АШХАБАД: Түркіменстан үкіметі таяуда ғана түрмеде отырған кезінде кенет қайтыс болған журналист әрі адам құқын қорғаушы Огулсапар Мұрадованың туыстарын сыртпен байланыстырмай отыр. Ол туралы “Хьюман райтс уотч” ұйымы хабарлайды. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында осы халықаралық ұйымның өкілі хабарлағандай, марқұм Мұрадованың отбасы мүшелері ғана емес, Ашхабадта тұрмайтын туыстары да сырттан толық хабар үзген. “Азаттық” Радиосының Түркіменстандағы тілшісі Огулсапар Мұрадова тамыз айында “заңсыз оқ-дәрі ұстады” деген айыппен 6 жылға сотталды. Оның отбасы Огулсапарды түрмеде қасақана өлтірді деп есептейді.
О.Мұрадованың отбасы ғана емес, Ашхабадта тұрмайтын туыстары да сырттан толық хабар үзген
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы