Accessibility links

АҚШ: Сирия әскері Алеппоға соққы беруге дайындалып жатыр


Әскери шараның басталуынан қауіптеніп Алеппо қаласын тастап шыққан тұрғындар. 25 шілде 2012 ж.
Әскери шараның басталуынан қауіптеніп Алеппо қаласын тастап шыққан тұрғындар. 25 шілде 2012 ж.
АҚШ Сирияның үкімет күштері Аллепо қаласында көтерілісшілерді басып-жаншуға әзірленіп жатыр деп қауіптенеді. АҚШ мемлекеттік департаменті сенімді ақпарат көздерінен алынған деректерге сүйеніп, Алеппо қаласына әскери әуе күштері мен танктердің шоғырлануы көтерілісшілерге қарсы үлкен операцияның жақындап қалғанын білдіреді деп мәлімдеді.

Алеппода бекінген көтерілісшілердің үкімет әскерінің шабуылынан қорғану мақсатында қару-жарақ және дәрі-дәрмектер даярлап жатқаны туралы ақпарат тарап отыр. Екі миллион тұрғыны бар Алеппо қаласы Сирияның экономикалық орталығы саналады.

Оппозициян белсенділері бейсенбі күні Сирия әскері қаланы зеңбіректер және тікұшақтардан атқылап, салдарынан отыздан астам қаза тапқан деген дерек айтты.

Өміріне төнген қауіптен бассауғалаған бейбіт тұрғындар елден кетіп жатыр. Осы кезге дейін мыңдаған адам Сирияны тастап Түркия, Ливан, Иордания мен Иракқа босып кетті.

Халықаралық қауымдастықтың Сириядағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешу әрекеттері әзірге нәтижесіз қалып отыр. БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер бұл мәселеде ортақ пікірге келе алмады.
XS
SM
MD
LG