Қарағанды қаласындағы «Тірлік» атты мүгедектер қоғамының төрайымы Роза Петрусь дүйсенбі күні «Азаттық» радиосына қаладағы өздігінен жүре алмайтын мүгедектер мен олардың күтушілері қалалық әкімшілік алдына наразылық шарасын өткізді деп хабарлады. Оның айтуына қарағанда, наразылық шарасына түрткі болған мәселе - осы жылдың басында сот ұйғарымымен І-ші топтағы мүгедектерді күтушілердің есеп-шотының тұмшаландырылып, олардың тиісті жалақысын ала алмауы себеп болған. Жалақыларын ала алмаған жеке күтушілер мүгедек жандармен жұмыс істеуден бас тарта бастаған.
«Ал біздер өздігімізден жүріп-тұра алмаймыз. Біз күтушілердің көмегіне мұқтажбыз. Сондықтан жеке күтушілерге қаржы төленуі тиіс», - дейді «Тірлік» атты мүгедектер қоғамының төрайымы Роза Петрусь.
Мүгедек жандардың талап-тілегін естіген қалалық әкімшілік осы аптаның сәрсенбісі күні өз жауаптарын беретіндігін мәлімдеген.
«Егер біздің бүгінгі өтінішіміз ескерілмесе алдағы сәрсенбі күні қоғамдық қозғалысты тоқтатып, жолды жауып тастауға дайынбыз», - дейді Роза Петрусь.
Қарағандылық мүгедектер көшеге шығып жатқан уақытта БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер туралы жаңа Конвенциясының күшіне енген күнін атап өтті. 2006 жылдың желтоқсанында мақұлданған бұл құжатты 25 мемлекет мақұлдап үлгерген екен. Бұл құжат 650 миллион мүгедек жанның құқығы мен денсаулығын, білім алуы мен жұмысқа орналасуын, қоғамдық салаларға еркін араласуын қарастырмақ.
Алматы қаласының тұрғыны ІІ топтағы мүгедек Захира Бегалиева, өз мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Өзі сияқты жандарға көмек көрсетіп жүрген ол соңғы уақыттары кіріп-шығудың өзі қияметке айналды, дейді.
- Осыдан үш ай бұрын аяғыма операция жасатып, енді міне, өздігімнен жүре алмай қалдым. Бұрын қанша мүгедек әйелдермен жұмыс істесемде мұны білмеппін. Қазір балдақпен шығып-түсу өте қиын. Өтіп бара жатқан адамға мені көтеріп екінші қабатқа шығарып тастаңызшы деп айтудың өзі қиын. Жеке күтушісіз жүріп тұру деген мүмкін емес, - дейді Захира Бегалиева.
Баратын жеріне жете алмау Захира Бегалиева сынды балдаққа сүйенген немесе арбаға таңылған мүгедектер басындағы проблема. Сондықтан қарағандылық мүгедек азаматтардың талап-тілегін үкімет ескеруі тиіс дейді Захира Бегалиева. Оның айтуына қарағанда, мүгедек жандарды күтушілер болар-болмас ақы алады.
«Бұл мәселені айтып құзырлы органдарға талай хатта жаздық. Бірақ әлі күнге жауап болмай келеді. Статистика бойынша біздегі орташа жалақы 300-350 АҚШ доллары көлемінде деп айтылады. Осы рас болса мүгедектерді күтушілердің еңбекақысы да сол шамада болуы керек деп ойлаймыз. Себебі, олар күні-түні біздің қасымызда болады - киіндіреді, шешіндіреді, көтерді. Бұл - өте ауыр ғой. Астымыздан зәрімізді шығарады. Сонда алатындары бар болғаны 100 доллар көлемінде ғана», - дейді Захира Бегалиева.
Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 420 мыңға жуық мүгедектер бар екен. Олардың бар болғаны 8 пайызы ғана жұмыс істесе, қалған 92 пайызы тек мүгедектік жәрдемақымен күнелтеді екен.
«Үміт» есту қабілеті шектеулі мүгедектерді қолдау орталығының өкілі Аманбике Ергалиева: «Қазақстандағы мүгедектер жәрдемақысын өзге елдердегі мүгедектердің жәрдемақысымен салыстыруға мүлде келмейді. Мысалға, Венгрияда есту қабілеті шектеулі мүгедектер 500 евро алады, Финляндияда 900 евро алады. Осы елдердің мүгедектерінің саны біздің елдің мүгедектерінің саны жағынан артық болмаса кем емес. Ал біздің Қазақстанда 15 млн. халықтың 3 пайызы ғана мүгедек болып есептеледі. Сол 3 пайыз мүгедекке жақсы өмір сыйлауға Қазақстанның экномикалық мүмкіндігі жетеді. Біз оны қазір көріп отырмыз. Бүгінгі таңда мүгедектердің өмірі өте нашар. Еңбекке қабілетті мүгедектер жұмыс істегеннің өзінде олардың жалақысы бар болғаны 5-6 мың теңге көлемінде», дейді.
Қоғамдық ұйым өкілдері, өзге елді айтпағанның өзінде, көрші Ресей елінде мүгедектерге бұрынғы Кеңес одағы кезінде көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктер сақталып қалғанын мысалға келтірді. Ресейде 1-2 топтағы мүгедектерге коммуналды қызмет түрлеріне 50 пайыз жеңілдік қарастырылса, қоғамдық көлікте тегін жүреді, медициналық қызмет түрлері тегін көрсетіледі, дейді қазақстандық мүгедек жандар.