«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) полиция тұтқындаған қызметкері Людмила Зоринаны келесі күні қамаудан шықты. Бірақ ол содан бері жұмысына келмеген. ҮЕҰ басшысы Бақыт Түменованың айтуынша, Людмила қатты науқастанып қалған.
ЕРКІНДІККЕ ШЫҚТЫ - СТАТУСЫ БЕЛГІСІЗ
Наурыздың 11-і күні Алматы қаласы қаржы полициясы қызметкерлері «Аман-саулық» ҮЕҰ кеңсесіне тінту жүргізгеннен кейін Людмила Зоринаны қамауға алған. Олар «Аман-саулық» ҮЕҰ-ы заңсыз жолмен келген ақшаны пайдаланды» деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.
Зоринаның процессуалдық статусы туралы қаржы полициясы департаменті тергеушісі Руслан Миров та, адвокат Сергей Ярошенко да Азаттыққа ақпарат беруден бас тартты. Айып тағылмағандықтан, Людмила Зоринаны уақытша қамау абақтысынан босатқаны ғана белгілі.
Ұйым жетекшісі Бақыт Түменованың айтуынша, полиция кеңсенің басқа қызметкерлерін тұтқындамаған. Ал Қазақстандағы оппозициялық қозғалыстың 65 жастағы ардагері, мамандығы дәрігер Бақыт Түменова бұл іс бойынша куәгер ретінде тергелмек.
Алматы қаласы қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жақсылық Жақыбаевтың айтуынша, қылмыстық іс «Аман-саулық» пен оның қызметкерлеріне емес, «заңсыз жолмен алынған ақшаны пайдалану фактісі» бойынша қозғалған.
- Сондықтан «Аман-саулық» қызметкерлері осы іс бойынша куәгер ретінде ғана тергелді, - дейді Жақсылық Жақыбаев.
ТІНТУДЕН КЕЙІН
Наурыздың 11-і күні «Аман-саулық» ҮЕҰ кеңсесінде қаржы полициясы жүргізген тінтуден кейін олар ұйым құжаттары мен техникасын алып кеткен. Құжаттар мен техниканы полиция әлі қайтарып бермеген, бірақ ұйым жұмыс істеп жатыр.
- Жоспарлаған жобаларымыз бар, соларды орындап жатырмыз. ҮЕҰ қызметкерлері жеке ноутбуктарын әкеліп, жұмысқа пайдаланып жүр, - деп түсіндірді жобалар менеджері Татьяна Бажова.
«Заңсыз жолмен алынған ақшаны пайдалану фактісі» бойынша қозғалған іс бойынша Татьяна Бажова да куәгер ретінде тергеледі. Бірақ ұйым жетекшісі Бақыт Түменова бұл қиындықтан шығамыз деп сенеді.
- Былтыр да осындай қысым көрсеткен. Қирап қалған жоқпыз, мойымадық. Бірақ ол кезде ҰҚК қызметкерлері тінту жүргізуге келгенде кеңседе қызметкерлердің ешқайсысы болған жоқ. Тінту жүргізуге келгендерден бұл жолғыдай психологиялық қысым көрген жоқ. Қазір қаржы полициясы мен салық инспекциясының екіжақты тексеруіне тап болып, жағдайымыз қиын болса да, бұл жолы да аман-есен құтыламыз деп ойлаймын, - дейді ол.
Оның айтуынша, құзырлы органдардың 2007 жылдан бері жұмыс істейтін «Аман-саулық» ҮЕҰ қызметіне шүйлігетін өзіндік себебі бар. Ұйым жаппай жемқорлық жайлаған кландық билік пен Қазақстандағы авторитарлы режимнің кемшіліктерін жиі сынайды. «Аман-саулық» ұйымы халық денсаулығына қатысты жобалармен басқа ҮЕҰ-лармен салыстырғанда көбірек айналысады.