Accessibility links

Билл Гейтс қызметінен кетті


Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс.
Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс.
Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетеді.

Компания таратқан ресми мәлімдемесінде Гейтстің бұдан былай технологиялық мәселелер бойынша кеңесші рөлін атқаратыны айтылған. Гейтстің орнына директорлар кеңесінің төрағасы болып Үндістаннан шыққан, 46 жастағы Сатья Наделла тағайындалған. Наделла бұл компанияда 22 жылдай қызмет істеген және соңғы уақыттары қызмет көрсету және бизнес бөлімін басқарған.

Сатья Наделла компанияның 39 жылдық тарихында Билл Гейтс пен Стив Балмерден кейінгі үшінші бас директор болып отыр. Гейтс пен Балмер өткен жылы тамыз айында зейнетке кету ниеттері барын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG