Accessibility links

Хамза Ғабдолла: «Өмірлік патша болып қалыңыз деп едім, күліп, қолымды қысты»


Хамза Ғабдолла, №6 мектептің директоры, қазақ тілі мен әдебиетінің және тарих пәндерінің мұғалімі. Атырау, 1 қазан 2009 жыл.
Хамза Ғабдолла, №6 мектептің директоры, қазақ тілі мен әдебиетінің және тарих пәндерінің мұғалімі. Атырау, 1 қазан 2009 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаевқа мәңгілік президент мәртебесін беру бастамасы енді Атырауда қайталанды. Атырау Байдосовының аты-жөні - Хамза Ғабдолла. 70 жасар мектеп директоры Хамза ақсақал ұсыныстың ешкімнің жетегінсіз өз өзегі мен жүрегін жарып шыққан терең ойдан туғанын айтады.

Жетпіске толған Хамза Ғабдолланың жасы да президентпен шамалас. Ол 1964 жылдан бері мектепте ұстаздық етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің маманы.

Совет үкіметі жылдарында белсенді партия қызметкері болған. Кейіннен біраз уақыт білім саласынан қол үзіп, үкіметтік қызметтер де атқарған. Соңғы екі жылда Атыраудағы №6 мектеп директоры. Хамза Ғабдолла Азаттыққа берген сұхбатында президентке мәңгілк патша болып қалуды ұсынған ойы дұрыстығына сенімді екенін айтты. Ол өз сөзінің дәлелі ретінде тарихи тұлғалар Абылайханды, Әбілқайыр ханды мысал етті.

«ХАНДЫ ҚАЙТА-ҚАЙТА САЙЛАЙ БЕРГЕННЕН МҮЙІЗ ШЫҒА МА?»


– Хамза ақсақал, айтыңызшы егер Назарбаевқа мәңгілік президент болу жайлы ұсынысты Байдосов мырза жасамаған болса сіз айтар ма едіңіз?

– Айтар едім. Өйткені көп жағдайда үлкен кісіге қарсы айтылып жатқан сынға ақсақалдар ренжитінін естіп жүремін. Әрине, жастардың ойы бөлек болуы мүмкін. Бірақ мен сияқты, маған жақындаған қарттардың аузында бір сөз. Ол «патшаны ауыстыра бергеннен пайда таппаймыз.Ханды қайта-қайта сайлай бергенде мүйіз шыға ма? Бір кісі басқаруы керек» деген әңгіме.
Патшаны ауыстыра бергеннен пайда таппаймыз. Ханды қайта-қайта сайлай бергенде мүйіз шыға ма? Бір кісі басқаруы керек

Баяғыда Абылайхан, Әбілқайыр хандар да елді көздері жұмылғанша басқарған жоқ па? Таққа талас ол кезде де болған шығар, бірақ сақалды билер ол кісілерді өзгерттірген жоқ қой.Соның арқасында емес пе ұланғайыр жерімізді аман сақтап отырғанымыз?. Сондықтан «өмірлік патшамыз болып қалыңыз» деп ақтөбелік профессор айтпағанда бәрібір мен айтқан болар едім

– Дегенмен, ақсақал, сіздің президентке осындай ұсыныс жасауыңыздың бір себебі бар шығар?

– Бұған нақты ешқандай себеп жоқ. Соңғы кезде Президент төңірегінде сөз көбейді.Бірақ жұрт «президенттің арқасында 18 жыл болды тәуелсізбіз. Қазақстанды көп ел таныды. Ал ертең президент сайлауы болса, басқа біреу келіп өз саясатын енгізуге тырысады» дегенді айтады. Оның үстіне Назарбаевты 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болуға сайлап жатыр. Бұл оның дүниежүзі алдындағы беделін көрсетеді.Сондықтан Назарбаев президент болып қала бересе қайтеді деп ойладым. Президент алдында сөйлеуіме мүмкіншілік жасалған соң атыраулықтар атынан «Сіздің мәңгілік патша болғаныңызды халық сұрап жатыр» деген тілек білдірдім. Елбасының деніне саулық тілеп, халықтың сенім артатынын айттым. Ол кісі риза болғандай болды. Қолын берді.

