ПАРИЖ: Бүгін Ресей президенті В.Путин Францияға барады. Парижде ол францұз президенті Жак Ширакпен келіссөз өткізіп, сенбі күні екі елдің лидерлеріне Германия канцлері Ангела Меркель келіп қосылуға тиіс. 3 жақты бас қосудың күн тәртібінде Ресейдің көмірсутегі шикізатын Еуропаға тасымалдау, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыс және Еуропаның аэроғарыштық консорциумына Ресейдің қатысуы мәселелері тұр. Мәскеу аталған консорциум акцияларының 5 пайызын таяуда ғана сатып алған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы