2004 жылы қайтыс болған Палестина басшысы Ясир Арафатты «улап өлтірген» деген ақпарат тарады. Арафаттың жесірі «швейцариялық сот сараптамасы Палестина көсемінің удан өлгенін көрсетті» деп мәлімдеді.
Ұмыт бола бастаған полоний туралы әңгіме жуықта қайта шықты. «Таптырмас у» аталып кеткен осы бір радиоактивті зат туралы не білеміз?
ПОЛОНИЙ ДЕГЕН НЕ?
Полоний – уран құрамынан табылған металл, оның Polonium-210 деген изотобы аса радиоактивті әрі плюс альфа бөлшектерімен зарядталған.
Адам денесінен тыс тұрған плутоний қауіпті емес, себебі оның альфа бөлшектері бірер сантиметрден артық жайылмайды, әрі ол адам терісінен өте алмайды.
Егер плутонийдің кішкентай бөлігінің өзі асқазанға түссе, ішкі органдарды бүлдіріп, адам одан өледі.
Осы сөйлемнің соңына қойылған нүктедей ғана полонийде адамды өлтіретін мөлшерден 3 мың 400 есе күшті у болады.
Оны 19-ғасырдың соңында француз ғалымы Мари Кюри ашқан. Кюридің туған жері – Польшаның (латын тілінде - Polonia) құрметіне химиялық элементке «полоний» деген ат берілген.
НЕГЕ ОНЫ «ТАПТЫРМАС У» АТАҒАН?
СССР КГБ-сының бұрынғы офицері, "қырғиқабақ соғыс" кезінде Британияның да барлау қызметіне жұмыс істеген Олег Гордиевскийдің айтуынша, «полоний - қастандықпен кісі өлтіруге ең оңтайлы құрал».
- Полоний – таптырмайтын у, себебі ол адамды сеспей қатырады. Оны пайдаланған адам мақсатына жететініне 100 пайыз сенімді болады, - дейді ол.
Полоний күшті у ғана емес, дәрігерлерге ағзаның полонийдан уланғанын анықтау, оны мәйіттен табу да өте қиын. Ол үшін арнайы сараптама жүргізу керек. Қиындық тудыратын және бір нәрсе – оның сиптомдары күші әлсіздеу улардың симптомдарына ұқсас. Шаштың түсуі сияқты алғашқы белгілері - таллий, тышқан уы сияқты уларға да тән.
Полонийдің басқа қарапайым уларға ұқсас болуына байланысты тергеушілер қастандық жасаған кісіні басқа жақтан іздеп бас қатырып жатады.
Полонийдің таптырмайтын у болуының және бір себебі – оны жасыру және шекарадан алып өту оңай.
Басқа радиоактивті заттардан айырмашылығы - Polonium-210-ды радиация детекторлары анықтай алмайды. Себебі оның альфа сәулелері тіпті қағаздан да өте алмайды.
Оны кристалл не ұнтақ күйінде, немесе сұйық затпен араластырып, құтыға құйып алуға болады. Полонийді қандай да бір күйде анықтауға көп уақыт кетеді, әрі оған өте тәжірибелі маман қажет.
ПОЛОНИЙ БҰРЫН ҚОЛДАНЫЛҒАН БА?
Полонийді кісі өлтіруге қолданған белгілі оқиға – Ресейдің бұрынғы қауіпсіздік қызметкері Александр Литвиненконың өлімі. Британиядан саяси баспана алып, Ресей президенті Владимир Путинді сынап жүрген ол 2006 жылғы қарашада уланып қайтыс болды. Ұлыбритания тергеушілерінің айтуынша, ол өлерінен үш апта бұрын қонақүйде бірнеше ресейлікпен кездесіп, полоний қосылған шай ішкен. Полонийдің дәмі, түсі болмайды, оны шайдан байқау да мүмкін емес.
- Қастандық жасаушылар қонақүйдегі ас бөлмеге кіріп, шәйнекке полоний ұнтағын салып, үстіне ыстық су құя салған. Литвиненко ол шайды ішкен. Тек сол күні кешкісін оның жағдайы нашарлай бастаған. Арада үш күн өткен соң оның әлсіреп, семіп бара жатқаны белгілі болды, - дейді Олег Гордиевский.
Литвиненко үш апта азаптанып, Лондон ауруханасында көз жұмды. Сарапшылар өлімнің полонийден келгенін анықтады.
Кейінірек Ұлыбритания полицейлері сол күні қонақүйде Литвиненкомен кездескен КГБ-ның бұрынғы тыңшысы Андрей Луговойды күдікті деп таныды. Алайда ол кезде Луговой Ресейге қайтып кеткен, ал Мәскеу оны Ұлыбритания сотына беруден бас тартты. Ресей басшылығы «Литвиненконың қазасына Кремльдің қатысы бар деген айып ақылға сыйымсыз» деп мәлімдеді.
УДЫ ҚАЛАЙ ӘКЕЛГЕНІН АНЫҚТАУ МҮМКІН БЕ?
Полонийдің бір кемшілігі - тергеушілер полоний болған жерлерді тез анықтай алады. Себебі ол барлық жерде «радиоактивті із» қалдырады.
Бұл күдіктіні де жылдам анықтауға көмектеседі. Литвиненко ісінде де солай болды. Тергеушілер қонақүй бөлмесінен полонийдің «ізін» байқап, оның «соңынан жүрді». Маршрут Луговой жүрген жолға өте ұқсас болып шықты.
Полонийдің және бір ерекшелігі – ол қастандық жасаушының өзін де өлтіруі мүмкін.
- Лондонда әрекет еткен КГБ офицерлері полонийді қалай сақтау керек екені жөнінде нұсқау алған. Олар уды аузы мықтап бекітілген құтыға салып, тек асүйге кіргенде ашқан да, ұнтақты шәйнекке құя қойған. Өздері оған қол тигізбеген. Соның өзінде басты күдікті операциядан кейін екі апта бойы Мәскеудегі ауруханаға жатып шықты. Яғни бұл - өте қауіпті зат, - дейді Гордиевский.
Қазір Андрей Луговой аман, жұмысын істеп жүр. 2007 жылы ұлтшылдардың атынан Ресей парламентіне депутат болып сайланған, бұған қоса ол бизнеспен айналысады.
ПОЛОНИЙДІ ҚАЙДА ӨНДІРЕДІ?
Polonium-210 жерде және ауада аз мөлшерде табиғи түрде кездеседі, бірақ ол адамды өлтіретіндей тығыз күйде болмайды. Ядролық реакторда Bismuth-209 изотобын нейтрондармен атқылау арқылы одан у жасап шығаруға болады.
Әлемде жылына 100 грамдай ғана полоний өндіріледі, түгелге жуығы Ресейде шығарылады.
Полонийді өндіру үшін аса үлкен тәжірибе мен ресурс керек, әрі оған көп адамның қолы жете бермейді.
Литвиненконың ісін зерттеуге қатысқан, радиация жөніндегі британиялық маман Джон Крофт кісі өлтіретіндей мөлшердегі полоний азаматтық не әскери салада ядролық мүмкіндіктері бар мемлекеттерден келеді дейді.
Бұл категорияға Ресеймен қоса, Ясир Арафаттың жауы саналған Израиль және АҚШ сияқты ондаған мемлекет кіреді.
Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.