Палестина мен Израиль лидерлері 4 жылға созылған қантөгісті тоқтату мен бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мақсатында өздері кеше жариялаған бітімді іске асыру үшін елдеріне оралды. Екі арадағы сенімді орнатудың алғашқы шарасы ретінде алдағы аптада Израиль 500-ге жуық палестиндікті түрмелерден босатып, Газа аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қара жұмысшылардың шектеулі тобын Израильге жұмысқа жібереді және Батыс жағалаудағы 5 қаланы 1 аптаның ішінде Палестинаның құзырына беруге тиіс. Израильге қарсы сансыз шабуыл жасап келген Палестинадағы экстремистік “Хамас” пен “Ислам джиһады” топтары бітімге келу туралы келісімге қосылмай, Израильдің іс-әрекетін өздері бағалайтынын мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы