БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті - Жогорку Кеңештің төрағасы президент Құрбанбек Бәкиевті конституцияны реформалау мәселесі бойынша референдум өткізбеуге үгіттеп, оның орнына ұлттық парламентпен өзара уәжге келудің жолын іздеуге шақырды. Оның алдында Қ.Бәкиев егер конституцияның жаңа жобасындағы келешек үкіметтің құрылымы бойынша парламентпен 20-сыншы қарашаға дейін келісімге келе алмаса, Ата заңның жобасын желтоқсан айында ұлттық референдумға шығаратынын мәлімдеп, ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы