Accessibility links

Мүгедек әйел «Нұр Отан» партиясына наразылық білдірді


Зағип әйел Қазына Махмедова "Нұр Отан" партиясына наразылық жазылған плакат ұстап Астананың орталығындағы алаңда отыр. 12 қыркүйек 2013 жыл.
Зағип әйел Қазына Махмедова "Нұр Отан" партиясына наразылық жазылған плакат ұстап Астананың орталығындағы алаңда отыр. 12 қыркүйек 2013 жыл.
12 қыркүйекте Көкшетау қаласының тұрғыны Қазына Махмедова Астананың орталығына қолына «Нұр Отан – Ұры Отан» деген жазу ұстап шықты деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қос жанары көрмейтін Махмедованың сөзінше, ол үш қызымен 2006 жылдан бері тұрып келген Көкшетаудағы жатақхананың 11 шаршы метрлік бөлмесінен айрылып қалу қаупі төнген. Мүгедек әйел журналистерге жергілікті билік орындарына өзінің жағдайын айтып қаншама рет барғанымен, ұзақ уақыттан бері әділдік таба алмай жүргенін, шарасыздықтан Астанадағы «Нұр Отан» партиясының кеңсесінің алдына барып аштық акциясын өткізбекке бекініп келгенін айтты.

Махмедоваға келіп жолыққан «Нұр Отан» партиясының өкілдері оның арызын тыңдауға кеңсенің ішіне алып кірді. Арада біраз уақыт өткенде Азаттық тілшісі телефон арқылы тілдескен Қазына Махмедова билік партиясы кеңсесіне келген мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваға жолыққанын, депутат Көкшетау қаласы әкіміне осы мәселе бойынша хат жазғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG