БАҒДАД. Бүгін Ирақта, Бағдадтан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Бакуба қаласының түбінде қаскүнемдер кем дегенде 19 адамды өлтіріп кетті. Қара Таппа қаласы әкімшілігінің өкілі хабарлағандай, төтенше оқиға бүгін таңертең 3 мини-автобус Бакуба қаласына жете берген кезде болған. Оның айтуынша, 25-тей қарақшы автобустағы жолаушылардың арасынан 4 сүннитті бөліп алып, ішінде студенттер мен балалар және қарттар болған қалған жолаушыларды түгел атып қырып кеткен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы