Украинада енді орыс тілі ресми тілге айналуы мүмкін. Жоғарғы Рада шілденің 3-і күні орыс тілінің ресми мәртебесін арттыратын заң жобасын қабылдады.
Оппозициялық депутаттар мен билеуші Аймақтар партиясы депутаттары тағы да жұдырықтасып қалды. Жоғарғы Рада спикері Владимир Литвин мен вице-спикер Николай Томенко бұл заңның қабылдануына наразылық ретінде отставкаға кететіндерін мәлімдеді. Литвин заң жобасы "талқылауға дайын емес еді" деген уәж айтқан.
Парламенттегі 364 депутаттың 248-і қолдап дауыс берген заң елдің бірнеше аймағында сот, білім беру және бизнес салаларында орыс тілін украин тілімен қатар қолдануға жол ашады.
Заң күшіне ену үшін оған енді Украина президенті әрі Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович қол қоюы керек.
Қазір Украинаның құқық саласы мен салық құжаттарында украин тілі ғана қолданылады.
Орыс тілінде сөйлейтіндер негізінен елдің оңтүстігі мен шығысында және үлкен қалаларда тұрады. Ал украин тілінде негізінен елдің батысы мен солтүстігі және ауылды жердің халқы сөйлейді.
"МӘСКЕУДІҢ ЫҚПАЛЫНА ҚАРСЫЛАР"
24 мамырда оппозиция депутаттары парламентте заңның талқылануына қарсылық танытып, оның соңы заң жобасын ұсынған Аймақтар партиясының депутаттарымен төбелеске ұласқан. Бір депутат басынан ауыр соққы алып, ауруханаға түскен.
Сол жолы оппозиция депутаттары бұл заң қабылданатын болса, парламент ғимаратын өртеп жіберетіндерін мәлімдеген.
Орыс тіліне ресми тіл мәртебесін беруге қарсы шыққан депутаттардың уәжі - "Заң жобасының авторларының түпкі мақсаты - украина тілінің өз елінде аясы тарылған советтік кезеңге қайтып оралу".
"Біздің Украина - халықтық қорғаныс" ("Наша Украина – Народная самооборона") фракциясының депутаты Олесь Доний Радада алғашқы төбелес болған мамыр айында:
– Заң жобасының авторлары (Аймақтар партиясы - ред.) гуманистік ұрандарды жамылып, ал шын мәнінде украин тілін Украинадан ығыстырып шығаруды көздейді. Заң жобасында "Украин тілін қолдану міндетті емес" деп анық жазылған, "мемлекеттік тіл" деген ұғым да алынып тасталған. Кейбір аймақтарда украин тілін 10 пайыз ғана халық қолданады. Қазір бұл аймақтарда білім беру саласында, телевизияда, жарнама саласында украин тілі міндеттелген. Демек, Украина мектептерін бітірген оқушылар украин тілінде сөйлеп шығады. Ал бұл заң жобасын ұсынып отырғандар Мәскеудің ықпалын күшейтуді армандайды, - деген еді.
Олесь Доний бұл заң жобасы қабылданса, қоғамдағы наразылық асқынып, тұрақсыздық болады деген болжам жасайды.
"ОРЫСТАРДЫ КҮШПЕН АССИМИЛЯЦИЯЛАУҒА ҚАРСЫЛАР"
Ал орыс тілін қолдаған депутаттар "орыстарды күшпен ассимиляциялауға қарсы шыққандарын" айтады.
Заң жобасын жасауға қатысқан Аймақтар партиясының депутаты Вадим Колесниченко Украинада орыс тілі мен украин тілін бір-біріне қарсы қоятын саяси қақтығыс жоқ деген пікірде.
– Бұл заң жобасы парламентте осымен бесінші рет талқыланып отыр. Соңғы рет 2011 жылы наурыз айында талқыланып, өтпей қалды. Сол кезде құжаттың мазмұнына Венеция комиссиясы ескерту айтқан. Біз сол ескертулермен қоса, Еуропарламент пен Еуропа Одағының ұсыныстарын да қаперге ала отырып, заң жобасын қайта жасап шықтық, - деген еді ол мамырдың 25-і күні.

Бұл заң жобасын ұсынып отырғандар Мәскеудің ықпалын күшейтуді армандайды.

Еуропа Одағының ұсыныстарын қаперге ала отырып, заң жобасын қайта жасап шықтық.