Алматының іргесіндегі "Алтын Орда" базарының саудагерлері жабық павильон салу үшін қожайынға берген ақшасы ізім-ғайым жоғалып кете ме деп алаңдайды. Өйткені базарды қазір ақша жиған компания емес, басқа адамдар басқарады. Ал құрылыс басталса да жұмыс баяу жүріп жатыр.
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың кітап шығаруына да тыйым салынды. Мұндай шешімді 25 қыркүйекте Алматыдағы Бостандық аудандық сот шығарған. Мамайдың өзіне салынған тыйымдарды нақтылау жөніндегі өтінішін қараған судья "кітап шығару қоғамдық жұмыс саналатынын" айтып, оған тыйым салды.
Орал қаласында тұратын ерлі-зайыпты кәсіпкерлер жер мәселесі жөніндегі заңгер әрі мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекті және аймақтық "Уральская неделя" газетін сотқа берді. Құрылыс компаниясының иелері сотқа депутат Базарбек өндіріс нысанының жанынан салынып жатқан тұрғын-үй кешеніне қатысты шыққан дауға пікір білдіріп, кәсіпкерлерге тіл тигізіп, моральдық шығын келтірді деп шағымданды. Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды.
Қырғызстан президентінің зайыбы басқаратын қор өз жобаларына 123 млн доллар алған, оның бір бөлігі – Қытай қаржысы. Бұл туралы Temirov LIVE зерттеу агенттігінің зерттеуінде айтылған. Қор ақпаратты "шындыққа сай емес" деп атап, жоққа шығарды.
Қаржы министрлігі шетелден, халықаралық ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қаржы алатын жеке және заңды тұлғалардың тізімін жариялады. Онда түрлі салада жұмыс істейтін 240 ұйым мен жеке тұлға: БАҚ, құқық қорғау ұйымдары, қоғамдық қорлар, журналистер бар. Бұл нені білдіреді?
"Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен тағы 40 шақты адамның соты жабық түрде өтетін болды. Судья оны "адамдардың өміріне қауіп төніп тұр" деп түсіндірген.
Қазақстандық ЖОО-ға дейінгі дайындық орталықтары ресейлік оқу орындарына сұраныс өсіп келеді дейді. Ол жақта оқып жүрген студенттер мен ата-аналары қауіп-қатерге қарамастан Ресей университеттерінде қалатынын мәлімдеді. Неліктен?
Нью-Йоркте АҚШ пен Орталық Азия басшыларының саммиті өтті. Осы сәтте ғимарат сыртында Тоқаевқа санкция салуды талап еткен наразылар тұрды.
АҚШ пен Орталық Азияның бес елінің алғашқы саммитінде Вашингтон аймақ қауіпсіздігіне бөлінетін қаржыны ұлғайтып, бес елге пайдалы қазбаларды игеруге және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға жәрдемдесетінін мәлімдеді. Саммит қарсаңында HRW АҚШ президентін адам құқықтарын басты орынға қоюға үндеген.
Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Құзырлы орган мәлімдеуінше, Самат Әбіш "Қаңтар оқиғасына байланысты күдіккен ілінген".
19 қыркүйек күні Нью-Йоркте "Орталық Азия + АҚШ" саммиті өтеді. C5+1 форматында бұл келіссөз аймаққа не береді?
Жаңа оқу жылы басталысымен Орталық Азия елдері бірінші және 12-сынып аралығындағы 15 миллионнан астам оқушыға білім беруде қиындыққа тап болды. Көпшілігінде оқушы саны күрт өсіп, мектеп, оқулық пен мұғалім жетіспей жатса, Түркіменстандағы проблема басқасына ұқсамайды. Бұл елде, керісінше, оқушылар азайып кеткен.
Арал теңізінің ахуалы қиын. Орталық Азия президенттері бас қосқан жиында өңірдегі су мәселесінің қиындап бара жатқаны айтылды. Теңізді құтқару мүмкін бе?
Өзбекстан билігінің сұрауы бойынша 2022 жылы Алматыда ұсталған қарақалпақ белсенділері – Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов 13 қыркүйекте қамаудан шықты. Себеп – экстрадициялау үшін қажетті қамаудың мерзімі аяқталған. Алайда олардың ендігі тағдыры не болары белгісіз.
Армения басшылығы Ресейге ашық қарсы шығып, мәлімдеме жасай бастады. Бұған қоса, елде АҚШ жасағының қатысуымен әскери жаттығу өтіп жатыр. Бұл Ереван Мәскеуден іргесін аулақ сала бастады дегенді білдіре ме?
Түрмедегі азаматтық белсенді Марғұлан Боранбай соққыға жығылды деген хабар тарады.
Оқу жылы басталғанда хиджап дауы тағы ушықты. Министрлік пен мүфтият мәлімдемесі мәселені екі жаққа тартты.
Тағы