Ресейде гомосексуалдарға қарсы заң қабылданғалы оларға қысым күшейді. Бірақ жыныстық азшылық өкілдерін қорғайтын топтар да пайда болды.
Ресейдегі Нижний Тагил қаласында тұратын бұрынғы әскери дәрігер Валентин Дегтерев гейлер құқығын қорғау үшін өмірін қатерге тігемін деп ешқашан ойламаған еді.
«ДЕГТЕРЕВТІ ҰРҒАН АДАМҒА СЫЙАҚЫ БЕРЕМІЗ»
Ол гомосексуал емес, бірақ биыл жергілікті әсіреұлтшыл топтың бір гейді азаптаған видеосын көргеннен кейін, оның гомосексуалға жаны ашыған.
43 жастағы Дегтерев гейді ренжіткен, оны қалай азаптағандарын видеоға түсірген топты масқаралау үшін онлайн-науқан бастады. Ол полицияға хабарласып, әсіреұлтшылдарды тұтқындауды талап етті. Дегтерев гейді азаптаған әлгі видеоны халықаралық гейлер құқығын қорғау ұйымдарына жіберді. Сонысы үшін оған ұлтшылдар қоқан-лоқы жасап, «Дегтеревті ұрып кеткен адамға сыйақы береміз» деп мәлімдеді. Бірақ Дегтерев ұлтшылдардың доңайбатынан тайсалған жоқ, тіпті өршелене түскен.
- Әділет фашистер мен жауыздардан қорықпайтын адамдардың жағында. Гомосексуалдар да адамдар екенін түсінуіміз керек, - дейді ол.
Дегтерев гейлерді азаптайтын топтарға тосқауыл қоя алмады. Бірақ ол Ресейдің Орал аймағындағы өндірістік қалада гейлердің қорғаушысына айналды.
Ресейде гомосексуалдарға қарсы зорлық-зомбылықтың күшейгеніне 15 жыл болды. Әлеуметтанушылар жаңадан қабылданған, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында «гей-насихат» жасағандарға көп мөлшерде айыппұл салатын заңның да бұған әсер етіп отырғанын айтады.
Ал Дегтерев сияқты белсенділер жағдайды бұдан гөрі басқаша түсіндіреді. Ол «консервативтік пікірдегі адамдар да гейлер құқығының сақталуы тиіс екенін түсіне бастады» дейді.
Мәселен, Санкт-Петербургте жұртшылықпен байланыс мамандығы бойынша қызмет ететін 36 жастағы Наталья Цымбалова 2012 жылы маусым айында «гомосексуалдарды қолдайтын гетеросексуалдар альянсы» деген ұйым құрды (гетеросексуалдар – әйел мен еркектің табиғи некесін қолдайтындар).
Цымбалова Ресейдегі «гейлерге қарсы» заңның кейбір адамдарға керісінше әсер етіп, гетеросексуалдардың гейлер құқығын қорғауына түрткі болғанын айтады.
- Мәселенің екі ұшы бар. Екі процесс қатар жүріп жатыр. Бір жағынан алғанда, жыныстық азшылық өкілдеріне қысым күшейді. Сауалнамалар көп адамның оларды жақтырмайтынын көрсетті. Екінші жағынан, гейлерге қарсы заң белсенді топтардың қарсылығын тудырды, - дейді ол.
Наталья Цымбалова құрған «гомосексуалдарды қолдаушы гетеросексуалдар альянсы» гейлер құқығын қорғап, бірнеше наразылық акциясын өткізді. Альянстың бұл акциясына әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адам қолдау көрсетті.
Мәскеу тұрғыны Иван Симошкин (мамандығы - программист) - осы альянстың мүшесі. Ол ұйымның басқа да мүшелері сияқты Мәскеуде өткен гей-парадқа қатысқан. Парадтан кейін мәскеулік геймен достасып кеткен.
- Гейлер мәселесі туралы бұрын ойланбайтын дедім. Біртіндеп олардың зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқандарын, қысымның әділетсіз екенін түсіне бастадым. Көмектескім келді. Осы уақытқа дейін оларды өздері құрған ұйымдар ғана қорғап келді. Мен оларды қолдайтын гетеросексуалдар ұйымы да құрылса деп ойлайтынмын, - дейді Симошкин.
РЕСЕЙЛІКТЕР ГЕЙЛЕР ҚҰҚЫҒЫН МОЙЫНДАМАЙДЫ
«Левада» орталығының өкілі Мария Платко «жақында қабылданған заң Ресей қоғамының назарын жыныстық азшылық өкілдеріне аударып, гейлерге деген өшпенділікті күшейтті» дейді.
2005 жылы осы орталық өткізген сауалнамаға Ресей азаматтарының жартысынан көбі «гейлер мен лесбилердің, бисексуалдар мен транссексуалдардың да басқа адамдар сияқты құқықтары қорғалуы тиіс» деп жауап берген.
Бірақ орталықтың таяуда жүргізген сауалнамасы жыныстық азшылық өкілдеріне ресейліктер көзқарасы өзгере бастағанын көрсетті. 2005 жылы халықтың жартысынан астамы «гейлер құқықтарын» мойындаса, биыл ол пікірді жауап бергендердің 39 пайызы ғана қолдаған. Ал респонденттердің 35 пайызы «гомосексуализмді сырқат деп есептейтінін», ал 43 пайызы «жаман әдет пен тәртіпсіздіктің кесірі деп санайтынын» білдірген.
Ресейліктердің көбі жыныстық азшылық өкілдерін «насихаттауға» қарсы заңды қолдайды, олардың құқықтары туралы мәселені оппозиционерлер де көтергісі келмейді.
Қыркүйектің 8-і күні Мәскеу мэрі сайлауы өтеді. Алты кандидаттың ешқайсысы «гейлер құқығы» туралы мәселені қозғаған жоқ. Ресейдің либерал-демократиялық партиясының өкілі Михаил Дегтярев «кандидаттарды тексерейік, олардың ішіндегі гомосексуалдар мен отанын сатқандарды, есірткіге құмарлары мен пара алатындарын айқындап алайық» деп мәлімдеді.
Ал Наталья Цымбалова өзі құрған ұйымның алдында ұзақ күрес жолы тұрғанын біледі.
- Бұл заң енді ғана қабылданды. Мемлекет тарапынан гомосексуалдарға қысым күшейді. Мұның соңы немен бітетінін болжай алмаймын. Біз жұмысымызды енді ғана бастадық, - дейді ол.
Том Бэлмфорттың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.