Чайковскийдің ескерткішін алып тастамақ

Петр Чайковский.

Жұртқа танылғанына біраз болған Игорь Чайка (Мәскеу облысы губернаторының экс-кеңесшісі, Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайканың баласы. – ред.) «Зальцбургте - Моцарт , ал Клинде Чайковский туған» деген уәжбен Мәскеу облысындағы Клин қаласын «Зальцбургке айналдыруға» жуырда ғана уәде еткен болатын. Жергілікті билік бұл мәселені өзгеше жолмен шешіп, қала орталығынан Чайковскийдің ескерткішін алып тастауды ұйғарған.

Ондай жоспар жаздан бері айтылып келеді:

Кейінгі 22 жылда Клин адам танымастай өзгерді. Қазір Мәдениет үйі де, (оның ғимаратын Әулие Живоначальная Троица шіркеуін қалпына келтіру үшін орыс православие шіркеуіне берген), Совет алаңы да жоқ. Клин тұрғындары оны революцияға дейінгі Соборная деген атауыменжиі атай бастады. Майданово усадьбасы (үй-жайы, қора-қопсысы, жері бар қожалық - ред.) да қазір қатты өзгеріп кеткен. <...>

"Чайковскийдің Клин өлкесімен танысуы дәл осы Майдановодан басталған болатын. Бірақ қазір усадьбада Чайковскийдің есімімен тікелей байланысты бірде-бір нысан сақталмаған. Біз Чайковскийдің ескерткішін дәл осы жерге, яғни Чайковский тұрған, туындыларын жазған әрі өзін шынымен де бақытты сезінген Майдановоға көшіруді ұсынған Клин өлкетанушылары идеясын дұрыс деп санаймыз" дейді Алена Сокольская.

Алена Сокольская – Клин ауданының басшысы. Оның баспасөз қызметі таратқан хабарламада шіркеудің аталуы кездейсоқ емес, екі жыл бұрын "Труд" газеті шіркеу жайлы осы ескерткішке байланысты былай жазған болатын:

Бұл аздай, "қалалық клубқа арқасын беріп тұр" деген уәжбен Чайковскийдің ескерткішін қаланың орталық саябағынан алып тастамақ. Тұрса қайтеді екен - қоладан құйылған Петр Ильич (Чайковский) Мәскеудегі консерваторияға да арқасын беріп тұр ғой дерсіз? Сөйтсек, әлгі клуб шіркеуге қайтарып берген бұрынғы ғибадатхана екен, ал соңғы кезде біздің шіркеулер тым өкпелегіш болып барады ғой...

Ал "Российская газета" басылымы Клиндегі мұражай бірлестігі директоры Елена Кондрашинаның "Қаланың ортасында ескерткіш болуы тиіс, бірақ ол Чайковскийдің ескерткіші болмауы керек" деген сөзін келтірген.

Ал Чайковскийдің ескерткіші неліктен тұрмауы тиіс?

Александр Морозовтың (Colta.ru интернет-басылымы тілшісі) болжамынша, "Патриоттар қауымының Чайковскийге қатысты ортақ пікірі жоқ. Біреулері оған жала жауып, қаралаған десе, енді біреулері ол "кевин спейси (америкалық актер Кевин Спейси) сияқты" болған ғой дейді. Бірақ Чайковскийдің ескерткішін қала орталығынан алып тастау кампаниясы Клинде басталып кетті. Ал оның орнына ешкімнің көкейінде күмән тудырмайтын "Клинге - 700 жыл" зәулім ескерткішін қоймақ. "Российская газетаның" жазуынша, дирижер Федосеевтің қайран қалғаны соншалық, қолдарын сермелеп, "тіпті елестете де алмаймын" деуден өзге ештеңе айта алмай қалған.Бұл жерде "ал енді елестете бастайтын кез келді!» деп айтқың келеді екен".

