Мәскеуде "Миллиондар маршы" өтті

"Миллиондар маршы". Мәскеу, 12 маусым 2012 жыл.

Шерушілер Мәскеу уақыты бойынша сағат 12-де Пушкин кинотеатры маңында жиналды. Сағат 13-те басталған марш Сахаров даңғылына дейін барып, сол жерде митингіге ұласты. Митингіде Қазақстаннан барған оппозиция белсендісі Болат Әбілев те сөйледі.
Оппозиция мен Мәскеу әкімшілігі арасында шеру өткізу туралы келіссөз бірнеше күнге жалғасқан. Шерушілер белсендісі Сергей Удальцовтың айтуынша, "мэрия түпкілікті келісім берген сияқты, ұйымдастыру комитетімен тағы кеңесу керек".

- Шеруге 50 мыңға жуық адам қатысады. Келіспейтін нәрсе көп болса да, екі тарапқа да қолайлы бағытқа уәделестік. 12 маусым күні жұртты еркін шақыра береміз. Бұл шара кезінде алдағы міндеттеріміз бен мақсатымыз айтылған Еркін Ресей манифестін де жариялап, тіпті дауыс беріп қалуымыз мүмкін, - деген еді Сергей Удальцов кеше Азаттық радиосының Орыс қызметіне берген сұқбатында.

КЕШЕГІ ТІНТУДЕН СОҢ

Кеше Мәскеуде азаматтық белсенділерді көбінің үйінде тінту жүріп, оларды 12 маусым күні сағат 11-де тергеу комитетіне шақырған. Белсенділер 6 мамырда өткен қарсылық шараларына байланысты тергелмек.

Азаттық тілшісінің айтуынша, бүгін белсенділердің көбі тергеу мекемесіне келе бастаған.

- Тергеу комитетіне Алексей Навальный, Ксения Собчак, Илья Яшин, Анастасия Удальцова келді. Азаматтық белсенділер шеру мен митингіге үлгеруіміз керек деседі. Өздері бармаса да, қарсылық шарасы өтеріне сенеді, - дейді Азаттық тілшісі.

Оппозиция белсенділерінің бірі Сергей Удальцов тергеуге келмейтінін хабарлады. Оның адвокаты Виолетта Волкованың айтуынша, Удальцов шерудің ұйымдастырушысы болғандықтан ол шараға қатысуы керегін айтып, тергеуді басқа күнге қалдыруды сұрайды.

МАРШ

"Миллиондар маршын" ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклиннің айтуынша, бүгінгі шараға 40 мыңға жуық адам келді. Полиция жиналған халықтың қарасы шамамен 10 мың екенін айтады.

Мемлекеттік дума депутаты Илья Пономаревтің айтуынша, ұйымдастырушылардың

"Миллиондар маршы". Мәскеу, 12 маусым 2012 жыл.

​шеруге келе алмауы жұртты қатты жұмылдырған.

Пушкин алаңы маңындағы көшеге жиналған шерушілердің оң қанатында - оңшылар, сол қанатында - солшылдар, ортасында "Яблоко" жақтастары жүрді. Шеруге ұлтшылдар да қатысты.

Мәскеу уақытымен сағат 12.48 кезінде шерушілер "Бұл біздің қала!" деп ұрандай бастады.

Жергілікті уақытпен түскі сағат бірде "Миллиондар маршы" басталды. Солшылар "Барлық билік халыққа берілсін!", "Полицейлік мемлекеттік жойылсын!" деген жазуы бар транспарант көтеріп шықты. Өзге шерушілер "Ресей азат ел болады!", "Путин, кет!" деп ұрандады.

Мәскеу полициясы тәртіпті қатайтып, қала орталығына мыңға тарта арнайы жасақ қызметкерлерін кіргізді. Шеру барысында полиция тарапынан артық-ауыс әрекет болған жоқ.

МИТИНГ

Сахаров даңғылында өткен митингіні Евгения Чирикова мен Дмитрий Гудков жүргізді.

Митингіде қоғам белсендісі Сергей Удальцов сөйлеп, "күзде бүкіл ел бойынша

"Миллиондар маршы". Мәскеу, 12 маусым 2012 жыл.

шешуші акция өткізуге" шақырды.

- Ол акцияны 7 қазанда өткізуді ұсынамын. Ол кімнің туған күні екенін білесіздер. Еңбекшілер бұл акцияны ереуілмен қолдауы керек, - деді ол.

Шерушілер алдында сөйлеген Дмитрий Быков "әңгіменің күні өткенін, саналы әрекеттің заманы келгенін" айтты.

Ал Геннадий Гудков биліктің "жаппай жазалау әдісіне көше бастағанын", "жаңа заң арқылы көшені де тартып алуға тырысып жатқанын" еске сала келе талаптарын айтты.

- Бізге жаңа конституция керек. Бізге халық сайлайтын сот керек. Бізге билік пен билікке жақын құрылымдарға бағынбайтын ақпарат құралдары керек. Бізге дұрыс парламент керек. Бізге еркін сайлау керек, - деді Гудков.

Митинг кезінде жұрт алдына шыққан қазақстандық оппозиция белсендісі Болат Әбілев Жаңаөзендегі оқиғаны, өз еліндегі саяси жағдайды айтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Болат Әбілевтің "Миллиондар шеруіндегі" сөзі


Жиын соңында жұрт резолюция қабылдады. Резолюцияда айтылған талаптардың арасында "Путин отставкаға кетсін", "жаңа заң қабылданып, парламент сайлауы сол заң бойынша өтсін", "жаңа парламент жаңа конституция қабылдап, президенттің билік ету мерзімін шектесін" деген баптар бар.