Бір ажалдан қалған Дмитрий Булатовтың айтуынша, оны қаңтардың 22-сі күні біреулер ұстап әкетіп, сегіз тәулік бойы көзін байлап, қараңғы түнекте ұстаған. Ұрып-соғып, құлағын кесіп, тырнағын жұлып азаптаған. Кейін «ит-құсқа жем болсын, аязда үсіп өлсін» деп орманға тастап кеткен.
«ОРЫСША АКЦЕНТ»
«Еуромайданды» көліктер шеруі арқылы қолдайтын «Автомайдан» қозғалысы жетекшілерінің бірі саналатын Булатов азаптаушыларының бет-жүзін көре алмаған, бірақ дауыстарын естіген. Оның айтуынша, олар орысша акцентпен сөйлеген.
Осы оқиға Украинадағы наразылар арасында «ресейліктер Украинаның қауіпсіздік күштеріне астыртын көмек беріп отыр» деген күдікті одан сайын қоюлатып жіберді. Виктор Янукович үкіметі екі айға ұласқан наразылықты басу үшін шерушілерге күш қолдана бастағаны белгілі.
«АЙҒАҚ ЖЕТКІЛІКСІЗ»
Украин шерушілерінің айтуынша, олар «Беркут» арнайы полиция сарбаздарының Ресей рублін Украинаның гривнасына ауыстырып жатқанын және украинша акцентсіз "таза орысша" сөйлегендерін көрген.
Оппозиция жетекшісі Арсений Яценюк «Демонстранттар мен журналистерді ұрлап әкетіп, азаптау, тіпті өлтіру оқиғаларының жиілеуі Латын Америкасында «ажал жендеттері» аталып кеткен қорқытып-үркіту әдісінің қолданылып жатқанын айғақтайды» дейді.
Киевке ықпалын күшейтуге бар күшін салып жатқан Мәскеудің әрекеттерін бақылап отырған украиндар «Еуромайдан» акциясын таратуды көздейтін ресейлік күштердің бар екеніне сенеді. Оның үстіне, Ресей Украинаның Еуропаға жақындасуына тосқауыл қою үшін 15 миллиард долларлық келісім-шартты ұсынып отыр.
Дегенмен журналист әрі қауіпсіздік саласының маманы Андрей Солдатовтың айтуынша, «орыстілділер өте көп тұратын Украинада кісі ұрлау және азаптау оқиғаларының артында Ресей тұр деу – асығыстық».
- [Украинада] орысша акцентпен сөйлейтіндер өте көп, олардың арасында орыстар, беларусьтер және украиндар бар. Бұл үрейдің қалай пайда болғанын білемін және Украинада Ресейден келген топтар мен жеке адамдар әрекет етіп жатыр деген қаңқу сөз шыққалы да біраз болды. Бірақ әзірге мұны дәлелдейтін нақты айғақтар жеткіліксіз, - дейді Солдатов.
«ТЫҢШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ»
Алайда Украинадағы белсенділерге жасалған шабуылдарға Ресейдің қатысы бар екенін байқататын жайттар көбейіп келеді.
Қаңтардың 31-і күні Татарстанның екі журналисі өздерін таза орысша сөйлейтін біреулердің ұстап алып, мемлекеттік нөмірі жоқ қара көлікке отырғызып, Киевтің сыртындағы бір пәтерге алып келіп азаптағандарын айтты.
Тілші Никита Перфилевтің бірнеше тісі сынса, оператор Антон Захаровтың оң жақ беті көгерген.
Қаңтардың 22-сі күні белсенділер Игорь Луценко мен Юрий Вербицкий соққыға жығылды. Ес-түссіз орманда қалған Вербицкий қаза тапса, аман қалған Луценко өздерін азаптаған адамдардың орысша акцентпен украин тілінде сөйлегенін, әрі олардың Украинадағы оқиғалардан мүлде бейхабар екенін айтты.
Кейбір сарапшылардың айтуынша, Украина үкіметі Ресейдің қауіпсіздік құрылымдарының қысымына төтеп бере алмаған, сондықтан қазір Мәскеудің барлаушы топтары Украина аумағында емін-еркін жүр.
