Жеті ай бұрын Ресей Украинаға басқыншылық жасағанда, эмигранттардың алғашқы легі елден кете бастады. Қыркүйекте президент Владимир Путин мобилизация жариялаған соң, олардың саны күрт артты. Бірақ сарапшылар соғыс кесірінен эмиграцияланған ресейліктердің нақты санын айту қиын дейді.