«АЗҒАНТАЙ КЕМШІЛІКТІ ЖАСЫРА БІЛУІМІЗ КЕРЕК»

– Ақтөбелік профессор Закратдин Байдосовтың өмірлік президент жөніндегі ұсынысын жергілікті билік арнайы айтқызды деген пікірлер де туындап жатыр.Бәлкім әкімшіліктегілер тарапынан сізге де осындай ұсыныс жасалған болар?

– Жоқ, ондай әңгіме болған жоқ. Жалпы мұндай лақапты президентке қарсы топтар таратып жүрген болар. Мемлекет басшысына қарсы шығып жамандағанда бізге қарағайдай мүйіз шықпас. Халықтың елбасын жақсы көретіні рас. Осыны төмен жақтан, мына біздер неге айтпаймыз деген өз ойымнан туған әрекет.

– Президент те пенде. Егер ол оқыс қателер жіберіп қойса өмірлік патшалыққа сайлаған адамды қалай жазаға тартуға болады?

– Ол жағын мен білмеймін.Ел басының қандай қате жіберетіне баға беретін біз емес.

Біз қазіргі еліміздің тыныштығы, экономиканың дамып жатқаны сол кісінің арқасы деп түсінеміз.Мәселен, қазір бәрі дағдарыс деп шулап жатыр. Бірақ соны сезіп жатқан қазақ жоқ. Кез-келген жарлы деген қазақ бәлен 100 мың теңгеге мейрамхана жалдап той жасайды. Құдалығын да тойханаға шақырады.Соған қарамай кейбір оқыған азаматтар президентті сынауға әзір тұрады.Ол дұрыс емес. Азғантай кемшілікті жасыра білуіміз керек.

– Әңгімеңіз үшін рақмет, ақсақал!

«ӨМІР БОЙЫ ДЕГЕН МЕРЗІМ ТЕК ТҮРМЕДЕ ҒАНА БОЛАДЫ»


Хамза Ғабдолланың Н.Назарбаев мәңгілік патша болып қалсын деген ұсынысын «Азат» партиясы филиалының төрағасы Жалғас
«Өмір бойы» деген мерзім тек түрмеде болады. Ал бұлар президенттің қарттықты дұрыстап қарсы алуына да мүмкіндік бермей отыр
Тікенбаев ақымақтық және әкімшіліктің арнайы ұйымдастырған қойылымы деп бағалап отыр. Тіпті, оның айтуынша өмір бойы деген мерзім түрмеде ғана болады.

– Алдымен бүкіл атыраулықтар атынан сөйлеуге оған ешкім құқық берген жоқ. Бұл жай қойлым ғой. Назарбаев қай аймаққа бармасын жергілікті әкімдер осылайша бір-екі адамы дайындап қояды. Президенттің өзін де бұл ойын жақын арада жалықтыруы мүмкін. Ал шындығында келгенде олар президентке ор қазып жүр. «Өмір бойы» деген мерзім тек түрмеде болады. Ал бұлар президенттің қарттықты дұрыстап қарсы алуына да мүмкіндік бермей отыр. Өткен күндерден Брежневтің, Андроповтың өмірлерінің соңғы жылдарында кеңес үкіметін қалай билегенін ұмытқан жоқпыз. Ал Н.Назарбаев келер жылы 70-ке толады. Адам қартайған сайын оның даңқұмарлығы қоза түседі. Сондықтан ол не иә, не жоқ деп айтпай отыр,-деп мәлімдеді Азаттық тілшісіне оппозиционер Ж.Тікенбаев

Бұған дейін өмірлік президент жайлы ұсынысты Н.Назарбаевтың Ақтөбеге сапары кезінде профессор З.Байдосов пен ақтөбелік тағы бір мектеп директоры Юлия Савченко айтқан болатын.

Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру мәселесін қызу қолдаған «Нұр отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев «Ұлт көшбасшысы» туралы заң жобасын дайындау керек деген ой тастаған болатын. Алайда кейбір сенаторлар оны президенттің өзінен сұрау керек десе, енді бірі референдум арқылы халық шешсін, тағы бірі қабылдау керек деген еді.
XS
SM
MD
LG