Бірнеше ай әрі-сәрі күй кешкен Армения ақыры Ресей бастаған Кеден Одағына кіретінін мәлімдеді. Ал Украина керісінше, қараша айында Вильнюсте Еуропа Одағы туралы келісім-шартқа қол қоймақ. Аймақтағы басқа елдер де осындай таңдау алдында тұр, екі ұйымға бірдей мүше болудың мүмкін емес екені белгілі. Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагель АҚШ демократияны қолдау ұлттық қорының директорлар кеңесінің вице-төрайымы, экономист Джуди Шелтонмен осы тақырып туралы әңгімелесті.
Азаттық: Ресей, Қазақстан және Беларусь 2010 жылы баж салығы салынбайтын Кеден Одағын құрды, қазір оны кеңейтіп, бұрынғы советтік елдердің көп бөлігін қамтығысы келеді. Ресейдің аймақтағы экономикалық ықпалы ұлғайып барады, мұның мәнісі не?
Джуди Шелтон: Мәскеу бұрын өзіне бағынышты болған аймақты экономикалық жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан да билегісі келеді. Ресейдің мақсаты – бұрынғы Совет Одағы тәрізді жаңа ұйым құру. Бірақ қазіргі Ресейдің экономикалық үлгісі мақтанарлықтай емес. Экономикасы шикізат пен мұнайға тым тәуелді, сыбайлас жемқорлық меңдеп алған, өте ауқатты олигархтар қарапайым азаматтардың есебінен қалтасын толтырып отыр.
Сондықтан Мәскеу Кеден Одағына қосылуы мүмкін басқа елдерге үлгі көрсетуі тиіс, ал одаққа кіргісі келген елдер «сыртқы инвестиция кеміп кетпей ме?» деген сұрақ төңірегінде ойланулары керек. Ресейдің өнеркәсібі құлдырап, еңбек нарығы кеміп барады, екінші тоқсанда ол небәрі 1,2 пайызға өсті, ал (жыл сайынғы) инфляция - 6 пайыз. Көп елдер мұндай үлгіні қажет етпеуі мүмкін. Кез-келген мемлекет ұйымға қосылмас бұрын «жеке еркіндігімді неге айырбастаймын, неге кері кетемін?» деп ойлануға тиіс.
Азаттық: Мәскеу өзін пост-советтік елдердің ірі тауар сатып алушысы, энергиямен жабдықтаушысы ретінде көрсетеді. Кремль «сондықтан тығыз интеграциялық байланыс өте маңызды» дейді. Бұл уәждің экономикалық дәлелі қандай?
Шелтон: Айтарлықтай емес. Экономикалық өсімнің қозғаушы күші мемлекет жаңарып, дамыған сайын өзгереді. Қазір Украина Ресейге 12 миллиард 300 миллион еуроның тауарын экспорттайды. Ол Еуропа Одағына одан да көп – 12 миллиард 900 миллион еуроның тауарын шығарады. Мұның өзі – өткен жылдың көрсеткіші. Ресей оларды энергиямен жабдықтап отыр. Кремльдің осының негізінде табиғи бірлестік тәрізді ұйым құруды ұсынуы бұл елдер үшін сәтті тәжірибе болады деп ойламаймын. Енді АҚШ-қа қарап көріңіз. Географиялық орналасудың маңызды екені рас, сондықтан Канада мен Мексика – АҚШ-тың негізгі сауда әріптестері. Бірақ үшінші орында Қытай, Жапония немесе Германия тұр. Одан кейін Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Үндістан деп кете береді. Бұл әлемнің әр түкпірінде орналасқан елдер, сондықтан саудада шекаралас болу міндетті емес. Оларға АҚШ импортының - 67 пайызы, экспортының 60 пайызы тиесілі.
Ресейдің «бізге көрші елдердің Кеден Одағына кіргені пайдалы, Украинаның әрекеті өз-өзіне қол салғанмен тең» деген пікіріне қарамастан, Беларусьті мысалға ала отырып, олардың әрекетіне көз жүгіртейік. Ресей осы айда Беларуське тасымалдайтын мұнайдың 25 пайызға кемігенін мәлімдеді, болашақта олар беларусь сүт өнімдерін шектеуі мүмкін. 30 тамызда Беларусьтен шошқа етін экспорттауды тыйды. Кеден Одағы арқылы Ресейге тәуелді болатын елдер «Беларусьтің күйін кешкіміз келе ме?» деп ойлануы қажет. Бұл жерде бір мемлекеттің бақылауды күшейткісі, қалған елдерді жазалығысы келетінін байқаймыз.
Азаттық: Киев «Екі бағытты да ұстанамыз – Еуропа Одағына да қосыламыз, Кеден Одағына да кіреміз» деді. Бірақ алдымен Брюссель, сосын Мәскеу ол шешіммен келіспейтіндерін айтты. Екеуінің неге олай мәлімдегенін түсіндіре аласыз ба?
Шелтон: Еуропа Одағының ұстанымы бойынша одақ құрамына кіруге бел буған немесе онымен сауда байланысын орнатуға тырысқан әр елдің ешкімге тәуелсіз сыртқы сауда саясаты болуға тиіс. Ал Украина Кеден Одағына енсе, оның сыртқы сауда саясаты Ресейге тәуелді болады.
Мәскеудің көзқарасына келсек, олар Украина Еуропа Одағы елдерінен тауарды тарифсіз импортқа алып, кейін оны Кеден Одағының құрамына кіретін елдерге арзанға сатуы мүмкін, солайша бұл отандық өнімге кесірін тигізеді дейді. Ал сіз Кеден Одағының мүшесі болсаңыз, еуропалық өнімдерді арзанға, тарифсіз сатып алуға қарсы болар ма едіңіз? Егер қарсы болсаңыз, онда сіз отандық экономикаңызға септеспей, жасанды қорғанысқа көшіп, өнімсіз нарықпен отыра бересіз.
Қазір Еуропа Одағы Ресейдің ірі сауда әріптесіне айналғанын түсінуіміз керек. Бірақ Ресей басқа елдердің, соның ішінде Украинаның Еуропа Одағымен жақсы байланыста болғанын қаламайды, оларды қорқытып-үркітеді. Өзі Еуропа Одағының қызығын көріп отыр, басқаларға қимайды.
Азаттық: Ресейдің экономикалық амбициясы күндердің бір күнінде Қытайды да қамтитын жаңа экономикалық аймақ құру ұсынысына ұласпай ма? Бұрынғы советтік елдер экономикасын Ресеймен байланыстыруға тиіс пе, әлде Еуропа, Ресей, Қытай сияқты ірі сауда алыптарына тәуелсіз өз жолын тапқаны дұрыс па?
Шелтон: Ресейдің Қытайды өз экономикалық ұйымына қосып алу туралы ниеті болса, Қытай оған мысқылдап қана қарайтын шығар. Себебі Қытайдың экономикалық өсімі Ресейден әлдеқайда жоғары. Бұл еркіндігін сақтап қалғысы келетін тәуелсіз елдерге ескерту. Олар ірі сауда державаларының бәрімен, оның ішінде Еуропа Одағымен де әріптес болу жайын ойластыруы керек.
Олар болашақты ойлап, Ресей, Беларусь және Қазақстаннан құралған Кеден Одағына қосылса, дамуы шектелетінін түсініп, сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасау қабілетін күшейтетін Еуропа Одағын таңдағаны дұрыс.
Пост-советтік кез-келген ел халықтың болашағын ойлап, тарихты еске түсіріп, Кеден Одағы арқылы Ресейдің бұрынғы үстемдігін қалпына келтіруді көздейтінін ұмытпағаны жөн. Ресей талантты тұлғалар ұмтылатын, болашағы бар ел болғандықтан емес, ықпалым кеміп барады деген қорқынышының кесірінен басқа елдерден бағыныштылықты талап етеді. Сондықтан Украина сияқты елдер қатардағы еуропалық мемлекет ретінде табысқа жетіп жатса, Ресей одан қауіптенеді. Мұндай елдер Кеден Одағына кіруге міндеттіміз дегенді емес, өз мүдделерін ойлап сақтануы керек.
Азаттық: Ресей Кеден Одағына кіретін елдерден Еуропа Одағы сияқты демократиялық және құқықтық реформалар жасауды талап етпейді. Кремль үшін ол елдердің үкіметінің ашық, жария жұмыс істеуі мен сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуы маңызды мәселе емес. Кеден Одағына қосылуы ықтимал елдердің азаматтары Ресеймен бірігуге күмәнмен қарауы тиіс емес пе?
Шелтон: Ресейдің саяси реформалар жүргізуді, заң үстемдігін орнатуды, коррупциямен күресті талап етпеуіне басқа елдер күмәнмен қарағаны жөн. «Бізбен бірге жүр, бізде стандарттар мен құндылықтар жоқ» деген сөзге алдануға болмайды. Кеден Одағына қосылғысы келетін ел демократия мен адам құқығына немесе саяси еркіндікке, экономикалық мүмкіндікке құрметпен қарамайтын ұйымға мүше боламыз деп мақтанады дегенге сенбеймін. Заң үстемдігін немесе сыбайлас жемқорлықпен күресті маңызды деп білмейтін ұйымға мүше болудан сақтану керек.
Чарльз Рекнагельдің сұхбатын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Ресейдің өнеркәсібі құлдырап, еңбек нарығы кеміп барады, екінші тоқсанда небәрі 1,2 пайызға өсті, инфляция - 6 пайыз.

Бұл жерде бір мемлекеттің бақылауды күшейткісі, қалған елдерді жазалығысы келетінін байқаймыз.
Ресейдің «бізге көрші елдердің Кеден Одағына кіргені пайдалы, Украинаның әрекеті өз-өзіне қол салғанмен тең» деген пікіріне қарамастан, Беларусьті мысалға ала отырып, олардың әрекетіне көз жүгіртейік. Ресей осы айда Беларуське тасымалдайтын мұнайдың 25 пайызға кемігенін мәлімдеді, болашақта олар беларусь сүт өнімдерін шектеуі мүмкін. 30 тамызда Беларусьтен шошқа етін экспорттауды тыйды. Кеден Одағы арқылы Ресейге тәуелді болатын елдер «Беларусьтің күйін кешкіміз келе ме?» деп ойлануы қажет. Бұл жерде бір мемлекеттің бақылауды күшейткісі, қалған елдерді жазалығысы келетінін байқаймыз.
Азаттық: Киев «Екі бағытты да ұстанамыз – Еуропа Одағына да қосыламыз, Кеден Одағына да кіреміз» деді. Бірақ алдымен Брюссель, сосын Мәскеу ол шешіммен келіспейтіндерін айтты. Екеуінің неге олай мәлімдегенін түсіндіре аласыз ба?
Шелтон: Еуропа Одағының ұстанымы бойынша одақ құрамына кіруге бел буған немесе онымен сауда байланысын орнатуға тырысқан әр елдің ешкімге тәуелсіз сыртқы сауда саясаты болуға тиіс. Ал Украина Кеден Одағына енсе, оның сыртқы сауда саясаты Ресейге тәуелді болады.
Мәскеудің көзқарасына келсек, олар Украина Еуропа Одағы елдерінен тауарды тарифсіз импортқа алып, кейін оны Кеден Одағының құрамына кіретін елдерге арзанға сатуы мүмкін, солайша бұл отандық өнімге кесірін тигізеді дейді. Ал сіз Кеден Одағының мүшесі болсаңыз, еуропалық өнімдерді арзанға, тарифсіз сатып алуға қарсы болар ма едіңіз? Егер қарсы болсаңыз, онда сіз отандық экономикаңызға септеспей, жасанды қорғанысқа көшіп, өнімсіз нарықпен отыра бересіз.
Ресей басқа елдердің Еуропа Одағымен байланыста болғанын қаламайды. Өзі Еуропа Одағының қызығын көріп отыр, басқаларға қимайды.
Қазір Еуропа Одағы Ресейдің ірі сауда әріптесіне айналғанын түсінуіміз керек. Бірақ Ресей басқа елдердің, соның ішінде Украинаның Еуропа Одағымен жақсы байланыста болғанын қаламайды, оларды қорқытып-үркітеді. Өзі Еуропа Одағының қызығын көріп отыр, басқаларға қимайды.
Азаттық: Ресейдің экономикалық амбициясы күндердің бір күнінде Қытайды да қамтитын жаңа экономикалық аймақ құру ұсынысына ұласпай ма? Бұрынғы советтік елдер экономикасын Ресеймен байланыстыруға тиіс пе, әлде Еуропа, Ресей, Қытай сияқты ірі сауда алыптарына тәуелсіз өз жолын тапқаны дұрыс па?
Шелтон: Ресейдің Қытайды өз экономикалық ұйымына қосып алу туралы ниеті болса, Қытай оған мысқылдап қана қарайтын шығар. Себебі Қытайдың экономикалық өсімі Ресейден әлдеқайда жоғары. Бұл еркіндігін сақтап қалғысы келетін тәуелсіз елдерге ескерту. Олар ірі сауда державаларының бәрімен, оның ішінде Еуропа Одағымен де әріптес болу жайын ойластыруы керек.
Олар болашақты ойлап, Ресей, Беларусь және Қазақстаннан құралған Кеден Одағына қосылса, дамуы шектелетінін түсініп, сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасау қабілетін күшейтетін Еуропа Одағын таңдағаны дұрыс.
Ресей болашағы бар ел болғандықтан емес, ықпалым кеміп барады деген қорқынышы кесірінен басқа елдерден бағыныштылықты талап етеді.