Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығы (1989 жылдың 15 ақпаны) жақындаған сайын совет-ауған соғысының ардагерлері патриотизм мен интернационалдық борышты өтеу (СССР ресми лексикасында олардың миссиясы осылай аталған) туралы және өздерінің проблемалары жайлы жиі айта бастады.
Олардың айтуынша, соңғы жылдары мемлекет ардагерлердің материалдық жағдайын мүлде нашарлатып жіберген бірнеше заң қабылдаған.
Кейбір деректерге сәйкес, совет-ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан. Олардың 924-і қаза тауып, 22-сі хабар-ошарсыз кеткен, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Ауған соғысы ардагерлері «соның бәрі ұмыт болып барады» дейді.
«ҚАЛА ШЕТІНДЕГІ ГОСПИТАЛЬҒА ЖЕТУ ҚИЫН»
«Жауынгерлік бауырластық» ардагерлер одағының жетекшісі, запастағы полковник Сергей Пашевич Азаттық тілшісіне совет-ауған соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлердің қазіргі тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп берді. Ауған соғысы ардагерлері қатары жылдан жылға азайып барады.
- 1992 жылы Алматыда 7 мың болғанбыз, қазір 5 мыңға жетпейміз. Әркім әртүрлі тұрмыс кешіп жатыр. Біреулер бизнеске кетті. Біреулер екі қолының арқасында нәпақасын тауып жүр. Ал ондай да мүмкіндігі жоқ ардагерлер тұрмысқа жайлы деген Алматының өзінде әрең күнелтеді, - дейді Сергей Пашевич.
Пашевичтің айтуынша, алматылық ардагерлердің 45 пайызға жуығының тұрақты жұмысы жоқ. Баспанасыз қиналып жүргендері де көп. Оның сөзіне қарағанда, Алматыда баспана кезегінде жүзден аса ауған соғысы ардагері тұр. Қазақстанның тұрғын үй туралы заңдары да ауған ардагерлерінің жағдайын ескермей өзгертілген.
- Екі жыл бұрын депутаттар тұрғын үй қатынастары туралы заң қабылдады. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгенімен, «ауғандықтарды» мүлде шеттетіп тастады. Олар бірінші кезекте баспана алу құқығынан айырылып қалды, - дейді Сергей Пашевич.
Пашевичтің айтуынша, совет-ауған соғысы ардагерлерінің медициналық көмек алу құқығы да жиі бұзылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған госпитальға жатып, емделу үшін олар кезекте жылдап тұрады.
Сергей Пашевич Алматының орталығынан қиыр шетіне көшірілген әскери госпитальға науқас немесе мүгедек ардагердің жетуі қиын екенін түсіндіріп:
- «Ауғандық» офицерлердің әскери госпитальға жатып, емделуіне болар еді. Бірақ 70-разъезге апарып тастаған әскери госпитальға кім барады? – деді.
Пашевичтің айтуынша, ауған ардагерлерінің арасында өлім-жітім де көп. Уақытында арнайы медициналық және оңалту көмегін алмағандықтан, жылына 10-15 адам қайтыс болады.
Оның айтуынша, билік ауған ардагерлеріне, оның ішінде мүгедектерге салық салу заңдарын да күшейтіп жатыр. Кәсіпкерлікпен айналысатын ауған соғысының ардагерлері бұрын кіріс салығын төлемейтін. Енді олар кірісі белгілі бір сомадан асып кетсе, салық төлейтін болды. Баспана салығына да өзгеріс енгізіп, енді ауған ардагерлері үйдің құнына қарай салық төлейді.
ҚАЗІР КАРТАДА ЖОҚ ЕЛ ЖҮРГІЗГЕН СОҒЫС
Оның айтуынша, «ауған» ардагерлерінің құқығын жыл сайын шектеу арқылы мемлекет совет-ауған соғысынан сырт айналып оны «біздің соғыс емес» деп, ал ауған ардагерлерін «мемлекетке масыл болып отырғандар» деп көрсеткісі келетін сияқты.
Сергей Пашевичтің пікірінше, ауған ардагерлері қоғамы болашақ жауынгерлердің бойында әскери борыш пен антқа деген адалдықты, үкіметке мүлтіксіз бағыну қасиеттерін қалыптастыратын әскери-патриоттық жұмысты белсенді жүргізіп отырғанымен, жыл өткен сайын билік совет-ауған соғысы ардагерлері мен олардың мұқтаждығына көңіл бөлмей барады. Сергей Пашевич «өткен аптада орталық мұражайда совет-ауған соғысына арналған көрменің ашылу салтанатында Алматы қаласы басшылығынан ешкім – не қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі, не оның екінші, тіпті «оныншы» орынбасарларының бірі де қатысқан жоқ» дейді.
- Бірақ олардың қайсысы қатысса да ауған соғысы мен оған қазақстандықтардың қатысуы туралы саяси баға беруіне тура келер еді, - дейді ардагер.
Ол мұны совет әскерлері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін өткен ең бірінші ресми шарамен салыстырады. 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстандағы совет әскерлерінің қолбасшысы генерал Борис Громов Өзбекстан мен Ауғанстан арасында жатқан Әмудария өзені үстіндегі көпірде тұрып, «менің артымда бірде-бір совет солдаты қалған жоқ» деп мәлімдеген. Соңғы совет колоннасын қарсы алуға жиналған халықтың арасында Мәскеуден бірде-бір партия функционері болған жоқ. Тарихшылардың жазуынша, Ауғанстандағы жосықсыз соғыс Совет Одағының күйреуін шапшаңдатты, ал саяси элита бұл соғыстың мән-мағынасы мен беймәлім тұстары туралы әңгімелерден қашқақтай бастады.
Пашевичтің айтуынша, «Қазақстан Ұлы Отан соғысына қатыспауы керек еді» деген ойды таратуға тырысқан жандар егемен Қазақстан тарихында да болған. Ал кейбір шенеуніктер совет-ауған соғысы ардагерлеріне «сендерді соғысқа біз жіберген жоқпыз» дегенді талай рет ашық айтқан.
- Мұндай адамдар неміс ұшақтары Ақтөбеге дейін жеткенін, Қазақстанға неміс диверсанттар түскенін білмейді. Ұлы Отан соғысына деген көзқарас біртіндеп өзгерді, ал совет-ауған соғысына деген көзқарас сол күйі түсініксіз болып қалды, - дейді полковник Пашевич.
Ол мұны кездейсоқтық емес, әдейі ойластырылған саясатқа балайды. Оның айтуынша, «Мұндай көрсоқыр әрі зиянды саясаттың түбі жақсылыққа апармайды. Қазақстандықтардың көпшілігі қолдап, құрметтейтін ауған ардагерлерін биліктің бағаламай қойғаны дұрыс емес». Соңғы бірнеше ай бойы Киевтегі наразы халықпен бірге Майдан алаңында тұрған совет-ауған соғысына қатысқан украин ардагерлерін мысалға келтірген Сергей Пашевич «олар халықты, ал халық оларды қолдайды» дейді.
Ақпанның 15-і күні қазақстандық бір топ ауған соғысы ардагері бүкіл пост-советтік кеңістіктегі ауған ардагерлер ұйымы өкілдері жиналатын Мәскеуге аттанбақ. Атақты ардагерлерден жиынға генерал Руслан Аушев пен Ауғанстандағы совет әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Борис Громов қатысады. Мәскеуге жиналып жатқан Сергей Пашевич «ауған» ардагерлерінің тұрмыс-тіршілігі туралы ашық әңгіме болады дейді.