Белград. Соғыс қылмыстары бойынша Гаага трибуналы да Босния сербтерінің бұрынғы қолбасшысы Младич тұтқындалды деген ақпараттың өздерінде жоқ екендігін мәлімдеді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де Младич турасындағы жаңалықты растайтын ақпаратымыз жоқ деді. Кеше бірқатар БАҚ-да көптен іздеуде жүрген Балқан соғысы қылмыскерлерінің бірі – Ратко Младичтің ұсталғаны турасында хабарлар жарық көрген болатын. Ратко Младичке соғыс қылмыстарын жасады, атап айтқанда, 1995 жылы Сребреницада 8 мың босниялық мұсылман азамат пен ер балаларды жаппай қыру шараларын ұйымдастырып, жүзеге асырды деген айып тағылған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы