Грузия тұтқындалған Ресей бітімгершілік күштерін азат еткендігін хабарлады. Ресейдің 4 сарбазы қажетті құжатсыз қару-жарақ тасымалдады деген күдікпен сейсенбі күні қамауға алынған болатын. Грузия ішкі істер министрлігінің өкілі Шота Утиашвилидің мәлімдеуінше, әлгі бітімгершілік күштерінің бәрі қамаудан босатылған, бірақ қару-жарақтар тергеу ісі аяқталмайынша қайтарылмайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы