"Әл-Қаида" террорлық ұйымы бұрынғыға қарағанда әлсіреді, бірақ сонда да қауіп төндірерліктей жағдайы бар" деді ұйымның қазіргі жағдайы туралы БҰҰ сарапшылары.
БҰҰ сарапшыларының Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған есебіне қарағанда, "Әл-Қаиданың" жаңа басшысы Айман әл-Зауахири ұйымның Пәкістандағы бөлімінің басшылығын қайта жасақтай алмаған.
Баяндамада "Әл-Қаидаға" қатысы бар түрлі топтардың тактикаларын жетілдіріп, жаңа нысаналар іздестіріп жатқаны, әлі де ауқымды, үлкен шабуылдар жасауға шамасы бар екені айтылады. Алайда сарапшылар "Әл-Қаида" мен оның әр елдердегі бөлімдері бұрынғыдай емес, бытыраңқы, тек еркін идеология айналасына бірігіп, терактілер жасауға үйренген" дейді.
"Әл-Қаида" ұйымы мен оның түрлі бөлімдері бірнеше елде әрекет етеді. Ұйым көптеген елдерде ірі террорлық шабуылдар жасаған.