Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бұл миграцияның өсуі, оның жалпы жағдайы туралы алғаш рет жасалып отырған жан-жақты статистикалық құжат дейді. Осы есепті дайындау барысында онымен жұмыс істегендер мигранттар қатарына тек қана ұзақ мерзімге тұрақты тұруға келгендерді қосқан, олардың арасына студенттер немесе науқанды жұмыскерлер, не заңсыз мигранттар кіргізілмеген.
Сандық көрсеткіштер бір ел мен екінші елге қарағанда түрліше өзгеріп отырады. Мәселен, Финляндияға қоныс аударушылардың саны төрттен бірге азайса, Британия өз есігін Европа одағы қатарына жаңадан қабылданған елдердің жұмыскерлеріне айқара ашқандықтан, бұл елге барған мигранттар саны өсе түскен. Сөйтіп барлығы 2004 жылы бұл аймаққа ұзақ мерзімге қоныс аударғандар саны 3 миллионға жеткен.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Джорж Лематри АҚШ-қа барған мигранттар саны 34 процентке дейін артқан дейді.
- АҚШ-да 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Green card жүйесіне бірқатар шектеулер қойылған болатын, енді ол қайтадан кең қолданыла бастады. Сонымен бірге мигранттар саны қатты өсіп кеткен елдер де бар. Олар - Австралия, Ұлыбритания, Италия және Испания. Бұларға негізінен жұмысшылар келеді.
Халықаралық миграция туралы бұл есепте басқа да бірқатар кейінгі пайда болған бағыттарға назар аударылған. Соның бірі халықаралық деңгейдегі студенттер санының тым өсе түскендігі, мәселен 1998-2003 жылдар аралығында студенттер деңгейі 45 процентке артқан.
Ал бұлармен салыстырып қарағанда баспана сұраушылар саны кеми түскендігі байқалған. Жоғарыда айтылғандай мигранттардың негізгі көп бөлігі орталық және шығыс Европа мен Латын Америкасынан шыққандар екен.
2004 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне тұрақтаған мигранттардың ең көбі румындар болған, олардың жалпы саны 196 мың адам. Ал Украина мен Ресейдің әрқайсынан қоныс аударғандар 65 мыңнан болған.
- Экономикалық ынтымақтастық және дамуы ұйымы елдерімен шекаралас елдер жұмысшыларға уақытша жұмыс рұхсатымен ел ішіне кіруге мүмкіндік береді. Сол шекаралас, әсіресе Чехия , Словакия сияқты елдерге қоныс аударушылар көп болады. Оларға келетіндердің көпшілігі Ресей, Украина, Молдова, Румыниядан, - дейді Лематри.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебінде бұл аймақтар болашақта жұмыс қолын көп қажет ететін болады деп жазылған. Өйткені ол дәулетті елдердің тұрғындарының тым қартайып бара жатқандығы шындық.