Басылым Алтай өлкесіндегі жойылып бара жатқан табиғат пен жануарлар жайлы мақала жариялады. Мамандар «Қатаң шаралар қолданбаса, Алтайдың табиғи байлығы жойылып бітеді» деп дабыл қағады.
Moscow Times («Москоу Таймc») басылымына бұл мақала қарашаның 29-ы күні шықты.
«АЛТАЙ ІСІ»
Moscow Times-тың («Москоу Таймc») мақаласы 2009 жылы Алтай тауларының Моңғолия шекарасына жақын жерінде 2009 жылы болған тікұшақ апатын баяндаудан басталған.
2009 жылы «ГазПромАвия» компаниясы жалға алған тікұшақ апатқа ұшырап, тауға құлаған. Қаза болған 11 адамның ішінде мемлекеттік думаның бір мүшесі (президенттің өкілі) Александр Косопкин бар.
Апат орнына барған құтқарушылар қираған тікұшақтың ішінен автоматтар тауып алды. Тікұшақтың айналасында «аргали» деп аталатын арқардың өліктері шашылып жатқан. Басылым келтірген дерек бойынша, Ресейде бұл күндері 300 бастан асар-аспас аргали қалған. Оларды атуға тыйым салынған. Бұл оқиға сол жылы ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып, журналистер бұл істі «Алтай ісі» деп атап кеткен еді.
Мақала авторының зерттеуінше, прокуратура бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, аңға шыққандарды «тікұшақпен заңсыз аң аулады» деп айыптаған. Бұл іс ұзаққа созылып, соңы сиырқұйымшақтанып барып кінәлілер болмашы айыппұл төледі. «Әдетте, «VIP-браконьерлер» ұсталғанда көп жағдайда жеңіл жазамен құтылады» дейді автор.
«АҢ АУЛАУДЫҢ ЕҢ ЖАБАЙЫ ТҮРІ»
Мақала авторы оқиға орнына арнайы барып, тікұшақ құлаған аймақты атпен аралап көрген. Ол «Жазаланбайтын VIP-браконьерлер аңға шыққанда, оның соңы неге апарып соғатынын өз көзіммен көрдім» дейді.
Автордың суреттеуінше, «Жабайы аңдардың табиғи мекені бұл күндері қаңырап бос қалған. Жануарлар жүретін жолдың екі шетінде жергілікті аңшылар құрған тұзақтар мен қақпандар әлі жатыр».
Басылым «Бұл жерлер бір заманда Алтайдың ең көрікті мекендерінің бірі болған» деп жазады. Етегінде ғажайып көлдері бар Сібір тауларын әлі де көруге болады. Бірақ жергілікті жұрттың айтуынша, Сібірдің қызыл еліктері мен бұғылары Аккем өзенінің бастауларында ғана қалған.
Автор «Алтай республикасына қыркүйек айында барғанда, төбеден аңдарды қуалап ұшып жүрген тікұшақтарды күнде көрдім. Тікұшақпен аң атуға тыйым салынған. Қала берді мұндай тәсіл - аң атудың ең жабайы және ең қатігез түрі» дейді. Тікұшақтан үркіп, жазыққа қашып шыққан аңдарды жердегі аңшылар жан-жақтан атып жайратып салады. Оқ тиіп құлағандарын соңынан сойып алады.
«АЛТЫ ҰСЫНЫС»
Автордың зерттеуінше, жергілікті билік өкілдері Алтайда кең тараған браконьерлікке қарсы күреспейді. Керісінше, олардың өздері сирек кездесетін аңдарды атқанды жақсы көреді. Автор «Тіпті жергілікті аңшылардың өзі басшылар аңға шығатын аймақтарға жоламайды» дейді. Ол осыларды жаза келе «Алтайдағы аңдарды аман алып қалудың жолы бар ма?» деген мәселені көтереді.
Автор «Ол үшін мынадай қатаң шараларды іске асыру керек» деп алты ұсыныс жасаған. Бірінші: қорықтағы аңдарды атуға түбегейлі тыйым салу керек, билік өкілдері бүкіл аймақты бақылауға алатын қарулы орманшылар мен қорықшыларды көбейтуі тиіс. Екінші: «Катунский» қорығының аумағын кеңейтіп, жануарлардың көбеюіне жағдай жасау керек. Үшінші: жануарларды қорғау қызметін күшейту үшін жаңадан жасақталған аңшылар ұйымын құру қажет. Төртінші: жыл сайын жануарларды санап отыру қажет, жергілікті және коммерциялық аңшыларға белгіленген аймақтарда ғана аң атуға рұқсат ету керек. Бесінші: аң аулауға рұқсат етілген маусым басталғанда тікұшақтың ұшуын тоқтату керек. Алтыншы: «Аргали» арқарлары жайылатын алқаптарды кеңітіп, олардың таралатын жерлеріне тиіспеу керек.
Егер осы айтылған шаралар қатаң сақталатын болса, Алтай тауларындағы тайга тез арада әу бастағы ғажайып қалпына келер еді. Сонда ғана бұл аймаққа барған адам әдемі орманнан бөлек, жайылып жүрген жабайы жануарларды да көрер еді. Мақала авторы осының бәрін саралай келе «әлі де қолда мүмкіндік бар кезде, Алтай өлкесінің табиғи байлығы мен көркін сақтап қалайық» деген ұсыныс айтады.
ҚАЗАҚСТАН АЛТАЙЫ
Алтай - Сібірдегі ең биік тау жүйесі, сілемдерін өзенді аңғарлар, тауаралық ойпаттар бөліп жатыр. Алтай таулары Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстан шекаралары түйіскен тұста орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 2000 километрге созылып жатыр. Көп бөлігі Моңғолия мен Ресейдің еншісінде. Ресейге қарасты Алтай өлкесінің Қошағаш ауданын тарихи түрде қазақ диаспорасы мекендейді (10 мыңдай адам).
Тау Оңтүстік (Батыс) Алтай, Шығыс Алтай, Орталық Алтай, Солтүстік Алтай болып бөлінеді. Осының ішінде Оңтүстік Алтайдың батыс беткейі Қазақстан территориясына кіреді. Әкімшілік жағынан Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.
Қазақстанның Алтайында Марқакөл, Батыс Алтай сияқты бірнеше қорықтар бар. Онда сүт қоректілердің - 40, құстардың 200-ден аса түрі мекен етеді. Аю, түлкі, қасқыр, борсық, қоян, марал, мүйізсіз бұғы, елік, бұлан, тиын, құндыз, бұлғын, құр, лашын, үлкен кептер, байғыз, бүркіт, ителгі, үкі, қара ләйлек т.б. көптеген аң-құс түрлері кездеседі. Ал қар барысы, қызыл қасқыр, жабайы мысық, сілеусін сияқты аңдары «Қызыл кітапқа» енген. Көлдерінде аққу бар.
Қазір БАҚ арқылы Марқакөл көлінің ластану мәселесі айтылып жүр. Марқакөлден уылдырығы үшін браконьерлер албырт балығын аулайды. Алтай аңдарын сақтау және қорғау, қорықтардың алабын кеңейту, халық пен шенеуніктердің экологиялық мәдениетін көтеру, заңсыз аң аулау Қазақстанда да өзекті мәселеге айналған.
Қадірлі оқырман, Ресейдің Алтайындағы экожүйені қалпына келтіруге қатысты мақала авторының ұсыныстарын Қазақстанда қолдануға бола ма және қосымша қандай іс-шаралар жасау қажет деп ойлайсыз? Пікір-ұсыныстарыңызды төмендегі форумға жазуыңызға болады.