Қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді.
Ресей бастаған соғысты аяқтау, Украинамен сирек минералдар жөнінде келісім және Вашингтон мен НАТО-ның жаңа қарым-қатынасы. Халықаралық саясаттағы бас айналдырар жаңалықтар легін қысқаша түсіндіреміз.
Freedom House халықаралық адам құқықтары ұйымының "Құқық үшін күрес" деп аталатын жылдық есебінде әлемде еркіндік тағы шектеле түскені айтылған. Зерттеушілер кейінгі 19 жылда еркіндік нығаймай келеді дейді. Ұйым Орталық Азия елдерін "еркін емес" деп бағалаған.
Украинаның Францияда жаттыққан 155-жеке механикалық бригадасында дезертирлер көбейіп, командирі қамауға алынып, қалған жауынгерлер құрал-жабдық тапшылығына шағынып жатыр. Қазір бұл бригада Покровск қаласын Ресейдің шабуылынан қорғау міндетін атқарып отыр.
Астана әкімдігі "Сергек" бақылау жүйесін жаңартуға шетелден инвестор тартқанын мәлімдеді. Біріккен араб әмірлігінде тіркелген Presight компаниясы Астана көшелеріне жаңа бейнебақылау камераларын қондырып, видеодеректі жасанды интеллектімен өңдемек. Шартта тараптарға қандай талап қойылатыны анық емес.
14 ақпанда Астана әкімдігі "Сергек" бақылау жүйесін жаңартуға шетелден инвестор тартқанын мәлімдеді. Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген Presight компаниясы Астана көшелеріне жаңа бейнебақылау камераларын қондырып, видеодеректерді жасанды интеллектімен өңдемек.
Қытай қазағы Қанат Ережептің туыстары бір жылдан бері одан хабар ала алмай отыр. Жасы тоқсанға келген анасы Сақыш Ережепқызы "көзім тірі тұрғанда ұлымды көрсем" деп армандайды. Шыңжаңдағы қазақ тілінде хабар тарататын телеарнаны 20 жыл басқарған Қанат Ережеп былтыр Қытайда қамауға алынған.
Қазақстан үкіметі Каспий теңізінің түбін тереңдетпек. Яғни қазғалы жатыр. Оған себеп - теңіз суы тартылып, жүк кемелерінің жүріп-тұруы қиындаған. Премьер-министрдің сенат депутаттарына жолдаған хатында бұл жұмыстың жалпы құны 42 миллиард теңге (шамамен 84 млн доллар).
2022 жылы сәуірде Азаттық тілшісі Вера Гирич Киевте қаза тапты. Ол тұрып жатқан үйге Ресей зымыраны түсті.
Мемлекеттік аудит Назарбаев Университеті 73 миллиард теңгені "тиімді пайдаланбады", бұған қоса 500 млн теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзылған деп отыр. Оқу орнының экс-президенті Шигео Катсу қазіргі басшылықты айыптады. Басшылықтан жауап талап еткен студенттер қуғын көріп жатқанын мәлімдеді.
Тағы