АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландтың телефон әңгімесі жарияланып кетті. Онда ол Украинадағы АҚШ елшісімен осы елдің болашағын "жоспарлайды".
Бұл телефон әңгімесі ақпанның 6-сы күні интернетке шықты. Онда Виктория Нуланд Киевтегі АҚШ елшісіне "Еуропа Одағының (ЕО) Украинадағы оқиғаны реттеуге қатысты ештеме істемей отырғанын және оппозиция лидері Виталий Кличконың тәжірибесіздігін, мемлекеттік мекемелерді басқара алмайтынын" қатты ашумен, сөзіне былапыт араластыра айтады.
ЕО РЕАКЦИЯСЫ
ЕО өкілдері Нуландтың ұстамсыз сөздеріне қатысты ешқандай реакция білдірген жоқ. Тек Германия канцлерінің баспасөз қызметі Ангела Меркельдің Нуланд комментарийлеріне "наразы болғанын" хабарлады.
Брюссельдегі Еуропа саясаты орталығының сарапшысы Павел Иван "Еуропа шенеуніктерінің көбі былапыт сөздерді кешіретін шығар, тіпті кейбірлері Нуландтың айтқандарымен келісуі де мүмкін" дейді.
- ЕО-ға мүше елдердің көбі бұл ұйымдағы шешімдердің өте баяу қабылданатынына риза емес. Сондықтан, Еуропада Нуландтың айыптарымен келісетіндер де бар. Әрине, былапыт деген жақсы емес, ЕО өзінің стратегиялық әріптестерінің аузынан ондай инаят сөз естігісі келмейді, - дейді Иван.
Нуланд телефон әңгімесінде Украинадағы оппозициялық УДАР партиясының жетекшісі Кличкоға "болашақта құрылатын жаңа үкіметтен орын беруге болмайтынын, оның тәжірибесіз екенін" айтады. Бұл пікір Германияның Украинаға қатысты позициясымен сәйкес келмейді. Неміс үкіметі Кличконы қолдап, оны оппозициялық "Батькивщина" қозғалысы жетекшісі Арсений Яценюктен жоғары қойып отыр.
Ағылшын тіліндегі телефон әңгімесін мына жерден тыңдай аласыз:
ЕО өкілдерінің Нуландтың телефон әңгімесіне қатысты қатаң реакция білдірмеуінің себептері бар. YouTube-те "Нуландтың әгімесімен" қатар екінші "жазба" жарияланды. Онда ЕО сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кэтрин Эштонның орынбасары Хельга Шмидт ЕО-ның Украинадағы өкілі Ян Томбинскиймен телефон арқылы сөйлескен.
Хельга Шмидт Ян Томбинскийге "АҚШ-тың ЕО-ны "Украинаға қысым жасау үшін түрлі санкциялар жасамады, тым жұмсақ" деп айыптағаны адамды қатты ашуландырады" деген.
Кейбір сарапшылар "бұл әңгімелердің бұлай жарияланып кетуі АҚШ пен ЕО-ны араздастыру үшін немесе екі тараптың да абыройын төгу үшін жасалып жатыр" деп болжайды. Олар "мұның артында Ресей тұруы мүмкін" дейді.
Бұл жазбалар ЕО-ның Украинаға қатысты ішкі тартыстары күшейген кезде жарияланып отыр. ЕО құрамындағы көптеген мемлекеттер Украина билігіне қысымды күшейтуді жақтағанымен, Германия оларға тосқауыл болып келеді.
ЕО ішіндегі Украинаға қатысты кикілжіңдер Эштонның Wall Street Journal басылымына "Батыс елдері Украина билігімен әріптестігін жалғастыра береді" деп сұхбат бергеннен кейін өрши түскен. Эштонның бұл сөзі "ЕО сыртқы саясат ведомствосы мен ұйымның басқа мекемелері арасындағы жұмыс дұрыс үйлестірілмей отыр" деген күдік тудырған.
Павел Иван "телефон әңгімелерінің жарияланып кетуі ЕО мен АҚШ-қа бірге жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін ұқтырды" дейді. Иван сонымен қатар, "АҚШ пен ЕО телефон желілерінің тыңдалатыны әшкереленгенін, олар енді желі қауіпсіздігіне мән беруі тиіс" екендерін айтады.
УКРАИНА
Нуландтың былапыт сөздеріне ЕО реакциясы осындай болса, украиналықтарға бұл "әңгіме" қатты тиген сияқты.
Ең әуелі "Кличконың болашақ үкімет құрамында болмауы тиіс" екені туралы ақпарат украиналықтардың көбіне ұнамаған. "Еуромайдан" шерушілер онсыз да АҚШ пен ЕО-ны "қолдау білдірмеді" деп айыптайды. Кличконың өзі бұл мәселелерге қатысты әзірге жауап қатқан жоқ.
Елші мен Нуланд әңгімесінде Украина оппозициясы жетекшілерінің бірі Олег Тягнибоктың да үкімет құрамынан "тыс қалуы тиіс" екені айтылған.
Олег Тягнибоктың "Ұлттық азаттық" партиясының депутаты Юрий Сиротюк Азаттыққа:
- Бұл оқиғаларға мән бермеуіміз керек. Өйткені бұл әңгімелерді жариялап отырған - Ресей арнайы қызметтері. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) арандатуына түсіп қалмауымыз керек. Олар алдымен бұл жазбалардың түпнұсқа екенін дәлелдесін, - дейді.
Нуланд пен елшінің телефон әңгімесінің жарияланып кетуі, онда олардың Украинаның болашақ үкіметіндегі лауазымдарды кімге беретіндерін айтуы Ресейдің "Украинадағы бүлікті АҚШ шығарып отыр" деген болжамын бекітетін қосымша "уәжге" айналатын түрі бар.
Оппозициялық "Батькивщина" қозғалысының депутаты Сергей Соболев:
- Мәселе - кімнің тыңдағанында. Ресей АҚШ-ты Сноуден арқылы тыңшылық жасады деп айыптады. Ал енді қазір өздерінің тыңшылығы әшкереленіп қалды. Сондықтан Ресей әрекеттерінің ықпалында кетуге болмайды, - дейді.
РЕСЕЙ
Ресей басылымдарында АҚШ-ты айыптаған бірнеше мақала басылды. Соның ішінде "Комсомольская правда" газеті "АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі мен Украинадағы елшісі бұл елдің сыртынан жоспар құрып отыр. Олар Украина халқының пікірін сұрамайды" деп жазды.
Мақалада Нуланд "Молдова еврейлерінің тұқымы" деп сипатталады. "Нуланд былапыт сөз айтып қана қоймайды, ол шерудегі қуыршақтардың енді қандай әрекеттер жасауы қажет екенін айтады. Мұның қасында Ресейді Украинадағы оқиғаларға араласып отыр деп айтудың өзі күлкілі" деп жазады басылым.
Ресейдің "РАТ" мемлекеттік телеарнасы "YouTube-тегі жазбаларды Украина арнайы қызметінің өкілдері жариялаған" деген ақпарат таратты.
Ресей премьер-министрі орынбасарының көмекшісі Дмитрий Лоскутов Twitter-ге "Мен жазбалар туралы олар жарияланғаннан кейін ғана жаздым. Енді менің сол твитімді бар кінәні Ресейге арту үшін пайдаланып жатыр" деген пікір жазды.
(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған - Рахат Мамырбек)