Ермек Тілеген 2010 жылдан бері Азаттықта редактор болып жұмыс істейді.
– Бұрыш-бұрышқа сағыз лақтырушыдан бастап ұстап, тіркеуге алып, саусағының таңбасын түсіріп, келесі рет істейтін болса жауапқа тартылатындай етіп, хаттама толтыру керек. Алдымен, әрине, ескерту. Әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салып, одан болмаса үш күнге жауып дегендей, – деді президент Назарбаев
– Мұнайшылардың айлығы Қазақстанның өндірістік секторында ең жоғары болғанын да айту керек. Мұнайдан түскен пайдаға келсек, ол түгелдей елдің ұлттық қорына аударылып жатыр. Назарбаев «бізде құдды мұнай жоқ сияқты өмір сүргенді, жұмыс істегенді үйренуіміз керек» деп бірнеше рет қадап айтқан, – деді Ермұхамед Ертісбаев.
– Біз, қазақтар, Боратты ойлап тапқан Саша Барон Коэнге қарыздармыз. Ол көбімізді, тіпті мені де армансыз күлдірді. Бірақ оның пародиялық деректі фильмі ақпарат құралдарының назарын Қазақстанға ерекше аударды – бұрын мен ондайды тек армандаушы едім, – деген еді Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов.
«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш оқиғаны ғана айтайын.
Одан кейін продюсер Баян Есентаева сөйледі, сөйлегенде бүй деді: – Сіз бізге – әйелдерге ғана емес, ерлерге, әрине, балаларымызға да кумир адамсыз. Бүгін бізге талай жылы сөз айттыңыз. Сіз осы жерге кіріп келгенде мен бір өзгеше күйге түстім. Қуаныштан ба, бақыттан ба, білмеймін – көзім жасаурап кетті сол кезде. Сіздің энергетикаңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. – Сезіліп тұра ма? – деп сұрады президент Назарбаев. – Сезіліп тұрады, – деді продюсер.
– «Билет маған керек емес. «Нұр Отанға» кірмеймін» деп жыртып лақтырып тастағам. Сосын куратор: «Оны жыртуға болмайды, оқудан шығарамыз» деп, деканға апарды. Ал декан болса: «Сенің оқып жатқаның – «Нұр Отанның» арқасы. Сені оқытып жатқан – «Нұр Отан». Оған кіру керек» деді. «Нұр Отан» оқуыма төлеп жатқан жоқ қой кіретіндей» деп едім: «Түсінбейтін мал екенсің, саған протокол толтыру керек екен» деді, – дейді студент.
Негізі, Абай атамызды Ертісбаев мырзаның есіне салмай-ақ қояйын деп едім – ол жарықтықтың өзінде де кінә бар. Өйткені сөзі «әлеуметтік араздықты қоздыру» жайлы бапқа сай келе кететін адамның бірі - Абай. Басқасын айтпағанда, «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең жазып, бай мен кедейді бір-біріне айдап салмақ болғанының өзі неге тұрады?!
«Қайран Тұрсынбай сөйтіп бөтен елдің зообағында жатып, өскен жерін сағынып құсадан қайтыпты. Әйткенмен де Тұрсынбайдың осы тағдырының өзі бізге терең ой салғандай. Біздің ғой Батысты бетке алып безе жөнелетін қашқындарымыз туған жерді, артта қалған елді сағынбақ түгілі, көз жасын бір сығуға да жарамайды. Сонда олардың бегемоттан бетер, сусиырдан суық болғаны ма?»
- Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер? Азаматтардың қауіпсіздігін қорғайтын шығарсыздар. Біз де сөйттік. Өзім ол жаққа бардым. Әрине, адам өлгені өкінішті болды. Көңіл айту үшін өзім бардым ол жаққа, - деді Назарбаев.
«30 жылдай ішкі істер саласында қызмет еткен полковник Ақылбек Медеубековтің айтуынша, полиция қызметкерінің имиджі дәл осылай қорланған емес»: - Бастықтың орынбасарын ұрып-соққаннан кейін барып қару қолдануға мәжбүр болған екен. Қазіргі мәліметтер бойынша, олар бейбіт тұрғындарға оқ атуға мәжбүр болыпты, - дейді Ақылбек Медеубеков.
– Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
- ...Ендеше, мен біреулер ортаға от жақты екен деп қалай ереуілдеп кетемін? Осы жасқа келіп, пиғылы жат біреулердің айтағына еріп, көйлегімнің етегін желбіретіп, «Ойбай, қырылып жатырмыз, Президентке қарсымын» деп көшеге шығатын жағдайым жоқ, - деді Фариза Оңғарсынова.
– Шуылдақтың арасында бір-бірімен төбелесіп жатқан жап-жақсы елдердің экономикасы құлдырап, 10-15 жылға артқа кетті. 30 миллион Египеттің халқы 80 миллионға жетіп, жап-жақсы боп отырған болатын. Ең өркендеп өскен Африкадағы ел – Тунис болатын. Барлығының экономикасы артқа қарай кетті, халық қаңғып қалды. Соны біз жеткізе білуіміз керек, – деді Қазақстан президенті стипендия иелеріне.
- ...Кейінге со... қооо... «өртеп, неғыламыз» деп, сондай хабар келді бізге. Ана қыз қайта қайта бізге звондап, дежурный частьқа қайта қайта шығады: «Мені қорғаңдар, мені қорғаңдар!» деп. Содан кейін біз қару алып, сө йерге барған кезде... Уже қарасақ, зданиенің бәрін өртеп келатыр екен, таспен ұрып, неғылып... Содан кейін қару қолдана бастадық, - деді бірінші полицей.
- Халық байи бастады. Байыған адам қызметші жалдайды, жүргізуші жалдайды, ауылдағылар бақша салдырады. Қалтасына ақша түсіп, бос уақыты табылады. Сол бос уақытты олар білімін арттыруға, скрипка үйренуге, тағы бірдеңеге, сурет салуға жұмсаса ғой. Жоқ, ол сол бос уақытын тән қалауы мен өңшең жаман істерге жұмсайды. Міне, байлықтың кесірін көрдіңдер ме. Біз – жас ұлтпыз, жұмыс істеуіміз керек, - деді.
Қазір Қазақстанда ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 63,5 жас. АҚШ ғалымдарының қисынына салсақ, қазақтың ең алғашқы, тұңғыш президентінің 127 жыл жасамасқа хақы жоқ. Сондықтан Назарбаев айналасындағы «елді тұрақсыздық пен хаосқа бастап бара жатқан реакцияшыл күштерден» алдағы 56 жылда әбден құтылады, Жармахан мырза!
– Кеден одағында мәселені үш президент пәтуаласып шешеді. Біз Ресейден егемен боламыз. Осыны ойладыңдар ма? Мен «Жоқ» десем, ештеңе шешілмейді. Өз егемендігіңде отырған қалай, Ресейден егемен болған қалай? Бұл – саяси мәселе. Ғалым ретінде дұрыс сараптап, жұртқа дұрыс түсіндіріңдер. Мұны түсінердей етіп айттым ба?
«Батыстың ойшылы айтады: «Билікке фашистер келді. Біздің көшеде тұратын коммунисті ұстап әкетті, содан соң еврейді, славянды. Мен ештеме деген жоқпын. Ең соңында мені тұтқындады. Айғайладым. Көмектеспек түгілі дауысымды еститін ешкім де жоқ еді...»
– Әлі күнге дейін балаларға Алдар көсе туралы ертегі айтамыз. Осы дұрыс па? Бала деген ертегі кейіпкерлерін үлгі тұтуға лайық деп ойлайды ғой. Алдар көсе деген кім өзі? Ол алаяқ, алдамшы біреу. Оның үйретері – заң бойынша жазалауға лайық қылмыс – алаяқтық, – деді мәжіліс депутаты Камал Бұрханов,
«Гоги, сенің Тбилисиде сарайың бар – бірақ бізде де біраз нәрсе бар. Сенің екі «Мерседесің» бар – бізде де бар. Сенің жасырын цехың, бірнеше көңілдесің бар... Бірақ біз де сорлы емеспіз. Кәнеки, онда нағыз коммунист Гоги үшін ішіп қояйық!» - деген анекдот айтты Қазақстан президенті.
Тағы