович легитимдігін жоғалтты. АҚШ пен Еуропа Одағы дереу оны күш қолдануды тоқтатуға шақыруы тиіс. АҚШ пен Еуропа Одағы бұл елдегі саяси өзгерістерді жеделдету үшін қаржылық санкциялар салғаны жөн" деді Freedom House президенті Дэвид Крамер.
Украинаның ең бай азаматы, миллиардер, әрі президент Виктор Януковичтің жақтастарының бірі Ринат Ахметов Киевтегі қантөгісті тоқтатуға шақырды. Қақтығыстар басталғаннан кейін таратқан мәлімдемесінде Ахметов "бейбіт азаматтарға қарсы күш қолдануды ешқандай жағдайда да ақтап алуға болмайды" деді.
"Қандай жағдайда да бейбіт тұрғындар зардап шекпеуі тиіс. Бұл биліктің де, оппозицияның да, басты қарсыласушы күштердің негізгі міндеті болуы тиіс. Қақтығыстарда шерушілер мен полицияның қаза тауып, жаралануы саяси тұрғыда жіберілмеуі тиіс қателік болды" деген Ахметов.
Украинада билікке қарсы наразылық былтыр қарашада ел үкіметі Еуропа Одағымен сауда-экономикалық әріптестік орнату туралы келісімнен бас тартқан соң басталған еді.