Accessibility links

Тәжікстанда 131 веб-сайтқа тосқауыл қойылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Жақын арада Тәжікстанда жалпы саны 131 интернет сайтына тосқауыл қойылатын болады. Үкіметтің жанындағы байланыс қызметі жұма күні кешке елдегі провайдерлерге осындай бұйрық бергені хабарланып отыр.

Үкіметтің қырына ілінгендердің көпшілігі музыка және видеолар жүктеуге арналған сайттар, дегенмен арасында Twitter, "Вконтакте" және "Одноклассники" тәрізді әлеуметтік желілер де бар.

Биылғы жылдың басынан бері Тәжікстанда биліктің бұйрығы бойынша Би-би-си, Азаттық радиоларының, Facebook әлеуметтік желісінің, YouTube, сондай-ақ жергілікті бірқатар жеке меншік ақпарат құралдарының сайттарына тосқауыл қойылып, кейін алынып тасталды.

Тәжік билігі ол сайттардың "азаматтардың сұрауы бойынша жабылғанын" мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG