Ресей қалаларында Навальный шақырған митинг қалай өтті?
Мәскеуден шығысқа қарай 6100 километр жерде орналасқан Хабаросвкіде полиция митингіге шыққан кісіні ұстап жатыр.
Хабаровск тұрғындары Ресей билігін өткір сынап жүрген оппозиционер Алексей Навальныйды босатуды талап етті.
Якутскіде тәртіп сақшылары Навальныйды босатуды талап етіп көшеге шыққандардың жолын бөгеп тұр. Сурет әлеуметтік желіден алынған.
Полицейлер Алексей Навальныйды босатуды талап етіп алаңға шыққан әйелді ұстап әкетіп барады. Санкт-Петербург, Ресей. 23 қаңтар, 2021 жыл.
Омбыда полиция мен наразы жұрт арасында текетірес болып жатыр.
Омбыда наразылыққа шыққан адам "Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін" деген жазу жазылған Навальныйдың суретін ұстап тұр.
Омбыда полицейлер наразылыққа шыққан әйелді әкетіп барады.
Омбыда Навальныйды қолдауға шыққан тұрғын.
Владивостокта полицейлер шерушілерді ұстап жатыр.
Владивостокта наразылар мен полицейлер арасында текетірес болып жатыр.
Мәскеудің Пушкин алаңында полиция демонстрация басталмай жатып-ақ адамдарды ұстауға көшкен.
Владивостоктағы наразыларды ұстау сәті.
Владивостокта жиналған жұрттың қарасы көп.
Мәскеудегі шерушіні ұстап әкетіп бара жатқан сәт.
Омбыдағы полицейлер мен бейбіт халық арасындағы арпалыс.
Омбыда шерушіні полицейлер әкетіп барады.