Accessibility links

Бішкекте белгісіз біреулер үш милиционерді атып өлтірді


Сейсенбі күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Қырғызстан астанасындағы жедел-іздестіру шарасы барысында азаматтардың құжатын тексермек болған үш милиция қызметкеріне қарсы автоматтан оқ атылды.

Оқиға Бішкектегі №8 шағынауданда болған. Сондағы бір үйде бірнеше кісінің атқан оғынан Бішкектің Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының үш қызметкері бірден мерт болыпты.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, милицияға қарсы оқ атқандар желтоқсанның 25-інде Бішкек полициясы басқармасы жанында автокөлікте жарылыс жасауға әрекеттенгені үшін, ал оған дейін қарашаның 30-ында Бішкектегі Қожамқұл атындағы спорт сарайы маңында жарылыс жасағаны үшін қылмыстық іздеуде жүрген діни экстремистік топ мүшелері болуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG