Ресей Батыс елдерімен Украинадағы дағдарыстан шығу жолдарын талқылау кезінде қоятын талаптарын жария етті.
Ресей сыртқы істер министрлігіндегі дерек көздеріне сілтеме жасаған "РИА Новости" агенттігі Мәскеудің басты екі негізгі шарты барын хабарлады. Оның алғашқысы - Украинада конституциялық реформалар жүргізу және коалициялық үкімет құру туралы 21 ақпанда жасалған келісімді орындау. Екіншісі - келіссөздерге Украинадағы барлық саяси күштер қатысуы тиіс.
21 ақпанда Украинада билік пен оппозиция Франция, Германия және Польша сыртқы істер министрлерінің қатысуымен елдегі саяси дағдарысты реттеу туралы келісімге қол қойған. Ресей президентінің өкілі Владимир Лукин ол келісімге қол қоюдан бас тартқан.
Украинаның жаңа билігінің пікірінше, Янукович Жоғарғы Раданың Украинаның 2004 жылғы конституциясын қалпына келтіру туралы арнайы заңына 48 сағат ішінде қол қоймағандықтан ол келісім орындалған жоқ. Ал 22 ақпанда Украина парламенті Януковичті биліктен шеттетіп, конституцияны өзгерткен.
Мәскеу Жоғарғы Раданың шешімдерінің заңдылығына күмән келтіреді. 1
наурызда Ресей федерация кеңесі ел президенті Владимир Путиннің Украинада Ресей әскерін пайдалану туралы ұсынысын қолдаған.
Ресей билігі мұндай шешім қабылдауына "Украинаның биліктен кетірілген президенті Виктор Янукович өз елінде тәртіп орнату үшін ресми түрде Мәскеуден әскер кіргізуді сұрағаны" себеп болғанын айтты. Бұл туралы кеше Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынында хабарлады.
Чуркиннің айтуынша, Янукович бұл туралы Путиннің атына 1 наурызда хат жолдаған. Янукович хатында Украинада тұрғындар "саяси және тілдік белгілері бойынша қудаланып жатқанын" айтып, Ресей президентінен онда халықты қорғау үшін қарулы күш қолдануды сұраған.
Бірақ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері Ресей Украина территориясына әскерін "ойдан шығарылған сылтаумен" кіргізді деп мәлімдеді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэр Чуркиннің мәлімдемесін "шындыққа сай келмейді және Ресейдің Украинаға әскер кіргізгеніне ақталған түрі" деп атады.
Украинаның мемлекеттік шекара қызметі 3 наурыз күні Қырым түбегін Ресейдің Краснодар өлкесімен қосатын паром өткелінде бронды техникалар (БТР)
жиналып жатқанын хабарлаған. Әскери техникалардың қай елге тиесілі екені, я айырым белгілері көрсетілмеген.
Украиналық шекарашылар бұдан өзге Азов-Қара теңіз аймақтық басқармасы мен Симферополь отряды ғимараттарының бұғауланып, Керч және Севастопол теңіз күзеті отрядтарына шабуыл жасалғанын хабарлады. Шекара қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл әрекеттерді айырым белгілері жоқ ресейлік әскерилер жасап отыр. "РБК-Украина" телеарнасының хабарлауынша, қарулы адамдар әскери бөлімшелердің кабинеттеріндегі байланыс құралдары мен автоматтандырылған жүйелерді қиратқан.
Украина шекара қызметі шекара бөлімшелерін басып алу кезінде дөрекі түрде күш қолданылып, қарумен қоқан-лоқы жасалып жатқанын, шекарашылардан Қырымның жаңа басшылығына бағынуды талап еткенін айтады.
"РБК-Украина" бұған қоса Ресей әскери-теңіз күштерінің Қара теңіз, Балтық теңізі және Солтүстік флоттарының аумағында белсенді әрекет ете бастағанын хабарлайды. Телеарна "бұл Қара теңіз флотының Украина аумағында жүріп-тұруі туралы келісімді бұзады" дейді.
Украина ішкі істер министрлігінің өкілі 3 наурыз күні Ресейдің Қара теңіздегі әскери-теңіз күштерінің басшылығы Қырымдағы украин әскерилерінен 4 наурыз күні таңғы сағат 5-ке дейін берілуді талап етіп, берілмеген жағдайда күшпен басып алатыны туралы ескерткенін хабарлаған еді. Ресейдің Қара теңіз әскери флотының қолбасшылығы бүгін ол ақпаратты жоққа шығарды.