Сиыр етіне жылқы еті қосылғанын білген еуропалықтар қатты наразы болды. Ғалымдардың айтуынша, бұған тұтынушының алданғаны ғана емес, тыйымның бұзылғаны да себепкер.
«Не жейтініңді айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» деген танымал пікірді 1825 жылы француз философы және кулинары Жан Антельм Брилья-Саварен айтқан еді. Бұл сөз арқылы ол «адамдар нені қорек етіп, неден бас тартатыны арқылы өздерінің кім екенін анықтайды» деген пікірді меңзеген.
ЖЫЛҚЫ АЗЫҚ ПА, ӘЛДЕ АДАМНЫҢ ДОСЫ МА?
Қаңтардың ортасында Ирландиядағы супермаркеттердің бірінде сиыр етіне жылқы етін қосып сатқаны анықталғанда дағдарыс басталды. Содан бері Ұлыбританияның, Францияның, Швецияның мұздатылған ет өнімдерінің кейбірінен 100 пайызға дейін жылқы еті табылды. Бұл өнімдер басқа ЕО елдеріне де таралуы мүмкін деген күдік бар.
Кейбір тұтынушылар сиырдың етінің орнына жылқы етін алып қойғандарына наразы болып, өздерін алданғандай сезінеді. Енді біреулер: «Маңғаз, ақылды,
сүйкімді жануар – жылқының етін басқа еттің орнына ұсыну адамдардың ашулануына себеп болды» дейді.
Германияның Бремен қаласындағы Якобс университетінің биология ғылымдарының профессоры Виктор Б. Мейер Роховтың айтуынша, адамдардың мәдени тыйымның (табудың), соның ішінде азық-түлікке байланысты тыйымның бұзылғанына наразы.
Тыйым салынған тағамдар тарихын зерттеген Мейер-Рохов әр қоғамның өз табуы бар екенін, олардың шығу тегі бағзы заманға кететінін айтты. Ежелгі тайпалар белгілі бір жануарды пір тұтып, оның рухын қорламас үшін етін жемейтін болған. Діни сенім бойынша арам саналатын жануарлар да бар. Сондай-ақ жануарларды «адамның серігі» және «азық-түлік көзі» деп бейресми бөлуге болады. Тарихи тұрғыда жылқы осы екі санатқа да енетін болғандықтан, оның мәртебесін анықтау оңай емес.
– Әрине, жылқы етін Еуропаның көптеген елдері, әлемнің көп бөлігі азық ретінде тұтынады. Ғылыми тұрғыда жылқы етін жеуге болмайды деген қағида жоқ, – дейді профессор.
«БЕКЗАТ ЖАНУАРДЫ ЖЕМЕЙМІЗ»
Қазіргі кезде Еуропаның көптеген елдері жылқыға үй жануары мәртебесін берген. Жылқы бұл құрметке өткен ғасырда – автокөліктер мен жүк машиналары, тракторлар өзін жүк таситын көлік қызметінен босатқан соң ие болды. Кейін
Еуропада жылқы кедейлердің асына айналды, одан соң спорт пен демалыста таптырмайтын серік рөлін атқарды.
Еуропаның кейбір елдерінде, соның ішінде Ұлыбритания мен Ирландияда жылқы етін ешкім жемейді, ал Франция мен Швейцарияда оны жейтіндер де, жемейтіндер де бар. Мейер-Роховтың айтуынша, тамаққа қатысты тыйым бұзылған кезде адамдар қатты ашуланады. Себебі гәп тек тамақта ғана емес – мұндай табу әлемнің ән түкпіріндегі тұрғындардың басқа халықтан өзін ерекшелеуі үшін маңызды рөл атқарады.
– Тыйым салынған асты жемеу адамдарды бір топқа біріктіріп, оларды басқалардан ерекшелейді. Олар «Жылқы – бекзат жануар, оның етін жемейміз» деу арқылы жылқыға қоян немесе басқа хайуан сияқты қарайтындардан өздерін жоғары санайды, – дейді ғалым.
Қазір бүкіл Еуропаны қамтыған шулы оқиғаның маңызды екені осыдан-ақ байқалады.
Франция жылқы еті дауының айыпкері ретінде Румынияны меңзегені сол еді, румын президенті Траян Бэсеску «румын ет жабдықтаушылар оқиғаға айыпты болса, елдің абыройына қатты нұқсан келеді» деп мәлімдеді.
ВИДЕО: Қазақстандағы жылқы етін жейтін шетелдіктер
Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.

Your browser doesn’t support HTML5