Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньминь қаласында пышақпен жасалған шабуылдан кем дегенде 29 адам қаза тапқан.
Қытайдың «Синьхуа» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 130 адам жараланған. Билік мұны «ұйымдастырылған теракт» деп бағалады.
Ақпараттар бойынша, қара киінген адамдар «Куньминь» теміржол вокзалына кіріп, адамдарды пышақтай бастаған. Полиция олардың төртеуін атып тастаған. Қалған шабуылшылар іздестіріліп жатыр.
Қытай басшысы Си Цзиньпин инцидентті мұқият тексеруді тапсырды.
Куньминь қаласының жергілікті билігі шабуылға негізінен этникалық ұйғырлар мекендейтін "Шыңжаң аймағы содырларының қатысы бар" деген болжам жасап отыр.