Ұлыбританиялық Ligo ғылыми-зерттеу компаниясы әлеуметтік желілердің адамға қалай әсер ететіні туралы мәліметтер жариялады.
Зерттеу компаниясының мәлімдеуінше, бүкіл әлемде әлеуметтік желі қолданатын азаматтардың 47 пайызы оған ұялы телефон арқылы кіреді.
Facebook қосымшасына айына 192,8 миллион Android, 147,2 миллион iPhone қолданушысы кіреді екен.
Мобильдік интернет қолданушылардың саны жағынан АҚШ бәрінен алда келеді. Мұнда 200 миллион азамат мобильдік интернет қолданады.
Ал оның бағасының қымбаттығы жөнінен Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея алда келеді.
Интернет бағасы арзандаған сайын 2017 жылға қарай мобильдік интернет қолданушылар саны да арта түспек деп түйін жасайды ақпарат көзі.
Үнемі әлеуметтік желіде отырудың әрбір азаматқа қанша ақшаға түсетіні туралы да есептеліпті.
Twitter-ге күніне бір сурет жүктеп, микроблогтан 10 сурет көретін қолданушы жылына шамамен 125 АҚШ долларын төлейді.
Ал интернетке видео жүктеу бұдан қымбатырақ. Youtube-қа күніне 10 минуттық видео жариялаған азаматтың жылына 438 доллар төлеуіне тура келеді.
Ал Facebook-та күніне бір сағат отырып, бір сурет жүктеп және 10 сурет қарайтын азамат жылына шамамен 470 АҚШ долларын төлейді.
"ЕСІРТКІ МЕН ІШІМДІКТЕН КЕМ ТҮСПЕУ"
Бұл көлік айдап келе жатып интернет қолданатын жүргізушілерге қатысты жасалған тұжырым.
Мамандар әлеуметтік желінің көлік айдап келе жатқан жүргізушіні есірткі шөп немесе ішімдік сияқты алаңдататынын атап өтеді.
Көлік айдап келе жатып мобильдік интернет қолданған жүргізушінің қарапайым жүргізушіге қарағанда апатқа ұшырау мүмкіндігі төрт есе көп.
Зерттеу компаниясы келтірген мысалда 2012 жылы Тэйлор Сауер есімді азаматтың көлік айдап келе жатып Facebook-қа кіріп, тез жазба жариялаймын деп отырғанда жолдан шығып кеткені айтылады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ӘСЕРІ
Әлеуметтік желінің адамның көңіл-күйіне де әсері күшті.
Зерттеу бойынша, қолданушылардың 45 пайызы әлеуметтік желіге кіре алмай қалса, алаңдай бастайтынын айтқан.
66 пайызы ұйықтар алдында әлеуметтік желіні бір сүзіп шықса ғана ойдағыдай тыныға алатынын айтыпты.
Зерттеу компаниясы желіде жиі отыратын азаматтардың жеке өмірінде құпия мәліметтер азайып бара жатқанын да атап өтеді. Бұған қатысты мынадай деректер келтіріледі:
"Әйелдердің 46 пайызы, ер адамдардың 27 пайызы әлеуметтік желінің қай жерде жүргенін көрсетіп тұратынын ыңғайсыз көреді".
Қолданушылардың 64 пайызы өздері танымайтын адамдардың да достығын қабылдай береді екен.
Мамандар әлеуметтік желіге қайта-қайта алаңдамас үшін жиі түсетін хабарламаларды өшіріп тастау керек деп кеңес береді.
Бұған қоса, айына 10 жаңа қосымша жүктейтін қолданушыларға оны Wi-Fi арқылы жүктеу абзалырақ болатынын айтады.
Зерттеудің толық нұсқасын мына жерден көруге болады.
Ligo ғылыми-зерттеу компаниясының зерттеуі әртүрлі компания деректері мен басылымдардың мәліметі негізінде жасалыпты.