Украиналық "Day" газетінде тілші Юрий Райхель «Үкімет Украинаның қауіпсіздік қызметін, соның ішінде әсіресе тыңшылыққа қарсы күрес бөлімін күшейтуге құлықсыз. Соның кесірінен Украина шетелдің барлау қызметі үшін жұмаққа айналды» деп жазады.
«РЕСЕЙЛІК КЕҢЕСШІЛЕР»
Украиналық саяси сарапшы Тараз Березовецтің айтуынша, қарашаның соңында «Еуромайдан» акциялары бастала салысымен Ресей өзінің қауіпсіздік күштерінің бірнеше өкілін Украинаға жіберген.
- Ресей барлау қызметінің біраз өкілі Киевте жүр, олардың арасында Ресей қорғаныс министрлігінің бас барлау бөлімі мен федералдық барлау қызметінің адамдары бар. Олардың басты функциясы – агент ретінде жұмыс істеу және Украинаның қауіпсіздік және әскери құрылымдарымен бірлесе әрекет ету. Олар бейбіт наразалық шараларын қалай қуып тарату жөнінде ақыл айтып отыруы да ғажап емес, себебі Ресей бұл әдісті жақсы меңгерген, - дейді сарапшы.
Кейбіреулер «Ресей жендеттері» туралы өсек шешен соғысы кезінде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі «террорға қарсы бөлім» деп құрып, бірақ көбіне адам құқықтарын қорғаушылар мен журналистерге астыртын шабуыл жасаған жасақтарды еске түсіреді» дейді.
«ГОНГАДЗЕ ІСІНЕ ҰҚСАЙДЫ»
Булатов пен Вербицкийлерді ұрлап алып кеткендердің әрекеті 2000 жылы журналист Георгий Гонгадзені өлтіргендердің іс-қимылына қатты ұқсайды. Билік басындағылардың жемқорлық әрекеттері жайлы әшкерелеуші материалдар жазған оны әлдекімдер алып кетіп, ұрып-соғып, атып өлтіріп, басын кесіп, денесін Киевтің маңындағы орманға тастап кеткен еді.
Жұрттың көбі «Гонгадзені сол кездегі президент Леонид Кучма өлтіртті» деп санайды. Бір аудиотаспада Кучманікіне ұқсайтын дауыс әлдекімнің көзін жоюға тапсырма беріп жатады. Одан бері 14 жыл өтті.
Украина оппозициясының жетекшілерінің бірі Александр Турчинов «Янукович үкіметі сол дәстүрді жалғастырып келеді» дейді. Оның айтуынша, үкімет «Беркут» арнайы жасағы сияқты заңды органдарды қылмыстық топтармен бірге пайдаланып отыр.
Қылмыстық топтар Ресейден келіп жатыр деген пікірді қолдамайтындар да бар. Мәселен, Березовецтің айтуынша, «Украинадағы кейбір топтар қоғамның Мәскеуге деген жеккөрінішін өз мақсаттарына пайдаланып, «Еуромайдан» көтерілісшілерін сендіру үшін кісі ұрлаушыларды әдейі орыс бейнесінде көрсетіп отыр».
- Кісі ұрлаушылар орыс емес, украиндар сияқты, мұны істеп отырған Украина қауіпсіздік күштері, мүмкін «Беркут» жасақтары болар. Олар жұртты әдейі шатастыру үшін осылай істеп отырған шығар, - дейді сарапшы.
Ал украиндардың көбі бұл әрекеттерді Ресейден көреді.
Сочи олимпиадасына бара жатқан украин спортшыларына арналған жаңа постерде «Еуромайдан» шерушілері оларды «Ресейдің қолымен жасалып отырған зұлымдыққа төтеп беруге» шақырады. Онда «Сіздер украиналық бейбіт көтерілісшілерді өлтіруге тапсырыс беріп отырған елге сапар шегіп барасыздар» деп жазылған.
(Клэр Бигг пен Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)