АҚШ «қаржылық құрдымнан» қорқып отыр

Нью-Йорк қор биржасы алдындағы адамдар. 31 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қайта сайланған АҚШ президенті Барак Обаманың алдынан "қаржы дағдарысы" қайта шыға келді.

АҚШ-та биыл мемлекеттің қарыздарын азайтуға жәрдем беретін, бірақ ел экономикасының дамуын баяулатып тастайтын екі түрлі іс-шара жүзеге аспақшы.

2012 жылғы желтоқсанның 31-і күні кейбір салықтарды азайтатын жобалар жабылып, алым-салықты өсіретін жаңа заң күшіне енеді. Ол жобалар бюджетті тепе-тең ұстап, үкіметке молырақ табыс кіргізуге ықпал етеді. Бірақ осының кесірінен халықта ақша азайып, сатып алу мүмкіндігі шектеледі.

Екінші жоба бойынша, 2013 жылғы қаңтардың 1-інен бастап бюджеттегі қаржы автоматты түрде шектеле бастайды. Бұл жоба да мемлекеттің шығындарын азайтады, бірақ АҚШ экономикасындағы ақшаны кемітеді. Осы салықтың өсуі мен бюджеттің қысқаруын мамандар «қаржылық құз/құрдым» («fiscal cliff») деп атады.

Лондондағы Сapital Economist институтының маманы Пауэл Дэйлстің есебінше, «қаржылық құрдым» проблемасына орай ойластырылған жобалар 2013 жылдың өзінде-ақ АҚШ экономикасынан 600 миллиард долларды қырқып түседі:

– Егер расында да «қаржылық құрдым» басталса, АҚШ экономикасынан 600 миллиард доллар шығын болмақ. Бұл – елдегі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызы.
Сондықтан АҚШ э

АҚШ сайлауы кезіндегі қор биржасы бағасының индексі.

​кономикасы айтарлықтай құлдырайды. Тіпті, келесі жылы бұл қауіптің алдын алып, экономика екі пайызға өскеннің өзінде солай болмақ. Бірақ АҚШ дағдарысқа ұрынса, экономикалық өсім шамамен жарты пайыз ғана болуы мүмкін, – дейді ол.

Бұл проблема әлемдік экономикаға да зардабын тигізеді. Оның кесірі 2013 жылмен тоқтап қалмайды. Шығындарды автоматты түрде қысқартатын механизм алдағы он жылда үкіметтің шығынын жылына 109 миллиард долларға азайтып отырмақ.

САЯСИ МӘМІЛЕ

Бақылаушылар экономика өсімінің баяулауын инвесторлардың сақтығынан көреді. Инвесторлар «екінші мерзімге сайланған президент қазіргі саяси қиыншылық кезінде экономикалық дағдарыстан қаншалықты сәтті шығады екен» деп әліптің артын бағады.

Демократтар Ақ үй мен Сенатта, республикашылдар Өкілдер палатасында тағы да

АҚШ президенті Барак Обама мен қарсыласы Митт Ромни сайлау қарсаңында. Бостон, 7 қараша 2012 жыл.

басымдыққа ие болған соң, «сайлау бұл істі өзгерте ме» деген үміт әлсірей бастады. Саяси күштердің мұндай ара-салмағы алдағы төрт жылда саяси жағдайды да күрделендіре түседі.

Екі партияның жетекшілері осы аптада Обаманың жеңісінен соң бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Өкілдер палатасының республикашыл спикері Джон Байнердің айтуынша, «депутаттар демократ, не республикашыл емес, америкалық болып жұмыс атқаруға бел байлаған».

Бірақ ол «президент жаңа табыс мәселесінде республикашылдардың жәрдеміне ие болғысы келсе, біздің қарыздарымыздың негізгі себебі болып отырған әлеуметтік шығындарды қысқартуға ықыласты болуы керек» деді.

Саяси қарама-қайшылықтар қаржылық дағдарыстың күшеюіне әжептеуір әсер етті. Себебі екі партияның «мемлекеттің қарызын қалай қысқартамыз» деген мәселедегі пікір қайшылығы осы проблеманы асқындыра түсті.

Республикашылдар салықты өсірмей, мемлекет жұмсайтын қаржыны қысқарту арқылы қарызды азайтуды жақтайды. Демократтар шығынды азайтып, әрі салықты өсіре отырып, екеуін сәтті ұштастыру арқылы мәселені шешкісі келеді. Бірақ бұл пікірмен келісетін адамдарды табу оңай емес. Қазір екі жақ та тезірек бір келісімге келуі керек.

2011 жылдың тамызындағы үкімет қарызын азайту жайлы келісім бойынша, Ақ үй мен Конгресс биыл қарашаның 23-іне дейін екі партия да мақұлдайтын, дефицитті

Нью-Йорк қор биржасы. (Көрнекі сурет)

азайтатын жоспар табуы керек. Егер олар ортақ келісімге келе алмаса, шығындарды қысқартатын бағдарлама 2013 жылы қаңтардың 1-і күні автоматты түрде қосылады. Бұл да «қаржылық құрдымның» бір бөлігі.

Қаржылық дағдарыс жақындаған сайын екі жақ та экономиканы тұралатып тастайтын бұл проблемадан шығатын жол іздеп, жанталасып жатыр. Әзірше Ақ үй мен Конгресс мемлекеттің кейбір қарыздарын азайту үшін салық пен шығындарды реттейтін, экономиканың оңалуына қауіп туғызбайтын жобалар бойынша ортақ келісімге келуі әбден мүмкін.

Вашингтондағы Брукингс институтының бюджет бойынша маманы Изабел Соухилдің пікірінше, қарашаның 7-сі күнгі конференцияда талқыланған қауіптің жартылай болса да алдын алу жобаларын былай түсінуге болады: «экономиканы жаңа рецессия мен «құрдымнан» сақтау үшін алым-салықты көбейтіп, шығынды азайтамыз».

Әзірше АҚШ жетекшілігінің бұл дағдарыстан қалай шығатынын көпшілік болжап біле алмай дал.