Орыс дәрігері дауасыз дертке шалдыққан науқастың азабын жеңілдетуге көмектесемін деп сотқа тартылды. Бұл оқиға Ресейде паллиативтік жәрдемнің дұрыс көрсетілмейтініне назар аудартты.
Ресейдің денсаулық сақтау жүйесі бойынша сырқатқа тегін берілуі тиіс, ауырғанды басатын дәрі дәріханаларда таусылып қалып, қатты қиналған Виктор Сечин (қатерлі ісікке шалдыққан) дәрігер, әрі досы Алевтина Хориняктан жәрдем сұраған.
2009 жылдың басында Хориняк науқасқа опиоидтік «Трамадол» препаратын бір ай ішуге рецепт жазып береді. Алевтина Хориняк Азаттық тілшісіне:
- Оның «Трамадол» алмағанына 52 күн болыпты, сырқаттың қиналғанын көріп, шыдамадым. Зар илеп, төсегінде арпалысып жатты, қатты қиналды, - дейді.
БЮРОКРАТИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНЫ
Қатерлі ісікке шалдыққан Сечин мүгедек жан еді, ол екі жылдан соң Красноярск қаласында, 57 жасында қайтыс болды. Хориняктың жанашырлығы кейін оның өзіне зиян болып шықты. Оған «жалған құжатпен есірткі сатты» деген айып тағылды. Айыбы дәлелденсе, дәрігер сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
71 жастағы дәрігерді соттамақ болып отырған Ресей билігінің бұл шешімін құқық қорғаушылар жөнсіздік санайды. Сечин мүгедек ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін дәрі алуға ғана құқылы екен. Ал Хориняк ханым кіріптар жағдайға түскен адамнан пайда көрген болып шыққан.
Осы оқиғадан соң Ресейдегі дауасыз дертке шалдыққан жандардың адам төзгісіз азап шегетіні, сырқатын жеңілдететін дәрілерге қолы жетпей қиналып өлетіні айтыла бастады.
Құқық қорғаушылар мен денсаулық сақтау саласының сарапшылары Ресейдегі мемлекеттік бақылауға алынған заттарды қолдануды реттейтін қатаң ережені айыптайды.
Ал халықаралық құқық нормалары бойынша мемлекет опиоидтік (ауырғанды басатын есірткі тектес препараттар - ред.) дәрі-дәрмекке сырқаттардың қолы жететіндей жағдай жасауы тиіс. Бірақ бұл елдегі есірткіге қарсы ережелер кесірінен сырқат адамдар ауру азабын жеңілдететін дәріге қол жеткізе алмай жатады. Құқық қорғаушылар Хоринякті «бюрократиялық қатал ережелердің құрбаны» деп атады.
Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының зерттеушісі Таня Купер:
- Бұл әйел Ресейдегі есірткіге қарсы заңмен айыпталып отыр. Ереже бұлжымайды, оған салсақ, науқас әлгі дәріні алмауы керек. Осы жағдайдан Ресейдегі есірткі туралы ереженің емделмейтін дертке шалдыққан адамдардың ауру азабын тартуына жол беретінін көреміз, - дейді.
Опиоидтік дәрі-дәрмек белгілі бір мөлшермен ғана үлестірілетіндіктен, ресейлік науқастар оны кейінге сақтап қоя алмайды, үнемі кезекке тұрып, жаңасын сатып алып отыруға мәжбүр.
«ӨМІРДЕН ҚИНАЛМАЙ ӨТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ»
Хоринякқа қарсы қозғалған қылмыстық істен кейін ресейлік дәрігерлер морфин мен басқа да ауырғанды басатын, күшті әсері бар дәрілерді науқастарға тағайындаудан тартынатын болады деген қауіп туды.
Денсаулық сақтау саласындағы құқық қорғаушылардың бір тобы «дауасыз дертке шалдыққан адамға ауруды сездірмейтін дәріні бермеу оны азаптаумен тең, бұл жағдайда адам құқығына айтарлықтай нұқсан келеді» дейді.
Олар Ресейдің Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар пактісіне қол қойғанын айтады. Онда «адамдардың физикалық және психикалық денсаулықтарын барынша сақтау құқығына кепілдік» берілген.
Мәскеудегі жазылмайтын науқастарға арналған, 1994 жылы ашылған алғашқы хоспистің бас дәрігері Диана Невзорова:
- Паллиативтік жәрдем (Айықпас сырқатқа шалдыққан адамға және оның отбасына берілетін медициналық, психологиялық жәрдем - ред.) қайырымдылық шарасы емес. Бұл - дауасыз дертке шалдыққан адамға қамқорлық жасаудың негізгі жолы. Себебі, өкінішке қарай, олардың бәрі өледі, - дейді.
Ресейде санаулы ғұмыры қалған жандарға арналған жүздеген хоспис бар, бірақ Батыс елдерімен салыстырғанда олардың саны жан басына шаққанда әлі де аз.
Мысалы, Ұлыбританияның халқы Ресейден екі есе аз болса да, бұл елде 260 хоспис бар. Невзорованың айтуынша, «Ресейдегі паллиативтік жәрдем саласы әлі күнге жетілмей отыр, олардың көбін қайырымдылық ұйымдары қаржыландырады. Ал медицина қызметкерлері қазіргі заманның емдеу әдістерін біле бермейді».
«Қатерлі ісікке шалдыққан адамның азап көрмей өмірден өту құқығы бар» деген түсінік Ресейде әлі қалыптасқан жоқ. Танымал бард әнші Ада Якушева 2012 жылдың қазан айында бюрократиялық тыйымдардың кесірінен азаппен, қатты қиналып жатып қайтыс болды. Бұл қоғам арасында дүрбелең тудырды.
Дегенмен Ресей денсаулық сақтау министрлігі паллиативтік көмек мәселесін дұрыс жолға қою қажеттігін түсіне бастаған сияқты. Өткен жылы денсаулық сақтау өкілдері бүкіл елде хоспис пен паллиативтік жәрдем жүйесін құру туралы бірнеше директива жариялады.
Бірақ Невзорованың айтуынша, «жаңа ережелер сарапшылардың көңілінен шықпаған».
- Үкіметтің қаулысында сипатталған паллиативтік көмек паллиативтік медициналық күтім ғана. Онда хоспистің негізгі қызметтері, күтім жасаудың барша тәсілдері, әлеуметтік және психологиялық көмек туралы ештеңе жоқ, - дейді.
Хоринякқа тағылған айыптар ресейлік дәрігерлердің айықпас дертке душар болған сырқаттардың азабын жеңілдету үшін жүргізетін күресінің ауыр болатынын көрсетеді. «Жалған құжатпен есірткі сатты» деген айып Хориняк пен Сечиннің тағы бір танысына да тағылған. Ол әйел Сечинге ауырғанды басатын дәрілер әкеліп тұрған.
Оған шыққан үкім техникалық себептерге байланысты жарамсыз деп танылған еді. Жаңа сот процесі қараша айында басталды. Бұл екі әйелге ризашылығын білдірген Невзорова «екеуінің басындағы жағдайдың Ресейдегі емделмейтін сырқаттардың күтіміне қатысты кемшіліктерге назар аудартатынын» айтты.
- Адамдардың өмір сүруге және азабы жеңіл өлімге құқығы бар. Елдегі паллиативтік жәрдем көрсету деңгейі сол мемлекеттің әлеуметтік даму деңгейін де көрсетеді. Егер ақтық демі тақаған жандарға қамқорлық жасай алмасақ, еліміз дамыды деп айтуға қалай аузымыз барады? - дейді ол.
Клэр Бигтің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.