Украина парламенті - Жоғарғы Рада 13 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымынан (БҰҰ) Қырымдағы жағдайды реттеуге көмектесуді сұрап, Еуропа Одағымен (ЕО) интеграция орнататынын жария етті. Қырымға қатысты қабылданған үндеуді 250 депутат, оның ішінде "Аймақтар партиясының" екі өкілі қолдап дауыс берді.
Үндеуде Қырым автономиялық республикасындағы жағдайдың күрт нашарлап кеткені айтылады.
Құжатта Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық жасап, егемен мемлекеттің бір бөлігін аннексиялауға ұмтылып отырғаны көрсетілген. Украина Ресейді халықаралық құқық принциптерін өрескел бұзып отыр деп, БҰҰ-ны Қырымдағы жағдайды дереу қарастыруға шақырды.
ЕО-мен интеграциялану туралы қаулыда Жоғарғы Рада Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновқа ЕО-ны Ресейдің Украинаға қатысты саясатына ықпал етудің барлық тетіктерін қолдануға шақыруды жүктеген.
Жоғарғы Рада бұған қоса премьер-министр Арсений Яценюкке қысқа мерзімде Украинаның ЕО-мен ассоциация туралы қаулысына қол қоюға өкілеттік берді.
Украина премьер-министр Арсений Яценюк бұдан бұрын, 12 наурызда Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездескен еді. Президент Обама Яценюкпен кездесуден кейін өткізген баспасөз жиынында бір ғана журналистің сұрағына жауап берген еді. Жиынға ондаған журналист қатысқан.
Бүгін Ресей сыртқы істер министрлігі "сол баспасөз жиынына ресейлік журналистерді кіргізуден бас тартты" деп мәлімдеді.
Министрлік бүгін таратқан мәлімдемесінде "Сөз бостандығы мен журналистердің құқықтары туралы айтуды жақсы көретін Вашингтонның өзі бұл ұстанымдарын орындауға дайын емес сияқты көрінді. Ақ үй алдын ала дайындалған сценарийде жоқ сұрақтарды, мысалы Арсений Яценюктің артында тұрған неофашистік "Оңшыл сектор" ұйымы жасаған қылмыстар туралы естігілері келмейді" делінген.
Ресейдің Қырымға байланысты әрекетін Батыс елдері де айыптап жатыр. 13 наурызда
"Үлкен жетілік" елдерінің басшылары егер Қырымда референдум өткізуді және "аймақтың мәртебесін өзгерту әрекеттерін" тоқтатпаса, онда Ресейге қарсы шаралар қолданатындарын ескерткен. Вашингтонның жеті ел басшылары атынан таратқан мәлімдемесі бойынша, 16 наурызға белгіленген референдумның "заңды күші жоқ" және оның нәтижесін "үлкен жетілік" елдері мойындамайды.
Мәлімдеме экономикалық жағынан қуатты жеті мемлекет - АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Франция, Италия және Ұлыбритания билігінің атынан жасалған.
Бұған дейін "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің Сочи қаласында маусым айында өтеді деп жоспарланған "Үлкен сегіздік" елдері саммитіне қатысудан бас тартып, Ресейдің қатысуынсыз саммитті басқа жерде өткізуге шақырған.
Бұдан бұрын Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов "Ресей Қырым мәселесіне қатысты келіссөздерден бас тартты" деген еді.