Қырғызстанның екі ірі қаласы – Бішкек пен Ошта қаңтардың 15-і күні әкім сайлауы өтеді. Ел астанасында бір ғана үміткер бақ сынаса, мазасыз қала – Ошта сайлау додасының көрігі енді қызып келеді.
Ош қаласының бұрынғы әкімі, 44 жастағы Мелис Мырзакматов әкім сайлауына кандидат ретінде тіркелді.
ҮКІМЕТКЕ ҚАРСЫ КАНДИДАТ
2010 жылғы қақтығыстар кезінде Ош қаласын басқарған Мырзакматов үкіметке қарсы наразылық шараларына қатысқаны үшін өткен айда ғана қызметінен босатылған еді. Содан кейін қалалық кеңестегі оның партиялық коалициясы оппозициялық әрі азшылық топқа айналып шыға келді. Қырғызстан заңдары бойынша қала әкімін 45 адамнан тұратын қалалық кеңес депутаттары сайлайды. Соған қарамастан, Мырзакматов сайлауға түспек.
Қырғызстанның ең ірі қалалары – Бішкек пен Ош қаласындағы әкім сайлауына кандидат тіркеу қаңтардың 8-і күні аяқталды. Бішкектің бұрынғы әкімі – Иса Омуркулов «жемқорлық жасады» деген айыптаулардан соң өткен айда орнынан кеткен. Қырғыз астанасы әкімдігіне тек Кубанычбек Кулматовтың кандидатурасы ұсынылды.
Ал Оштағы сайлау өте тартысты өтетін түрі бар, мұнда екі кандидаттың арасында қызу бәсеке болатыны айқын. Олар – Мелис Мырзакматов пен Ош облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Айтмамат Кадырбаев. Ресейде білім алған кандидаттар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін дәлелдеді. Тіркелген үш кандидат та қырғыз тілінен емтихан тапсырып, сайлауға жіберілді. Қырғызстанда тіл емтиханын тапсыру талабы 2011 жылы енгізілген.
ҚАЛАЛЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ИТЖЫҒЫС
47 жастағы Кадырбаевтың кандидатурасын қаңтардың 6-сы күні «Замандаш» партиясы ұсынған, бұл шешімді қалалық кеңестегі көпшілік коалиция жақтады.
Ол коалицияның құрамына «Ата-Мекен», «Республика», «Әділетті Қырғызстан» және президент Алмазбек Атамбаевтың Социал-демократиялық партиясы кіреді. Бұл коалиция 45 орыннан тұратын қалалық кеңесте 23 дауысты иеленіп отыр. Ал қалған 22 депутат - Мырзакматов басқаратын «Ұлттар бірлігі» партиясының өкілдері.
Бұрынғы әкімнің қайта сайлануын Халықтық демократиялық партия да қуаттап отыр.
Бұл сайлауда бір дауыстың өзі шешуші рөл атқаратын түрі бар. Себебі, қала әкімі болып сайлану үшін кандидат сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алуы керек. Ал әкімдерді таңдайтын қалалық кеңес депутаттары жалпыхалықтық сайлау кезінде сайланған.
Президент Атамбаев Ош тұрғындарына ұнайтын, бірақ Бішкектің дегеніне көне бермейтін тік мінезді, тәуелсіз Мырзакматовты ығыстыруды қалайды.
«Әділетті Қырғызстан» фракциясының басшысы, депутат Абдуахап Нурбаевтың айтуынша, әкімдік қызметке Кадырбаев лайықты кандидат:
- Қаланың проблемаларын жақсы біледі. Әлеуметтік мәселелерге көп көңіл болып, соларды шешуге күш саламын деп уәде берді. Бірақ ең бастысы – ол депутаттармен қоян-қолтық жұмыс істемек. Бұл біздің қолайымызға жақты. Әкім – тек атқарушы биліктің басшысы, ал оның міндеті – қалалық кеңестің шешімдерін жүзеге асыру, - дейді депутат.
ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫН БАСЫП АЛУҒА ҚАТЫСҚАН ҮМІТКЕР
Бір жағынан биліктің кандидат ретінде Кадырбаевты ұсынуы көпшілікті таңғалдырды. Ош облысының Кара-Суу ауданында туған ол да Мырзакматов сияқты оңтүстік кланның өкілі әрі биліктен тайдырылған Құрманбек Бакиев режимімен тығыз байланыста болған адам саналады.
Кадырбаев революциядан соң билікке келген Роза Отунбаеваны сынағандардың қатарында болды, әрі 2010 жылдың мамыр айындағы Бакиев жақтастарының Оштағы облыс әкімдігі ғимаратын басып алу шарасына да қатысқан.
Отунбаева әкімшілігінде іс басқарушы қызметін атқарған қазіргі "Айкол Ел" партиясының басшысы Еділ Байсаловтың айтуынша, «Кадырбаев солтүстік пен оңтүстіктің арасында көпір рөлін атқара алатын тұлға емес».
- 2010 жылы мамыр айында уақытша үкіметке қарсы шыққан, аймақтық әкімшілік ғимаратын қарумен басып алу шарасына тікелей қатысты болуы мүмкін адамды биліктің сайлауға үміткер ретінде ұсынуы басшылықтың бет-бейнесін айқын көрсетеді. Заңды сұрақ мынау: бүкіл елді айтпаған күнде, Ош қаласының өзінен қалалық әкімшілікті басқаратын басқа ешбір адамның табылмағаны ма? - дейді Байсалов.
ЖАҢА ЗАҢ - ЖАҢА САЙЛАУ
Жаңа сайлау заңы қабылданғалы Бішкек және Ош қалалары әкімдіктері тұңғыш рет өз кандидаттарын ұсынып отыр. Осы жаңа заң шеңберінде келесі аптада алғаш рет сайлау өтпек. Бұрын қала әкімі қызметіне кандидатты президент ұсынатын да, қалалық кеңестер оның шешімін бекітетін.
Президент Атамбаев өткен айда қол қойған жаңа сайлау заңы елдің ең ірі екі қаласындағы сайлауды бұрынғыға қарағанда демократиялық үлгіде өткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа заң бойынша премьер-министр де екі қаланың әкімдігіне өз үміткерлерін ұсына алады. Алайда Мырзакматовты биліктен кетірген қазіргі премьер Жанторо Сатыбалдиев өзіне берілген бұл мүмкіндікті пайдаланбады.
Дегенмен Сатыбалдиев желтоқсанның соңында Ошқа арнайы келіп, сайлауды ел ішінде бүлік салу мақсатына пайдаланудың жақсылық әкелмейтінін ескертіп кетті.
БЕЛАРУСЬ ГАЗЕТІ ТАРАТҚАН «ӨСЕК»
Бұрынғы президент Бакиев Беларусьқа барып бас сауғалағаны мәлім. Осы елде шығатын бір газет кандидаттарды тіркеудің соңғы күні, яғни қаңтардың 8-інде Ош қаласында көтеріліс болуы мүмкін деген әлдекімнің болжамын жариялаған. Содан бері ел ішінде бүлік болады деген өсек-аяң тарап кетті.
Мырзакматовқа «жалдамалы адамдардың көмегімен бүлік ұйымдастырды» және «2010 жылы маусым айында өзбек-қырғыз қақтығысының алдын ала алмады» деген айыптар тағылып, әкімдік қызметінен босатылған еді. Бірақ ол айыптың бәрін жоққа шығарып отыр.
Азаттық радиосына берген сұхбатында ол «сайлауда жеңілсем, жеңілісті мойындаймын» деді.
- Мен халықты ешқашан көшеге шығуға үгіттеген емеспін. Олар өздері жиналды. Қазіргі басшылардан айырмашылығым – мен ешқашан оларға ақша төлеген емеспін. Қолдаушыларым, партиялас әріптестерім әрдайым өз ықтиярларымен, өз көзқарастары бойынша әрекет етеді, - дейді Мырзакматов.
(Дейси Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)