Молдовада президент сайлауының екінші туры қарсаңында еуропашыл кандидат Майя Сандуға қарсы "қара пиар" күшейді. Оның бәсекелесі Игорь Додон өз партиясының бұған еш қатысы жоғын мәлімдеген.
Президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі АҚШ саяси тарихындағы таңғаларлық құбылысқа айналды. Әлеуметтік сауалнама Хиллари Клинтон жеңімпаз болады деп болжағанымен, бәсекелесінің жұлдызы жанды.
Саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма либерал-демократияға балама тапқысы келетін Ресей президенті Владимир Путин мен «Ислам мемлекеті» тобының іс-әрекеттерінен ештеңе шықпайды деп санайды.
Украинада бүгінгі жергілікті сайлау президент Петр Порошенконың соғысты аяқтап, экономиканы қалпына келтіру жолындағы іс-әрекетінің қаншалықты табысты екенін айқындамақ.
Орталық Азияда кейбір елдерде ауыл шаруашылығында советтен қалған ескі техниканы, әйтпесе ат-соқаны пайдалануға мәжбүр. Совет кезінде техника атқарған кейбір жұмыстар қазір қолмен істеледі.
Екі компания арасындағы кибер қақтығыс виртуалды әлемді тоқтатуға аз қалды. Бұл ғылыми фантастика сияқты естілуі мүмкін. Бірақ осы аптадағы оқиға соған ұқсады.
Чехиядағы Темелин атом электр станциясын ұлғайту мәселесі шыққалы Мәскеу мен Вашингтонның бәсекесі қыза түсті. Чехия АЭС салатын жеңімпазды қыркүйекте жариялайды.
Таяу Шығыста толқып жатқан елдердің ішіндегі жаппай қырып-жою қаруы бар жалғыз ел ретінде Сирия ерекше назарға ілініп тұр.
Иранға мұнай экспорттауға санкция салынған. Бұл ел енді автомобиль экспортын күшейту арқылы экономикалық қысымды жеңілдеткісі келеді.
Авторитарлық үкіметтер "шектен тыс сөз бостандығы тұрақтылыққа қатерлі" дейді. Ал ЕҚЫҰ өкілі Дуня Миятович Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол пікірдің қисынсыз екенін айтты.
Өзбекстандағы балалар сияқты сізге де мәжбүрлеп мақта тергізсе не дер едіңіз? Адамды шаршатып, ығыр ететін компьютер ойыны арқылы бұл күйді бастан кешуге болады.
Жұрттың көбі «электрондық темекі кәдімгі шылымнан гөрі зиянсыз» деп ойлайды. Бірақ оның денсаулыққа әсері әлі толық зерттелген жоқ.
Сиыр етіне жылқы еті қосылғанын білген еуропалықтар қатты наразы болды. Ғалымдардың айтуынша, бұған тұтынушының алданғаны ғана емес, тыйымның бұзылғаны да себепкер.
Көп адам «Құзырлы органдар Skype-тағы (скайп) әңгімемді тыңдай алмайды» деп ойлайды. Расымен бұл солай ма?
Ресей думасы өткен жұмада Орталық Азиядан келген мигранттардың бір алданышы – насыбайға тыйым салатын заң қабылдады. Ал Ресейде жүрген Орталық Азия аймағының өкілі «насыбайды ешқашан тастамаймын» дейді.
Адамзат 1972 жылдан бері Айға аяқ басқан емес. Ең соңғы адам Айға 40 жыл бұрын барған екен. Американың жекеменшік компаниясы «енді кез-келген елдің өкілі Айға саяхат жасай алады» деп отыр.
Азаттық тілшісі Сириядағы үкімет әскерлері мен көтерілісшілер арасында жүріп жатқан қарулы қақтығыс пен қантөгісті тоқтату үшін сыртқы әлем әскер кіргізсе, оның қандай оң, я теріс әсері болады деген сауалға жауап іздейді.
Триполидегі қарулы қақтығыстар Муаммар Каддафиді тақтан тайдырғанына қарамастан елдегі ахуалдың қаншалықты тұрақсыз болып қала бергенін анық көрсетіп жатыр. Көтерілісшілер Ливияның бұрынғы диктаторын қолға түсіріп, өлтіріп тастағалы екі айдан асып кетті.
Еуропаның ортақ валютасының басына бұлт үйірілді. Еуро аймағындағы кедей елдердегі қаржылық қиындықтар еуроны құрдымға тартып барады, ал ортақ ақшаны құтқармақ болған бақуатты елдердің басшылары бір-бірімен тіл табыса алмай жатыр.
Тағы