Ескерткіштің тағдырын сейсенбі күні желіде қызу талқылау дәл осы "Российская газетадағы" жоғарыда келтірілген жазбадан басталды.

Мына ақылға қонбайтын әрі варварлық шешім былтыр жазда қабылданған. Оған не түрткі болғаны белгісіз. Әйтеуір қала басшылығы Клиннің 700 жылдығын тойлауға бөлінген ақшаға алып ескерткіш орнатуға жарлық бергені ғана аян. Жергілікті шенеуніктер бұл үшін қаланың тарихи орталығында тұрған Чайковскийдің ескерткішін бұзудан өзге жөні түзу ештеңе ойлап таба алмаған ғой...

Бірақ Чайковскийдің орнына қандай ескерткіш қоймақ? Өлкетанушылардың пікірі мынаған саятын тәрізді:

Біз қаламызды тәртіпке келтіру үшін мына мерейтой тамаша себеп деп санаймыз. Өлкетанушылардың ұсыныстары бар, оларды аудан билігі ескерер деп үміттенемін.

Клин қаласының тарихи орталығын тәртіпке келтіру керек, бәрі, әрине қаржыға тіреледі. Ежелгі Клинге ескерткіш қойылса жақсы болар еді. Бәлкім, мүсіншілер мен суретшілер арасында жобаға конкурс жариялаған дұрыс шығар, соның нәтижесінде ескерткіштің қандай болатынын және қай жерде орнатылатыны шешілетін еді.

Клиннің 700 жылдығына қандай ескерткіш орнату керек деген сауалнама шынымен жүргізілген.

Комментарийлерде жұрттың көбі Чайковскийдің ескерткішін орнында қалдыруды жақтап дауыс берген, бірақ биліктің пікірінше, қоладан құйылған қалқан жеңген. Чайковскийдің орнына осы ескерткіш қойылуы тиіс.

Change.orgсайтындағы петицияға ескерткішті қалдыруды жақтап үш мыңнан аса адам қол қойған.

Ал желідегі комментарийлер мынадай:

Natalia Shavshukova

Клинде Чайковскийдің ескерткішін бұзбақшы. Мен әуелгіде мұны композитордың ориентациясына (жыныстық ұстанымы) намыстанған патриоттардың кезекті треші деп ойлаған едім. Сөйтем, бұл ресми шешім екен! Олар шынымен бұзбақ!

Katerina Novikova

Чайковскийдің ескерткішін алып тастау әрекетіне зығырданым қайнап жүр. Клин Чайковскийді мақтан тұтуы тиіс! Ал Чайковскийді жақсы көргендер Клинді жақсы көреді. Мұндай шешімдерді қабылдауға кімнің қақысы бар, мұны шынымен ұқпаймын!

Инна Назарова

Қайдағы бір Чайковскийлер. Кімге керек оларың? Клиннің орталығында қалқан (мен қылыш) тұруы тиіс! Дүниенің кіндігінде қалқан мен қылыш тұруы керек.

Холмогоров Егор

Оның орнына Дзержинскийдің ескерткішін қойса тіпті қатып кетер еді. Жұрт тілден қалар еді ...

Олег Кашин:

Клиндегі Чайковский ескерткіші (оны орталықтан алып, қаланың шетіне апарып тастамақ, ал оның орнына «аталарымыз соғысқан» (деды воевали) тақырыбы сарынында ескерткіш орнатпақ) айналасындағы жағдай тіпті түнек. Шынына келсек, Клин қаласының жалғыз бетке ұстары Чайковский, сондықтан адамдар мұны түсінуден қалса, ондайлардың <күні қараң>

Ал өзгелерден ең ерекше болжам мынау:

Anastasia Sergeeva

Меніңше, біреу алдын ала қамданып «Аққу көлін» ротациядан алып тастағысы келетін сияқты)))

Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Александр Бобраков-Тимошкиннің мақаласы орыс тілінен аударылды.