ТАЯУ ШЫҒЫС: Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Наблус қаласының орталығында Израиль армиясы орнатқан комендант сағаты екінші күн қатарынан күшінде қалды. Қалада терроризмге қарсы ауқымды операция жүзеге асырылу үстінде. Израиль жауынгерлері партизандар мен қару-жарақ іздеп, әрбір үйді тінтіп жүр. Екі жақты қақтығыстардың барысында палестиналық 10 азамат пен 2 Израиль жауынгері жараланды. Палестина жағы еврей армиясының бұл әрекетіне наразығын білдірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы