«Көкжайлауды сақтаймыз» бастамашылар тобы Алматы маңындағы тауларда орналасқан, ондаған жыл бойы жергілікті билік пен қоғам белсенділері арасындағы дауға себеп болып келген шатқалды дамыту жобасын қолға алған. Маусымның 25-і күні экобелсенділер Алматы әкімдігі ұсынған жобадан бөлек, өздері дайындаға
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында алматылық суретші Алексей Уткиннің "Мен әр қырлымын" ("Я такой разный") атты жеке көрмесі ашылды.
Алматыдағы республикалық неміс драма театрты (РНДТ) айына бір рет театр кештерін өткізуді дәстүрге айналдырған.
Алматыда "Көкжайлау" курортының жобасына қатысты қоғамдық тыңдау шиеленісті өтті. Таулы шатқалға курорт салуды қолдаушылар мен қарсылар бір-біріне дауыс көтере сөйледі.
Punch In The Face ("Беттен ұру") бұл тәуелсіз AРТиШОК театрының жаңа туындысы. Оған 2018 жылы жазда болған оқиғаларға қатысты қазақстандықтардың әлеуметтік желі, блогтар мен ақпарат құралдарындағы реакциялары арқау болған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы, қазір Қазақстан гольф федерациясын басқаратын Нұртай Әбіқаев және бірнеше шенеунік Алматыда өткен турнирде гольф ойнады.
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Жаңа фильм түсіру құқығын жеңіп алған сценарий авторларының да аты белгілі болды.
Мұхтар Әуезовтің 92 жыл бұрын жазылған "Қарагөз" пьесасы Қазақстанның театр сахналарынан түспей келе жатыр. Неміс тіліндегі нұсқасын Алматыдағы мемлекеттік неміс драма театры (DTK) ұсынды. Оны Наташа Дубс пен Флориан Бильбао сахналаған.
Алматыда Қазақстан спорты тарихына арналған екі көрме араға күн салып ашылмақ. Көрмелердің бірінде әйгілі ақын Жамбылдың спорт төрешісі болғаны туралы да мәлімет бар.
Алматыда қазақстандық режиссер Катерина Суворованың «Ертеңгі теңіз» деректі фильмі прокатқа шықты. Фильм Арал теңізінің жұрнақтары қалған немесе суы мүлде тартылып кеткен жерде тұратын адамдар туралы баяндайды.
75 жыл бұрын Алматыда орталық бірлескен көркем фильмдер студиясы құрылып, 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Студияда 23 толық метражды, 10 қыcқа метражды фильм түсірілген. Бірлескен киностудия Қазақ ССР астанасының мәдени өміріне де біраз өзгеріс енгізді.
Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың дипломатиялық байланыс орнатқанына 25 жыл толу құрметіне арналған концертке қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен және АҚШ-тың 18 жас музыканты қатысты.
Алматыда ресейлік фильмінің ашық көрсетілімі болды. Фильм кейіпкерлері Қырым аннексиясынан кейінгі Ресейдегі жаңа саяси жағдайды зерделейді.
Алматы облысында - Алматыдан 25 километр жерде, 27 және 28 тамыз күндері «Ұлы дала рухы» халықаралық этникалық мәдениет фестивалі өтті.
Алматыда жүрек ишемиясы дертінен қайтыс болған танымал музыкант Болат Сыздықовты жерледі. Ол 60 жасына және өзі құрған «Мюзикола» дуэтінің 25 жылдығына жетпей дүниеден өтті.
Алматыда он бесінші джаз фестивалі ашылды. Алғашқы концерт Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтті.
Тілеуберді Бинашевтің скульптуралары ежелгі балбалдарды еске түсіреді. Алматыда шебердің «Қазақи қиял» көрмесі ашылды.
Алматының орталық мемлекеттік мұражайында неміс суретшілерінің көрмесі жұмыс істеп жатыр.
Алматыда Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің кейбір шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының фестивалі өтті. Бұл ұйым жыл сайын ислам әлемінің үш астанасын жариялайды. 2015 жылдың бір астанасы ретінде Алматы таңдалған.
Тағы