КАБУЛ: Халықаралық Қызыл Крест комитеті Ауғанстан армиясы мен халықаралық күштерді және “Талибан” қозғалысын шайқас кезінде бейбіт халықты қырмауға шақырды. Бүгін аталған Комитеттің президенті Джейкоб Келленбергер ауған үкіметінен Кабулдан оңтүстікке қарай орналасқан Пули-Шархи түрмесіндегі тұтқындардың әділ тергеліп, әділ сотталуына кепіл болуын талап етті. Ауғанстанда болған 1 апталық сапарын қорытындылай келе Келленбергер түрмелердің көпшілігін аралағ,ысы келетінін мәлімдеп, Кабулдан солтүстікке қарай орналасқан Баграмдағы АҚШ базасында тұтқындар болғандардың проблемасын көтерді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы